Үшеуі ғұсылда, төртеуі таһаратта, және де төрт парыз таямумда,-деп
бастаған діни
тақырыпты одан әрі өрбітеді, кей парыз қалай орындалады, ғұсыл деген не, таһрат деген
не екенін түсіндіреді.
Тұтастай алғанда Н. Наушабаев мұрасы өз заманына озық ойларымен, бүгінгі
күнмен өзектес ой-армандары жырлай білгендігімен бағалы.
Ақынның жетістігі сол
заманның өзінде-ақ мəңгі өлмес құнды тақырыптарды дəл тауып, жырлай
алғандығында. Сондықтан оның шығармалары халық халық жүрегіне сыналап кіріп,
салмақты орын алған.
Қорыта келгенде, шығармаларында адамды білімділікке, игі іс-əрекетке, адал
болуға, ұлтқа қызмет етуге үндейтін əрі бұның бəрін діни таным тұрғысынан
тұжырымдайтын Нұржан Наушабайұлы – қазақ əдебиетінде алар орны, шығар
биігі бар ерекше ақын. Сондықтан діни – ағартушы бағытының көрнекті өкілінің
мұрасын зерттеу, шығармаларының сан қырлы танымбіліктік
сырларын анықтап
тағылым алу ісі енді қарқын алып, жалғасын таба бермек.
Нұржанның діншілдігінің тағы бір себебі – ғасыр басындағы қазақты
шоқындыруға, христиан дінін таратуға бағытталған саясатқа қарсылығында
жатқан секілді. Санасы сергек, ойы озық жан қашанда төніп келе жатқан қатерді елден
ерекше сезіп, алдын алары белгілі.