Наушабаев Нұржан (1858-1919) Наушабаев Нұржан


Арзан мен қымбаттың, Бағасының бір болып, Қатар жүрген заман-ай!



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата05.03.2023
өлшемі206,33 Kb.
#71672
1   2   3   4   5
Байланысты:
Н.Наушабаев

Арзан мен қымбаттың, Бағасының бір болып, Қатар жүрген заман-ай!
Қыран құстай қыр аспай, Қарға кіріп қатарға, Қуды ілген заман-ай! 
Тұлпар кірмей дүбірге Мәстек шауып бәйге алып, Озып жүрген заман-ай! 
Жүн жібекке теңеліп Асыл барқыт, берендер Тозып жүрген заман-ай! 
Қарап тұрсаңыз Нұржанның сол кездегі айтқан сөздері дəл бүгінгі күнге тура келіп 
отыр. Дәл қазіргі қазақ қоғамындағы дарынды мен білімділердің есікке ысырылып, 
ақшасы 
мен «жоғарыда» 
танысы 
барлардың 
төрге 
озған 
заманы 
среттелген. Сондықтан Нұржан шығармалары да әлеуметтік мәселелерді қамтып 
жырлау жағынан қазақ әдебиеті тарихында маңызды орын алады. 
Нұржанның тақырыбы жағынан сан алуан өлеңдерінің негізгі айтар ойының бірі 
– адам, дəлірек айтқанда, оның адамдық қадір-қасиетіне байланысты. Ол адам 
бойындағы орнықты мінез, ар, намыс, әділдік сияқты қасиеттерді дәріптейді. Ал бірде 
жақсы мен жаманды қатар алып суреттей отырып дидактикалық тағылымдарды алға 
тартады. Нұржанның адамдық, әділдік жағындағы өлеңдері өзі өмір сүрген кезі мен 
әлеуметтік қоғам ортасындағы шындықты нанымды бейнелеген. Қоғамдағы шындықты 
жырлай отырып, уақыт ағымына үлес қосады. Ақын шығармаларын оқи отырып
ақынның болмысын танимыз, ақынның өзі өмір сүрген қоғамдағы алар орнын көреміз. 
Себебі, «Ақынның өз тұлға бейнесі оны тебіренткен ой сезімдерінен, айтылып, 
баяндалып отырған өмірдегі алуан түрлі жағдайда, қоғамдық мәселелерге, адамның әр 
түрлі іс-әрекетіне оның қатынасынан, берген бағасынан айқындала түсіп, жан-жақты 
толық көрініс табады» деген тұжырым бұл ойымызды бекіте түседі. 
Қалай дегенде де, Нұржан шығармашылығының басты жемісі діни 
тақырып. Ақын өлеңдерінің өзегі айтар ойы осыған келіп саяды, көтерілген көптеген 
өзекті мәселелерден дін, Ислам тақырыбы оқ бойы озық тұрады. Нұржан дінге, жалпы 
дүниеге, өнер мен өлімнің арақатынасына диалектикалық тұрғыдан қараған ақын. 
Ислами білім жетік болғанымен, ақын дінге соқыр сеніммен, ессіз фанатизммен 
берілмейді. Дінге қатысты өлеңдерінде «Құран Кәрімнің» маңызын, қадір қасиетін 
толық түсіндірген ақын мұсылманның парыз-уәжіптеріне де талдау жасайды, әрі ол 
мұсылманның қырық парызын жеке-жеке талдап көлемді «Қырық парыздың баяны» 
деген өлең жазады. Профессор Қ. Жұмалиев Нұржан шығармашылығындағы Ислам 
мәсеелерін сөд ете келіп: «Нұржан Наушабаев бұл мәселені Əбубәкірден гөрі 
тереңдетіп, «Қырық парыздың» әрқайсысына жеке тоқтап, оның мәні мен тұтыну 
жолдарын өлеңмен үгіттеді» деген бағылы пікір айтады. Ақын «Қырық парыздың» 
мақсатын талдай келіп: 
Əуелі иман, ораза, намаз, зекет, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет