12
Білімді толық меңгеру теориясы
Б.Блумның білімді толық меңгеру теориясы (Learning for mastery, 1970)
жақсы оқитын оқушы мен нашар оқитын оқушы нәтижелерінде 90%
айырмашылық болатынын түсіндіретін негізгі үш факторды анықтайды.
Бірінші фактор оқушылардың жаңа тапсырмаларды шешуді меңгеріп, оқу
үдерісіне бейімдей алатын түрлі білімі мен қабілеттерін
диагностикалауды
болжайды. Бұл нәтижелердің қорытынды айырмашылығын 50%-ға дейін
қысқартуға мүмкіндік береді.
Екінші фактор болашақта оқуды ынталандыруға
ерекше әсер ететін,
алғашқы келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған эмоционалдық қолдау
көрсетуді болжайды. Нәтижесінде жетістік қорытындысының айырмашылығын
25%-ға дейін қысқарту мүмкін болады.
Үшінші фактор оқу ортасы мен уақытты есепке ала отырып, оқу үдерісін
ұйымдастыру кезінде жеке қолдау мен марапаттауды ұсынады.
Осылайша,
қорытынды нәтиженің 25% ерекшелігі қысқаруы мүмкін.
Білімді толық меңгеру теориясы жиынтық бағалау кезінде балдарды
есептеу әдістемесі мен баға қою механизмін
анықтаудың негізі болып
табылады. Тоқсандық жиынтық бағалау мен бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалаудағы балдардың түрлі әсер етуі
тоқсанның соңына дейінгі
қорытынды бағаны жақсартуға мүмкіндік береді.
Тоқсан барысында оқушылар алғашқы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық жұмыста төмен балл алса, онда
қорытынды нәтижені жақсарту
мүмкіндігі сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: