Осыған дейін меңгерілген білім
Шамалар туралы білу, шамаларды бір бірлік өлшемідерінен өзге бірлік өлшемдеріне көшіре алу. Көпбұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш анықтамаларын және олардың элементтерін білу. Үшбұрыштар және төртбұрыштардың түрлерін ажырата алу. Үшбұрыш қабырғасына түсірілген биссектриса, биіктік, медиана және орта перпендикуляр анықтамаларын білу. Үшбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңберлер анықтамаларын және олардың центрлерінің орналасуын білу. Квадрат пен тік төртбұрыш ауданының формулаларын
қолдана алу
|
Оқушылар:
үшбұрыш ауданының формулаларын қорытады және оларды қолданады;
төртбұрыштардың аудандарының формулаларын қорытыпшығарады және оларды қолданады;
есептер шығаруда үшбұрыш медианасының қасиеттерін біледі және қолданады.
|
Оқушылар:
фигуралар аудандарының формулаларын ауызша тұжырымдайды;
формулаларды түсінгенін тексеру үшін сұрақтарды тұжырымдайды;
- фигуралар аудадандарының формулаларын қорытуды түсіндіреді;
есептердің шешімдерінің қадамын сипаттайды, соның ішінде үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңбердің радиусын табуда.
|
шама, өлшем бірліктері;
ауданы, ұзындығы, ені;
периметр, жарты периметр;
жай фигура, жазық фигура;
тең шамалас, тең құрамдас, тең фигуралар;
көпбұрыш ауданы;
үшбұрыш ауданы;
төртбұрыш ауданы;
параллелограмм ауданы;
квадрат ауданы;
тіктөртбұрыш ауданы;
ромб ауданы;
трапеция ауданы;
Герон формуласы.
|
үшбұрыш/квадрат/тіктөртбұрыш/
/параллелограмм/ромб/трапецияның ауданын анықтау үшін ... қажет
үшбұрыш ауданын есептеу үшін ... қажет
... формуланы қолдану үшін қажет.
егер квадраттың қабырғасын k есе қысқартса, онда ауданы … .
тең шамалас бөліңдер.
үшбұрыш медианасы үшбұрышты тең шамалас … бөледі.
|