Трапеция, оның түрлері мен қасиеттері.
Трапеция мен үшбұрыштың орта сызықтары
|
8.1.1.11
трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу;
|
Оқушыларға төртбұрыштың әр түрлі түрлері бар (параллелограмдар, ромбылар, квадраттар, тіктөртбұрыштар, трапециялар және кез келген төртбұрыштар) үлестірмелер таратыңыз. Оларға 4-5 адаммен топта оны түрі бойынша классификациялауды ұсыныңыз. Өзінің классификациясын түсіндіреді.
Талқылау барысында төртбұрыштың қандай түрінің трапеция болатынын оқушыларға түсіндіру керек. Трапецияның анықтамасын тұжырымдауды ұсыныңыз.
Трапецияның қабырғаларының атын айтыңыз, трапецияның түрлерін көрсетіңіз (теңбүйірлі және тікбұрышты).
Трапецияны түсіну және есеп шығару дағдыларын қалыптастыру үшін оқушыларға есеп мәтініне сәйкес сызбасын салу жұмысын шағын топтарда орындауды ұсыныңыз (салу есептеріне жатпайды). Ол үшін мынадай үлестірмелер қолданыңыз, мысалы:
Үлестірме №1.
Кіші табаны бүйір қабырғасына тең болатын тең бүйірлі трапеция салыңыз, үлкен табанына биіктік жүргізіңіз.
Үлестірме №2.
Табанындағы сүйір бұрышы 450 болатын тік бұрышты трапеция салыңыз, одан кіші табанына биіктік түсіріңіз.
Үлестірме №3.
Табанындағы сүйір бұрыштары 450 және 600 болатын кез келген трапеция салыңыз, кіші және үлкен табандарына биіктік жүргізіңіз және т.с.с.
Трапецияның қасиеттерін қолдану дағдысын қалыптастыру барысында (теңбүйірлі және кез келген), үш оқушыға топтасып мәтіндік есеп шығаруды ұсыныңыз, олар берілгендерді трапеция туралы әр түрлі есептерді шығару арқылы алады. Мысалы:
|