8.1.1.5
параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану;
Параллелограмның белгілерін қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін
«Детективтік агенттігі» дидактикалық ойынын, «Параллелограмм ізделінеді» операциясын ұйымдастырыңыз.
Оқушылар бірнеше топқа біріктіріледі, «айғақтар тізімін» алады (төртбұрыш түрлерінің анықтамалары мен параллелограмм белгілерін қолдану есептерінің ресурстары).
Мысалы:
Диагоналдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінетін төртбұрыш.
Екі қабырғасы тең және параллель төртбұрыш.
Қарама - қарсы қабырғалары тең болатын төртбұрыш.
Әрбір көршілес екі қабырғаларының сыртқы бұрыштарының қосындысы тең және 1800тең.
Әрбір «іздеушілер» тобы өз шешімдерін постерге жазады, жұмыс аяқталған соң өздерінің «зерттеулерін» басқа оқушыларға көрсетеді.
Т
Геометрия. 7-9 классы : учеб. для общеобразоват. учреждений
/ [Л. С. Атанасян, В. Ф. Бутузов,
С. Б. Кадомцев
и др.]. – 20-е изд. – М.: Просвещение, 2010. – 384 с.
ISBN 978-5-09-023915-8, 138-
139 бет.
8.1.1.6
тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару;
Оқушыларды «Ромб», «Тіктөртбұрыш», «Квадрат» топтарына біріктіріңіз. Әрбір топ оқушылары өздерінің топтарының атауындағы фигураның анықтамасын тұжырымдау керек, олардың белгілерін және қасиеттерін сипаттайды. Жұмыстарын аяқтаған соң оқушылар өздерінің жұмыстарын көрсетеді. Оқушылар жұмысын қорытындылай келе, материалды бекіту үшін оқушыларға параллелограмның дербес түрлері мен олардың қасиеттері туралы бірыңғай анықтамалық конспект ұсынуға болады.
Есептер шығару дағдысын қалыптастыру үшін оқушыларға «Автобус аялдамасы» жұптық дидактикалық ойынын ұсыныңыз. Ол үшін сыныптағы парталарды қала үлгісінде орналастырыңыз. Әрбір партаға аялдама атын қойыңыз. Мысалы: «Ромбының бұрыштары»,
«Тіктөртбұрыштың диагональдары», «Ромбының диагональдары»,
«Квадраттың қабырғалары», «Периметр» және т.с.с. Әрбір аялдаманың атына сәйкес есептер дайындаңыз. Мысалы: «Ромбының бұрыштары» аялдамасына есеп: «Егер ромбының бір диагоналы оның қабырғасымен
200бұрыш жасаса, онда ромбының бұрыштарын табыңыз». Сабақ басында оқушылар өздерінің қозғалыс бағытын (маршрут) таңдайды, өздерінің қозғалыс бағыты бойынша аялдамадан аялдамаға келген кезде сәйкес тапсырманы орындайды, шешімін «жауаптар парағына» жазады. Қозғалыс аяқталған соң оқушылар «жауаптар бетшесін» бағалау үшін мұғалімге (немесе бақылаушыға) тапсырады. Егерде ойын жарыс
түрінде болса, онда қай топта ұпай көп болса, сол топ жеңеді. Ұпайлар