Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Ақпарат көздерін салыстыра сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Топырақ не үшін қажет? Сұрақтың жауабын 2 түрлі тәсілмен анықта.
1.
Ғаламторды пайдаланып, топырақ туралы мақалалармен таныс.
2.
Сыныптастарыңнан, үлкендерден сұрау арқылы ақпарат жинақта.
•
Жинақтаған ақпараттарды кестеге жаз.
Ғаламторды қолдану
Сауалнама арқылы
•
Деректер жинауға көмектескен ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктері
туралы айт.
Дескриптор
Білім алушы
-
ақпарат көздерінің артықшылығын атайды;
-
ақпарат көздерінің кемшілігін сипаттайды.
44
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты
3.1.2.3
Экспериментті жоспарлау және жүргізу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Жоспар құрып, тәжірибе жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өсімдік үшін топырақтың түрі қандай рөл атқарады? Сұраққа жауап табу үшін тәжірибе
жасап көр.
Қажетті құралдар:
құнарлы топырақ, сазды топырақ, топырақ салатын 2 ыдыс, картоп
немесе басқа өсімдіктің тұқымы.
Тәжірибе:
Ыдыстардың біреуіне құнарлы, екіншісіне сазды топырақ салып, картоптың тұқымын
отырғыз. Ыдыстарды жарық мол түсетін, жылы жерге қойып, бір мезгілде, бірдей мөлшерде
суарып тұру қажет. Екі-үш апта бойы бақылап, өсімдіктің қай топырақ салынған ыдыста
жақсы өсе бастағанын анықта.
Тәжірибе жасамас бұрын жоспар құрып ал.
Жоспар:
1.
__________________________
2.
__________________________
3.
__________________________
Дескриптор
Білім алушы
-
тәжірибе жоспарын құрастырады;
-
жоспарға сәйкес тәжірибе жасайды.
45
|