Бөлімше: 5.5 Электрлік
Оқу мақсаты
3.5.5.3
Қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете
отырып, сызба түрінде ұсыну
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Қарапайым электр тізбегінің сызбасын жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген шартты белгілерді пайдаланып, қарапайым электр тізбегінің сызбасын бейнелеп
көрсет.
Дескриптор
Білім алушы:
-
қарапайым электр тізбегінің сызбасын сызады.
65
Бөлімше: 5.6 Магниттілік
Оқу мақсаты
3.5.6.1 Магнит көмегімен әртүрлі металдардың магниттелу
қасиетін зерттеу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Әртүрлі металдардың магниттелу қасиетін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Заттар магниттік қасиетке ие болу үшін не істеу керек? Қарапайым тәжірибелер жасай
отырып, заттарды магниттеп көр.
Қажетті материалдар
: магнит, қағаз қыстырғыштар, шеге/ ине/ түйреуіш
1-
тәжірибе
1)
Магнитті жеке тұрған қағаз қыстырғышқа жақындат. Ол магнитке тартылды ма?
2)
Енді оларды басқа қағаз қыстырғыштарға кезекпен жақындатып көр. Не байқадың?
Қағазқыстырғыштар неліктен бір-біріне тартыла бастады?
3)
Енді магнитті алып таста. Не болды? Қағаз қыстырғыштар неліктен шашылып
қалды?
2-
тәжірибе
1)
Шегені/ инені/ түйреуішті бірнеше минут бойы бір бағытта магнитке ысқыла.
2)
Содан соң оны қағаз қыстырғышқа жақындат. Не байқадың? Қағазқыстырғыш
затқа тартылды ма? Неліктен?
•
Тәжірибенің нәтижесі бойынша қорытынды жаса.
Дескриптор
Білім алушы:
-
тәжірибе барысында байқалған үдерісті сипаттайды және түсіндіреді;
-
тәжірибе нәтижесі бойынша қорытынды жасайды.
66
|