Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты
3.1.2.3
Экспериментті жоспарлау және жүргізу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Жоспар құрып, тәжірибе жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өсімдік үшін топырақтың түрі қандай рөл атқарады? Сұраққа жауап табу үшін
тәжірибе
жасап көр.
Қажетті құралдар:
құнарлы топырақ, сазды топырақ, топырақ салатын 2 ыдыс,
картоп
немесе басқа өсімдіктің тұқымы.
Тәжірибе:
Ыдыстардың біреуіне құнарлы,
екіншісіне сазды топырақ салып, картоптың тұқымын
отырғыз. Ыдыстарды жарық мол түсетін, жылы жерге қойып, бір мезгілде, бірдей мөлшерде
суарып тұру қажет. Екі-үш
апта бойы бақылап, өсімдіктің қай топырақ салынған ыдыста
жақсы өсе бастағанын анықта.
Тәжірибе жасамас бұрын жоспар құрып ал.
Жоспар:
1.
__________________________
2.
__________________________
3.
__________________________
Дескриптор
Білім алушы
-
тәжірибе жоспарын құрастырады;
-
жоспарға сәйкес тәжірибе жасайды.
45