Название документа: дфл


РАСТАУЛАР МЕН КЕПІЛДІКТЕР



бет15/27
Дата30.03.2023
өлшемі171,16 Kb.
#77825
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
РАСТАУЛАР МЕН КЕПІЛДІКТЕР

  1. Лизинг алушы растамалар мен кепілдіктер береді, сондай-ақ Лизинг беруші растамалар мен кепілдіктер деректерінің негізінде Шарт жасасқанын мойындайды:

  1. Лизинг алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және әрекет ететін (немесе Лизинг алушы тіркелген мемлекет көрсетіледі), Шарт пен Қамтамасыз ету жөніндегі құжаттарды жасасуға және орындауға құқылы заңды тұлға/жеке кәсіпкер болып табылады. Лизинг алушы мемлекеттік органдардан немесе үшінші тұлғалардан, сондай-ақ Лизинг алушының Құзыретті басқару органдарынан, оларды алу Шарт пен Қамтамасыз ету жөніндегі құжаттарға қол қою және орындау үшін қажет, барлық өкілеттіктерді, келісулерді, рұқсаттарды алды;

  2. Лизинг алушыға қатысты тарату, банкроттық, басқаруға беру немесе қайта ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар қабылданбайды. Лизинг алушыға, оның мүлкіне және (немесе) табыстарына қатысты не басқару органының және (немесе) атқарушы органның мүшелеріне қатысты не Лизинг алушының акционерлеріне/қатысушыларына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе өзге де қолданылатын құқыққа сәйкес сот талқылауы басталмаған және болжанбаған;

  3. Лизинг алушы жасалған шарттар бойынша, Лизинг алушының қаржы-шаруашылық қызметіне және тиісінше Лизингтік мәмілені іске асыруға теріс әсер етуі мүмкін, мүліктік құқықтарға қатысты міндеттемелерді бұзбайды;

  4. соңғы қаржылық есептілік бухгалтерлік есеп туралы __________ заңнамасының талаптарына сәйкес дайындалды (Лизинг алушы тіркелген мемлекет көрсетіледі), және Лизинг алушыда қаржылық есептілікте ашылмаған қандай да бір (шартты немесе өзге де) міндеттемелер жоқ;

  5. Лизинг алушы Қазақстан Республикасының заңнамасын немесе өзге де қолданылатын құқықты, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы тиісті түрде сақтайды;

  6. Лизинг алушы өзі тарабы болатын Шарт және Қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар бойынша өз міндеттемелеріне қатысты азаматтық заңнаманың дербес субъектісі болып табылады, және Лизинг алушыға немесе оның мүлкіне тәуелсіз иммунитет (немесе өзге түрдегі иммунитет), кез келген айыптау, талап-арыз, соттық орындау, тыйым салу, есепке жатқызу қолданылмайды;

  7. Лизинг алушы Лизинг берушіге ұсынған барлық ақпарат шынайы және толық болып табылады, Лизинг берушіге ашылмаған және олар ашылған жағдайда Лизинг берушінің, оның ішінде Лизинг нысанасын Лизинг алушыға беру туралы шешіміне әсер етуі мүмкін қандай да бір мән-жайлар жоқ;

  8. Лизинг алушы Лизингтік мәмілені іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Лизинг берушінің ішкі актілеріне сәйкес Лизинг берушіге қаржыландыру тыйым салынған қызметті жүзеге асырмайды және жүзеге асыруды жоспарламайды;

  9. Лизинг алушының Шартқа қол қоюы және Лизинг нысанасын алуы Лизинг алушы қабылдаған қандай да бір талаптарды, ережелерді, ковенанттарды және өзге де міндеттемелерді, оның ішінде Лизинг алушы кредит желілерін ашу туралы жасасқан келісімдерді, банктік қарыз шарттарын, кепілдік шарттарын және үшінші тұлғалармен басқа да осындай шарттарды бұзбайды.

    1. Шарттың жоғарыда 13.1-тармағында аталған Лизинг алушының барлық растамалары мен кепілдіктері Шарттың барлық қолданылу мерзімі ішінде әрбір күні қайталанатын болып есептеледі.

    2. Лизинг алушы осы бапта көрсетілген мән-жайлардың кез келгені басталған кезден бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде бұл туралы Лизинг берушіні жазбаша хабардар етуге міндетті.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет