Название документа: дфл


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЕСКЕРТПЕ



бет16/27
Дата30.03.2023
өлшемі171,16 Kb.
#77825
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЕСКЕРТПЕ

14.1. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Тараптар, олардың қызметкерлері, үлестес тұлғалар:
1) қандай да бір заңсыз артықшылықтарды немесе өзге де заңсыз мақсаттарды алу мақсатында осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға ақшаны немесе құндылықтарды тікелей немесе жанама түрде төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді;
2) Шарт мақсаттары үшін қолданылатын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен сараланатын әрекеттерді сыбайлас жемқорлық, оның ішінде пара беру/алу, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін теріс пайдалану, коммерциялық сатып алу, сыбайлас жемқорлық ретінде жүзеге асырмайды;
3) Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың жұмыскерлерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшаны, құндылықтарды тікелей немесе жанама түрде, кез келген нысанда, оның ішінде сыйлықтар түрінде беру, кез келген тұлғаларға құқықтар, мүлік беру, олардың атына жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) өтеусіз орындау арқылы және осы тармақта аталмаған басқа да тәсілдермен, жұмыскерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және осы жұмыскердің оны ынталандыратын тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған ынталандырудан бас тартады. Қызметкердің ынталандырушы Тараптың пайдасына жүзеге асырылатын әрекеттері деп келесілер түсініледі:
a) басқа контрагенттермен салыстырғанда негізсіз, заңсыз артықшылықтар беру және өзіне немесе үшінші тұлғаларға пайда табу;
б) қандай да бір кепілдіктер беру;
в) қолданыстағы рәсімдерді жеделдету;
г) қызметтік жалғандық, немқұрайлылық, қызмет бойынша әрекетсіздік;
д) жұмыскер өзінің лауазымдық міндеттері шеңберінде орындайтын, бірақ Тараптар арасындағы өзара қарым-қатынастардың айқындығы мен ашықтығы қағидаттарына қайшы келетін өзге де әрекеттер.



  1. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    1. Шартқа қолданылатын құқық Қазақстан Республикасының құқығы болып табылады.

    2. Шартты орындауға байланысты даулар туындаған жағдайда Тараптардың кез келгені оларды келіссөздер жолымен реттеу үшін шаралар қабылдайды. Егер даулар келіссөздер жолымен шешілмесе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше тікелей көзделмесе, даулар Лизинг берушінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта шешілуге жатады.

    3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Лизинг алушының бастамасы бойынша Лизинг нысанасын қайтаруға жол берілмейді.

    4. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша ресімделген, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған және олардың мөрлерімен бекітілген (егер олар көзделген жағдайда) жағдайда жарамды, Лизинг берушінің Тараптар айқындаған Шарт талаптарын біржақты өзгерту жағдайлары ерекшелік болып табылады.

    5. Шартты біржақты тәртіппен өзгерту мынадай түрде жүзеге асырылады:

- Лизинг беруші Лизинг алушыға Лизинг беруші өзгертуді ұсынған шарттарды және олардың акцептін мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын шарттарды көрсете отырып, Шарт талаптарын өзгерту қажеттілігін туғызған мән-жайлар туралы хабарлама (оферт-хат) жібереді. Қажет болған жағдайда, оның ішінде Шартқа қосымша келісімнің дайындалған жобасы қол қоюға жіберіледі;
- Лизинг алушы оферт-хатта көрсетілген мерзім ішінде осы оферт-хатта жазылған жаңа шарттарды, қабылдау фактісін жазбаша растап және Шартқа қосымша келісімге қол қойып (оны Лизинг беруші қол қоюға жіберген жағдайда), акцептейді;
- егер Лизинг беруші осы тармаққа сәйкес жіберілген оферт-хатта көрсетілген мерзім ішінде Лизинг алушыдан жазбаша растауды немесе жаңа шарттарды қабылдауға қатысты негізделген бас тартуды алмаса, онда шарттар Лизинг алушы қабылдаған және Лизинг беруші Лизинг алушыға оферт-хатты жіберген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні өткеннен кейін күшіне енген болып есептеледі, ал Лизинг алушының жаңа шарттарды қабылдаудан жазбаша бас тартуын алған жағдайда, Лизинг беруші Лизинг алушыдан Дефолт хабарлана отырып, Шарт бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды талап етуге құқылы.

    1. Тараптар Шарт шеңберінде жөнелтетін хат-хабар, қарау үшін Шартқа сәйкес өзге тәртіп көзделген хабарламаларды және (немесе) құжаттарды қоспағанда, оны Тараптар алған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады. Бұл ретте жіберілетін хат-хабар жазбаша нысанда беріледі, оған уәкілетті тұлғалар қол қоюы, сондай-ақ мөрмен расталуы және (немесе) ұйымның фирмалық бланкісінде орындалуы тиіс.

    2. Хат-хабар келесі күннен бастап тиісті түрде алынған болып есептеледі:

  • Тараптың кеңсе/іс жүргізуші белгілеуі;

  • - алу туралы хабарламаны алғаннан кейін немесе ол пошта не курьерлік байланыс арқылы жіберілген кезде, Шартта көзделген мекенжай бойынша тиісті Тарапқа жолданған конвертте почтаға/курьерге тапсырылғаннан кейін 5 (бес) күнтізбелік күннен кейін.

    1. Шартта көрсетілген Тараптардың кез келгенінің мекен-жайлары мен деректемелері өзгерген жағдайда тиісті Тарап екінші Тарапқа жазбаша хабарлауға тиіс. Мұндай хабарлама болмаған кезде Шартта көрсетілген мекен-жайлар мен деректемелер бойынша жіберілген хат-хабар тиісті түрде алынған болып есептеледі.

    2. Лизингтік мәмілені іске асыру барысында тараптар факсимильді байланыс (құжаттың сканерленген көшірмесін электрондық пошта арқылы бір мезгілде жібере отырып) немесе электрондық пошта арқылы ақпараттық сипаттағы хат-хабарларды екінші Тарапқа жібере алады. Бұл ретте жөнелтуші Тарап екінші Тарапқа хат-хабарлардың жіберілуін растауға міндетті. Растау келесі жағдайларда тиісті түрде жүзеге асырылды деп есептеледі:

  • факсимильдік байланыс арқылы - қабылдаушы Тараптың алғаны туралы белгісі бар хат-хабар мәтінін қоса беру не факсимильдік аппараттың тиісті үзіндісінің болуы арқылы;

  • электрондық пошта арқылы - жеткізу/оқу туралы хабарлама алу немесе электрондық хатты алу туралы жауапты хабарлама жіберу.

    1. Шарт жасалды деп есептеледі және Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады.

    2. Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей үш данада жасалды, олардың әрқайсысы түпнұсқа болып саналады және бірдей заңды күші бар, Лизинг беруші үшін екі дана және біреуі Лизинг алушы үшін. Шарттың мәтіндерінде алшақтық болған жағдайда Шарттың орыс тіліндегі мәтіні басым мәнге ие болады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет