Название документа: дфл



бет18/27
Дата30.03.2023
өлшемі171,16 Kb.
#77825
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Пломбалау актісі

нысаны Лизинг берушінің Интернет-ресурсында орналастырылған, Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, Лизинг нысанасының техникалық жай-күйін, ақауларын, оларға қатысты құжаттарды, оның бөліктерін/керек-жарақтарын көрсете отырып, пломбалау күні Лизинг нысанасының саны, сапасы және жиынтықтылығы бойынша ақпаратты қамтитын құжат. Пломбалау актісін Лизинг нысанасын пломбалау мақсатында жүзеге асырылатын іссапар барысында Лизинг алушы мен Лизинг берушінің өкілдері жасайды және қол қояды. Қажет болған жағдайларда: Лизинг алушы бас тартқан, шеттетілген, өзін-өзі таратқан, болмаған кезде пломбалау актісі Лизинг мәмілесінің ерекшеліктеріне және жасалған шарттарына байланысты Лизинг алушының қатысуынсыз жасалады. Шартқа қол қою арқылы Лизинг алушы танысқанын және Лизинг берушінің Интернет-ресурсында орналастырылған талаптарда және нысан бойынша Пломбалау актісіне қол қоюға міндеттенгенін растайды.

Қарау актісі

нысаны Лизинг берушінің Интернет-ресурсында орналастырылған, Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, олардың техникалық жай-күйін, ақаулардың, кемшіліктердің, олардың бөліктерінің/керек-жарақтарының болуын/болмауын, қарап тексеру күніне оларға қатысты құжаттарын көрсете отырып, Лизинг және/немесе Кепілмен қамтамасыз ету заттарының саны, сапасы және жинақтылығы бойынша ақпаратты қамтитын құжат. Тексеру актісінде Лизинг алушының міндеттемелері жоқ және Лизинг алушының қатысуынсыз Лизинг берушінің өкілі/-дері Лизинг және/немесе кепілмен қамтамасыз ету нысаналарының техникалық жай-күйін және нысаналы пайдаланылуын мониторингілеу мақсатында жүзеге асырылатын іссапардың қорытындылары бойынша жасайды. Шартқа қол қоюмен Лизинг алушы Лизинг берушінің Интернет-ресурсында орналастырылған талаптарда және нысан бойынша Лизинг нысанасын Қарау актісінің нысанымен танысқандығын растайды.

Лизингке беру актісі

Лизинг беруші, Лизинг алушы және (немесе) Лизинг нысанасын Сатушы қол қоятын, САСШ-ның ажырамас бөлігі болып табылатын, Лизинг берушінің Лизинг алушыға Лизинг нысанасын саны, сапасы және жинақтылығы бойынша, олардың барлық керек-жарақтарымен және оларға қатысты құжаттарымен ақаулары мен кемшіліктерінсіз уақытша иеленуге және пайдалануға беруін растайтын құжат. Егер Лизинг нысанасын беру оны алдын ала монтаждауды, іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуді, мысалы, автокөлікті талап етпесе, онда Лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға беру Қабылдау-беру актісінің негізінде, монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстары қажет болған жағдайларда, Лизинг нысанасын уақытша иеленуге және пайдалануға беру Пайдалануға беру актісінің (іске қосу-реттеу жұмыстары актісінің) негізінде жүзеге асырылады. Лизинг нысанасының ерекшелігіне қарай САСШ шарттарына сәйкес өзге де құжаттар (оның ішінде олардың атауы) белгіленуі мүмкін. Қажет болған жағдайларда Лизингке беру актісіне Сатушының қатысуынсыз қол қойылады және (немесе) Лизинг мәмілесінің шарттары мен ерекшеліктеріне байланысты және шартта айқындалған талаптар негізінде Лизинг алушыға Лизингке беру туралы хабарлама жіберіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет