Название документа: дфл



бет4/27
Дата30.03.2023
өлшемі171,16 Kb.
#77825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Договор финансового лизинга (типовая форма qaz)

ЛИЗИНГТІК ТӨЛЕМДЕР

  1. Лизинг алушы Лизинг нысанасын нақты иеленуіне және пайдалануына қарамастан Шарттың барлық қолданылу мерзімі ішінде Лизинг берушіге уақтылы алуға соңғысы Шарт бойынша құқығы бар тұрақты мерзімді лизингтік төлемдерді төлеуге міндеттенеді. Бұл ретте Шарт жасалған күннен бастап алғашқы 12 (он екі) айда Лизингтік төлемдердің мөлшері түпкілікті құнның 50% - ынан (елу) аспауға тиіс.

  2. Лизинг алушының қатысуы Шарттың № 2 қосымшасына сәйкес Шарт жасалған күні көрсетілген алдын ала құндағы әрбір Лизинг нысанасының құнына барабар бөлінеді және тиісінше Лизинг нысанасы бойынша негізгі борышты ол берілген күні және (немесе) егер Шарттың талаптары бойынша Лизинг алушының қатысуы Лизинг нысанасы берілгеннен кейін төленетін болса Лизинг алушының қатысуы түскен күні азайтады.

  3. Лизинг алушы Лизинг нысанасын және (немесе) Негізгі борышты беру күніне дейін Негізгі борыш бойынша Лизингтік төлемдерді өтеу мерзімдерін бұзған кезде Лизинг алушы Лизинг төлемдерін өтеу кестесінде көрсетілген мерзімі өткен Лизингтік төлемнен басқа Лизинг нысаналарын беру күніне дейін мерзімі өткен берешек пайда болған күннен бастап оны нақты өтеу күніне дейін мерзімі өткен Негізгі борышқа/Негізгі борышқа есептелген сыйақыны төлейді.

  4. Шартта көзделген кез келген соманы өтеуді Лизинг алушы Шартта көрсетілген Лизинг берушінің ағымдағы шотына Лизинг алушының тиісті сомаларды аудару жолымен қолма-қол ақшасыз тәртіппен жүзеге асырады (егер Лизинг беруші уәкілетті тұлға қол қойған және Лизинг берушінің мөрі бар ресми хат шеңберінде Лизинг алушыға ағымдағы шоттың өзге де деректемелерін хабарламаса), бұл ретте ақшалай қаражаттың түскен күні олардың көрсетілген ағымдағы шотқа түскен күні болып есептеледі. Артық аударылған ақша қаражаты Лизинг алушыға Лизинг алушының жазбаша сұрау салған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарылады. Егер артық аударылған қаражат сомасы Лизинг алушыға қайтарылмаса, онда қаражат Шарт бойынша келесі берешекті өтеуге ол басталған күні жіберіледі.

  5. Шарт бойынша Лизингтік және өзге де төлемдерді өтеу келесі кезектілікпен жүргізіледі 4:

  1. тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар);

  2. Лизинг алушының қатысуының мерзімі өткен төлемі;

  3. мерзімі өткен Қосымша шығыстар;

  4. лизинг бойынша мерзімі өткен сыйақы сомасы;

  5. Лизинг нысанасын беру күніне дейін мерзімі өткен Негізгі борышқа және (немесе) мерзімі өткен Негізгі борышқа есептелген сыйақы;

  6. мерзімі өткен тіркелген индекстеу;

  7. Негізгі борыштың мерзімі өткен сомасы;

  8. Лизинг алушының қатысу төлемі;

  9. Қосымша шығындар;

  10. Бұзушылық кезіндегі салықтар;

  11. лизинг бойынша сыйақы сомасы;

  12. тіркелген индекстеу;

  13. Негізгі борыш сомасы.

Бұл ретте Лизинг беруші Лизинг берушінің уәкілетті органының шешімімен Лизинг және өзге де төлемдерді өтеу кезектілігін біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы.

    1. Лизинг алушының түпкілікті құнын өтеу есебіне қабылданған қатысуын қоспағанда, Лизингтік төлемдер осындай әрбір жекелеген Лизинг нысанасы құнының түпкілікті құнындағы үлесіне барабар әрбір жеке Лизинг нысанасының құнын өтеуге бөлінеді.

    2. Лизинг беруші Лизинг алушы үшін үшінші тұлғалардан берешекті төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қабылдауға құқылы, бұл ретте Лизинг алушы төлем күніне дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын үшінші тұлғалардың берешекті төлегені туралы Лизинг берушіні хабардар етуге міндетті.

    3. Лизингтік төлемдерді Лизинг алушы Лизингтік төлемдерді өтеу кестесінде көрсетілген мерзімдер басталған күннен кешіктірмей орындауы тиіс. Егер Лизингтік төлемді төлеу мерзімі жұмыс істемейтін күн болып табылса, өтеу одан кейінгі жұмыс күніне ауыстырылады, бұл ретте төлеуге жататын сыйақы қайта есептелмейді.

Лизинг алушы Лизингтік төлемдерді өтеу кестесі бойынша төлем мерзімі басталғанға дейін жұмыс күні жүргізген Лизингтік төлем Лизинг төлемдерін өтеу кестесі бойынша төлем күніне Шарт бойынша міндеттемелерді орындау есебіне жатқызылады.

    1. Лизинг төлемдерін мерзімінен бұрын өтеу Шарттың 5.13-тармағына сәйкес индекстеу коэффициентін ескере отырып, Лизинг берушінің жазбаша келісімімен ғана мүмкін болады5. Негізгі борышты Лизинг алушыға Лизинг нысанасын уақытша иеленуге және пайдалануға берген күннен бастап 36 (отыз алты) айдан бұрын мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, Лизинг алушы Шарт талаптарына сәйкес барлық сомаларды Лизинг берушіге төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындауға міндетті.

    2. Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда не Лизинг беруші үшін қосымша салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу қажеттілігіне әкеп соққан Лизинг алушы іс-қимыл жасаған жағдайда Лизинг беруші қосымша төленетін салықтар және (немесе) төлемдер сомасына Лизингтік төлемдердің сомасын немесе ақшалай міндеттемелердің мөлшерін ұлғайтуға құқылы. Бұл ретте Лизинг алушы Лизинг берушінің талабын алған сәттен бастап Шартта белгіленген мерзімде және уақтылы ұлғайтылған міндеттемелер сомасын төлеуге міндетті. Қосылған құн салығының мөлшердемесін төмендетуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда, Шартта белгіленген лизингтік төлемдердің жалпы сомасы өзгеріссіз қалады.

    3. Тараптар лизингтің барлық мерзімі үшін лизингтік төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құны берілетін лизинг нысанасы құнының 90% - ынан (тоқсан) асатынын анықтады.

    4. Осы бапта және Шарттың басқа баптарында ескерілмеген барлық Лизингтік төлемдерді, Шарт бойынша өзге де төлемдерді есептеу тәртібінің ерекшеліктері және басқа да мәселелер Шартқа № 4 қосымшада көрсетілген.

    5. Лизингтік төлемдер Лизингтік төлемдерді өтеу кестесі бойынша (индекстеу коэффициентін қолданбай жасалған) өтеу күніне не төлем мерзімі өткен жағдайда – нақты төлем күніне белгіленген индекстеу коэффициентіне түзетіледі. Индекстеу коэффициентін есептеу Шартқа № 4 қосымшада көрсетілген Лизинг берушінің әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Шарт жасасқан күнге белгілеген қаржыландыру көзінің валютасына теңгенің ресми бағамы 1 ________ үшін ________ теңге (__________) құрайды. (Қаржыландыру көзінің валютасына (Корт) теңге айырбастаудың орташа алынған бағамы қаржыландыру көзі валютасының бір бірлігі үшін _______ (________) теңге мөлшерінде Шартқа № 4 қосымшада көрсетілген Лизинг берушінің әдістемесіне сәйкес айқындалған. Бұл ретте осы тармақ Лизинг нысаналарын Лизинг алушының иелігіне және пайдалануына Шарттың ажырамас және құрамдас бөлігі болып табылатын Лизингке беру актісінің негізінде соңғы бергеннен кейін көрсетіледі). Лизинг алушы Шарт жасасу кезінде қолданыстағы әдістемемен, сондай-ақ Лизинг берушінің әдістемені бір жақты тәртіппен қайта қарау мүмкіндігімен танысқанын және келісетінін растайды. Лизинг алушыдан Лизингтік төлемдерді өтеу кестесінде көрсетілген күннен бұрын Лизингтік төлемді өтеуге ақша түскен жағдайда индекстеу есебі төлем күні Лизингтік төлемдерді өтеу кестесі бойынша, ал мерзімі өткен берешек болған жағдайда – нақты төлем күні жүргізіледі.6




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет