Название документа: дфл


ЛИЗИНГ МӘНІ, ОНЫҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚҰНЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



бет3/27
Дата30.03.2023
өлшемі171,16 Kb.
#77825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
ЛИЗИНГ МӘНІ, ОНЫҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚҰНЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

  1. Шартта Лизинг нысанасы деп Лизинг беруші Лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға беретін тұтастай барлық мүлік, сондай-ақ оның алдын ала құны мен алдын ала атауы Шартқа № 2 қосымшада көрсетілген әрбір жеке бөлігі (кез келген бүтін сан) түсініледі.

  2. Лизинг алушы Сатушымен Лизинг нысанасының барлық техникалық-экономикалық сипаттамаларын, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, сипаттізімдерде, сапасы мен стандарттарын, Лизинг нысанасының санын, жиынтықтылығын, жеткізу мерзімін және беру орнын, Лизинг нысанасын орнату (монтаждау) және пайдалануға беру мерзімін, Лизинг нысанасын оқыту, кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету бойынша қызмет көрсету тәртібі мен шарттарын келісті.

  3. Лизинг нысанасының түпкілікті құны Лизинг нысанасын Шартқа № 4 қосымшада көзделген тәртіппен Лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берген күні қалыптастырылатын болады. Шарт бойынша Лизинг нысанасының түпкілікті атауы лизингке беру актісінде көрсетілген атауға сәйкес айқындалады. Тараптар Шарттың 4.5-тармағында көрсетілген оқиға басталған не лизингке берудің соңғы актісіне қол қойылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Шартқа № 2 қосымшада көрсетілген Лизинг нысанасының түпкілікті құнын айқындау және (немесе) атауын өзгерту жөніндегі шартқа тиісті қосымша келісімге қол қояды.

  4. Шығындардың ұлғаюына (азаюына), Лизинг алушының қатысуын ұлғайту қажеттігіне, сатып алу бойынша салық сомасының ұлғаюына байланысты болған Лизинг нысанасының алдын ала құны өзгерген жағдайда, Тараптар Лизинг беруші оны жіберген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Лизинг нысанасының алдын ала құнын өзгертуге қатысты Шартқа тиісті қосымша келісімге қол қояды.




  1. САСШ ЖАСАСУ ЖӘНЕ ЛИЗИНГ НЫСАНАСЫН ЛИЗИНГ АЛУШЫҒА УАҚЫТША ИЕЛЕНУГЕ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ ШАРТТАРЫ

    1. САСШ Лизинг алушы келесі шарттарды орындаған кезде Лизинг беруші мен Сатушымен жасалады2:

1) Шарттың 2.2-тармағында көрсетілген мөлшерде және мерзімде Лизинг алушының қатысуын төлеу;
2) Лизинг алушының қатысушыларымен/акционерлерімен үлесті/акцияларды ажыратпау туралы келісім жасасу;
3) егер Шарттың 6.4-тармағының талаптарымен өзге мерзім көзделмесе, қамтамасыз ету жөніндегі құжаттарды ресімдеу;
4) __________ (Уәкілетті органның шешіміне сәйкес өзге де шарттарды көрсету).

    1. Лизинг нысанасы Лизинг берушінің Шартты орындау шеңберінде Лизинг алушыға орындалмаған талаптары болмаған жағдайда Лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға беріледі.

    2. Лизинг берушінің саны, сапасы және жинақтылығы бойынша Лизинг нысанасын уақытша иеленуге және пайдалануға беруі және Лизинг алушының Лизинг нысанасын қабылдауы Лизингке беру актісімен ресімделеді, оған САСШ шарттарында белгіленген тәртіппен және мерзімде Тараптар қол қоюға тиіс.

    3. Лизинг нысанасын Лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға беру мерзімі САСШ- на сәйкес айқындалады.

    4. Лизингке беру актісіне қол қою мерзімдері бұзылған жағдайда, лизинг мерзімі Шарттың 2.9-тармағында көрсетілген орынға Лизинг нысанын кедендік тазарту немесе 3нақты жеткізу күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кейін есептеледі. Егер жеткізудің нақты күнін белгілеу мүмкін болмаса не Лизинг беруші бір жақты тәртіппен лизинг мерзімін есептеуді бастаудың өзге күнін анықтаған жағдайда, мерзім Лизинг алушыға Лизинг беруші тиісті жазбаша хабарлама жіберген күннен бастап есептеледі.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет