Название документа: дфл


ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



бет5/27
Дата30.03.2023
өлшемі171,16 Kb.
#77825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Договор финансового лизинга (типовая форма qaz)

ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  1. Лизинг беруші құқылы:

  1. Лизингтік төлемдерді, қосымша шығыстарды, сондай-ақ шығындарды өтеуді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, өзіне тиесілі төленбеген берешекті талап етуге;

  2. кез келген уақытта (оның ішінде Лизинг алушыға алдын ала жазбаша талапты жібермей) шарт бойынша Лизинг алушының мерзімі өткен берешегінің барлық сомасын (негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдардың, айыппұлдардың) тиісті құжатпен расталған, Лизинг алушының Шарт бойынша міндеттемелерін бұзуына байланысты негізделген шығыстар мен шығындардың сомасын қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей) Лизинг алушының кез келген банктік шоттарын тікелей дебеттеу және (немесе) Лизинг алушының Қазақстан Республикасындағы не одан тысқары жерлердегі кез келген банктерде (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда) ашылған банктік шоттарына Лизинг алушының оларды орындау үшін Лизинг алушының акцептін талап етпейтін, Лизинг алушының шоттарынан ақшаны алып қою (есептен шығару) туралы төлем немесе өзге де құжаттарды ұсыну арқылы кез келген валютада есептен шығаруға. Қазақстан Республикасының немесе тиісті шет мемлекеттің заңнамасында Лизинг алушының қосымша акцептін талап етпейтін төлем талаптарын көрсетуге жол берілген жағдайларда Лизинг берушінің осындай төлем талабына Шарттың түпнұсқасын немесе куәландырылған көшірмесін немесе ақшаны акцептсіз алуды (есептен шығаруды) жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құжаттарды қоса береді. Осы арқылы Лизинг алушы Лизинг берушіге Шарттың осы тармақшасында айқындалған жағдайларда және тәртіппен Лизинг алушының қосымша келісімінсіз (акцептісіз) ақшаны есептен шығару құқығын береді.

  3. Лизинг нысанасын пломбалау қажет болған жағдайда оған кедергісіз рұқсат алуға және оны пломбалауға;

  4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттарда Шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін қайта қарауға және өзгертуге:

  • Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) қаржыландыру көзінің сыйақы мөлшерлемесіне тікелей қатысты Лизинг берушінің, сондай-ақ қолданыстағы қаржы лизингі шарттарына таратылатын операциялары өзгерген жағдайда ғана бір жақты тәртіппен - Лизинг беруші Лизинг алушының мекенжайына хабарлама жіберген күннен бастап 10 (он) күн өткен соң;

  • Тараптардың келісімі бойынша, егер Лизинг берушінің пікірі бойынша Лизинг беруші үшін Лизинг берушінің өз қызметін жүзеге асыру шарттарын қолайсыз өзгерту орын алса (ақша нарығындағы және/немесе капитал нарығындағы өзгерістермен қоса, бірақ шектелмей; қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің, валюта бағамдарының, инфляция көрсеткіштерінің, девальвацияның өзгерістерімен Лизинг берушінің қаржы ресурстарын қалыптастыру шарттарының өзгеруі). Осы мәселе бойынша Тараптар жіберетін хат-хабар алынған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады;

  1. Лизинг алушының қаржылық есептілігін, сондай-ақ Лизинг берушіге, оның ішінде мониторинг жүргізу мақсатында қажетті кез келген өзге де құжаттарды талап етуге;

  2. Лизинг алушы Шарттың 4.1, 6.4-тармақтарында (6.4-тармағының 1)-6) тармақшаларын қоспағанда) көзделген талаптарды бұзған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта көзделген өзге де жағдайларда Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Осы тармақша бойынша Шартты тоқтату үшін қандай да бір қосымша келісімдерді ресімдеу талап етілмейді;

  3. Шарт бойынша Берешектің барлық сомасын мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шарт талаптарында көзделген жағдайларда Лизинг нысанасын қайтаруды талап етуге;

  4. Лизинг төлемдерін кешіктіргені үшін сыйақы мен тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) есептеуді, Берешекті төлеуді біржақты тәртіппен тоқтата тұруға және қайта бастауға;

  5. кез келген уақытта дербес немесе Лизинг беруші уәкілеттік берген тұлғаларды тарта отырып Лизинг нысанасының сақталуын, жай-күйін тексеруді, қамтамасыз етуді жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды пайдалану шарттарын инспекциялауға, бұл ретте Лизинг беруші қызметкерлерінің және Лизинг беруші тартқан тұлғалардың іссапар шығыстарын, бөгде мамандарды тарту жөніндегі шығыстарды, автокөлікті жалға алуды және жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты өзге де шығыстарды Лизинг алушы төлейді;

  6. Лизинг алушының келісімінсіз, бірақ кейіннен оны бұл туралы хабардар ете отырып, Шарт бойынша өз құқықтарын толық немесе ішінара үшінші тұлғаға беруге;

  7. бұл туралы Лизинг алушыға хабарлай отырып, егер соңғысына қарсы банкроттық туралы сот шешімі шығарылған болса, сол сияқты, егер Лизинг алушы өз кәсіпорнын мәжбүрлеп не ерікті түрде таратса, сондай-ақ Шарт талаптарының кез келгенін бұзса оның ішінде Лизингтік төлемді төлеу бойынша қатарынан екі және одан да көп рет мерзімін өткізіп тұруға жол берсе кез келген уақытта және өз қалауы бойынша Лизинг алушыны Лизинг нысаналарын Лизинг алушыдан алу (оның ішінде уақытша) және өз қорғауына алу жолымен иелену және пайдалану құқығымен шектеу. Шарттың осы тармақшасында көрсетілген шарттардың кез келгені туындаған кезде Лизинг берушінің Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқығы бар. Лизинг берушінің Лизинг нысанасын қайтаруы және (немесе) алып қоюы Лизинг алушыны Шарт бойынша тиесілі сомаларды толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындаудан босатпайды;

  8. Дефолт жағдайын жою туралы хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған жағдайда Лизинг алушыға қатысты Шартта көзделген шараларды қолдануға;

  9. Шарттың 6.4-тармағының 37) тармақшасына сәйкес Тараптармен келісілген үлгі нысанға сәйкес келмеген жағдайда ғана Лизинг алушыдан алынған тұрақты маршруттарда Лизинг нысаналарын пайдалану мәселелерін реттейтін бірлескен қызмет туралы шартты /өзге де шартты келісуден және қол қоюдан бас тартуға;

  10. Қазақстан Республикасының заңнамасында, Шартта және оны орындауға жасалған және онымен байланысты келісімдерде көзделген өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыру.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет