Не журналистика кафедрасы



бет28/51
Дата02.11.2022
өлшемі462,36 Kb.
#46937
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Бақылау сұрақтары:

  • Шоқан, Ыбрай, Абай шығармашылығы жайлы жаңа еңбектермен танысу.

Ә.Марғұлан, Ш. Сәтпаева, З.Ахметов, Қ. Мұхаметханов, Ж.Ысмағұлов, М. Мырзахметов, Абайтанудың тарихы ондағы қайшылықты жағдайларды анықтау.
- М. Әуезовтің әдеби шығармашылық көзқарас танымының қалыптасуына Абай өлеңдерінің әсері қандай блды?
- Абай шығармаларын жинап, сараптап, жариялау жұмыстары қазақ әдебиетінде қалай жүргізілді?
- М. Әуезов және т. б. ғалымдар Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы дерек, мағлұматтарды, архив құжаттарын мен көнекөз қариялардың естеліктерін қалай іздестіріп жинақтады?
Пайдалынылатын әдебиеттер:

  1. Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

  2. Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

  3. Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

  4. Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

  5. М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

12-лекция: XX1 ғ. барысындағы қазақ әдебиеті тарихының зерттелуі және Қазіргі қазақ романдарындағы әлеуметтік-психологиялық сарындар.
/ Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы психологизм. Қ.Жиенбайдың «Даңқ түрмесінің тұтқыны» романындағы өмір шындығы мен көркемдік қиял.Д.Досжан романдарының тарихи-тағылымдық қыры/.
Қамтылатын мәселелер: . С. Сейфуллин С.Қирабаев. Е. Ысмайлов, Т. Кәкішев т.б. шығармашылығы жайлы зерттеулер. және Қазіргі қазақ романдарындағы әлеуметтік-психологиялық сарындар./ Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы психологизм. Қ.Жиенбайдың «Даңқ түрмесінің тұтқыны» романындағы өмір шындығы мен көркемдік қиял.Д.Досжан романдарының тарихи-тағылымдық қыры/.
- XX ғ. барысындағы қазақ әдебиеті тарихының зерттелуі.
- Б. Кенжебаевтың бұл саладағы жаңа еңбектері.
- А. Байтұрсынов пен М. Дулатов шығармаларының басылуы. Олар жайлы зерттеулер. Ш. Құдайбердиев (Ш.Сәтпаев), С. Торайғыров «А.Еспенбетов» Ғ. Қарашов (Қ.Сыздықов) т.б жаңа зерттеулер.
- Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетін зерттеу ісінің жалғасуы. С. Сейфуллин шығармашылығының С. Қирабаев, Е. Ысмайлов, Т. Кәкішев т.б. ғалымдар еңбектерінде зерттелуі.
Қазақ әдебиеттану ғылымында А.Байтұрсыновтан кейін әдебиеттің теориясы саласында соғысқа дейінгі дәуірде біршама ізденістер жасалынып, көркем әдебиеттің теориялық жақтарын қарастырған көптеген ғылыми мақалалар көрінді. Отызыншы жылдардың соңына қарай Қ.Жұмалиевтың «Әдебиет теориясы» (1938), Е.Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының мәселелері» (1940) басылып шыққаны белгілі. Бұл еңбектердің негізінен орыс әдебиеттануындағы маркстік-лениндік эстетика негізінде жазылып, Л.Тимофеевтің (1934), И.Виноградовтың (1936), Г.Поспеловтің (1940) әдебиет теориясына арналған кітаптарымен іле-шала шыққандығының өзі қазақ әдеби білімінің дәуір талаптары деңгейінен көрінуге ұмтылысын көрсетсе керек. Сонымен бірге бұл еңбектер қазақ сөз өнерінің теориялық жақтарын талдап түсіндірген, қазақ әдебиеттану ғылымының соғыска дейінгі кезеңде теория саласында жеткен елеулі жетістіктерінің қатарында саналады. Екі еңбек те сол кездегі кеңестік қоғамда үстемдік құрып тұрған социалистік реализм әдісі негізінде жазылғанымен де қазақ әдебиетінің көркемдік болмысын ұлттық таным тұрғысынан шынайы түсіндіретін жақтары да баршылық. Осындай зиянды жақтары үшін Е.Ысмайловтың «Әдебиет теориясының мәселелері» (1940) қолданылудан алынып тасталынды.
Көркем әдебиеттің поэтикалық жақтарын игеруді мақсат тұтқан еңбектер соғыс жылдарында да көрініп жатты. А.Алғожиннің «Әдебиет теориясы» (Қ.Жұмалиевтың кітабы туралы, «Лениншіл жас», 1941, 24-көкек), М.Ғабдуллиннің «Әдебиеттегі жағымды образ туралы» («Лениншіл жас», 1941, 21-маусым), Б.Кенжебаевтың «Аударма туралы» («Социалистік Қазақстан», 1942, 23-көкек), Қ.Жұмалиевтің «Қазақ өлең құрылысы, тілі жөніндегі Абайдың жаңалықтары» («Майдан», 1944, №2), «Көркем тіл жөніндегі Абайдың кейбір жаңалықтары» («Социалистік Қазақстан», 1945, №134), Е.Ысмайловтың «Абайдың өлең құрылысы туралы» («Социалистік Қазақстан», 1945, 12-тамыз) сияқты мақалаларды көркем әдебиетті теориялық тұрғыдан түсіндіруге деген соны ізденістерді байқауға болады.
ХХ ғ. 90 жылдары мен ХХІ ғ. басындағы қазақ романдарының реалистік сипатын дәйектеген тақырып саласы- адамдар мен қоршаған табиғат ортасының хал-ахуалы. Әсіресе, Арал теңізінің тартылуынан, Семей полигонындағы ядролық сынақтардан туындаған зардаптарды арқау еткен көркем шығармалар әдебиеттегі өзекті мәселелерді қамтуымен танылды.
Көрнекті жазушы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз», С.Жұбатырұлының «Абыржы», Қ.Жиенбайдың «Даңқ түрмесінің тұтқыны» романдарында уақыт шындығы, Арал теңізінің тартылуынан туындаған экологиялық зардаптарды реалистік сипатпен қамтуымен ерекшеленеді.
Реалистік сипат пен көркемдік қиял тоғысуы арқылы этикалық шығармалардағы кейіпкер мен табиғат, қоғамдық әлеуметтік орта байланыстарының поэтикалық мағынасы айқындалады.
Бұл орайда, Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романының идеялық-композициялық құрылымындағы үш кейіпкер арқылы Адам-Табиғат-Қоғам тағдырларының біртұтас психологиялық сипат болмысын аңғарамыз.
Романның тақырбы- Арал теңізінің тартылуынан туындаған экологиялық-әлеуметтік дағдарыс ахуалы, идеясы- табиғаттағы, қоғамдағы күрделі қайшылықтар әлемін жеке адамдар тағдырлары арқылы ұқтыру.
Романның реализмі- ХХ ғасырдағы адам мен табиғатқа, қоғамдық-әлеуметтік ортаға тән өрлеу мен дағдарыстартың психологиялық сипатын аңғарту. Бұл арада заманымыздың суреткер қаламгері Ә.Кекілбаевтың осы роман туралы жазған «Сең соққандай сергелдең» атты мақаласынан шығармадағы реализмді айқын бағдарлауға болады.
Романның реалистік сипатын дәйектеп тұрған мәселе-кейіпкерлер диалогтары мен ішкі монологтары. Романның бірінші («Сондай да күн болған»), екінші («Сондай да түн болған») кітаптарындағы табиғат келбеті мен Арал теңізі өңірінің мекендеген халықтың күнкөріс кәсібінен ажырай бастаған мүшкіл жағдайын толық көрсетеді.
Сонымен қатар романдағы Адам-Табиғат-Қоғам бірлігінің реалистік сипатын танытуда автор бұрынғы және қазіргі хал-ахуалды салыстыруды көркемдік әдіс түрінде қолданған. Бұл әдіс-ежелгі заманғы әдеби шығармалар мен фольклорда қалыптасқан заңдылық. Мысалы, орхон жазуларындағы «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларындағы сағынышты тербелістер әдебиетіміздің кейінгі дамуындағы шығармаларда тұрақты орын алған.
Ә.Нұрпейісов- уақыт, кезең шындығының суреткері. Романдағы басты кейіпкерлер-кезең шыңдығының жемістері.
«Соңғы парыз» романындағы Адам-Табиғат-Қоғам сабақтастығының жүйесінің әрқайсысына тән өзіндік әрекеттер, қасиеттер тұтаса келе тіршілік қозғалысындағы жетекші тұлға.
Романдағы басты кейіпкерлердің көрнектісі-Жәдігер. Романның композициялық-идеялық желісінде оның ғұмыр жолы балықшылар ауылында өскен, он жылдықты бітіріп, әскери кызметке барып, оралуы, одан кейін үшеуінің астанаға барып жоғарғы оқу орнына түсуі авторлық баяндаулармен жеткізілген.
Романдағы басты кейіпкерлердің өмірі-ХХ ғасырдағы Кеңестік кезең келбеті.
Жазушы Қ.Жиенбайдың «Даңқ түрмесінің тұтқыны» романының идеялық-композициялық желісінде ХХғ. Соңғы 10 жылдығы мен ХХІ ғ. Басындағы қазақ тұрмысының реалистік сипаты қамтылған. Он төрт тараудан тұратын романның композициясында бірнеше идеялық желілер саралана алынған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет