Не журналистика кафедрасы


біріншісі- әйелі Салтанат пен одан туған баласы Ғафизге байланысты оқиғалар; екіншісі



бет30/51
Дата02.11.2022
өлшемі462,36 Kb.
#46937
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51
біріншісі- әйелі Салтанат пен одан туған баласы Ғафизге байланысты оқиғалар;
екіншісі- Барсакелмес аралында көңіл қосқан келіншек Ұмытхан мен содан туған баласы Қабыл-Қабылан тағдыры.
Басты кейіпкердің тағдыр жолындағы, қызметіндегі дараланып тұратын жақсы қасиеті- туған атамекені арал теңізін, оның табиғатын, сырдария өзенінің азып-тозбауына алаңдауы азаматтық-перзенттік көңіл тазалығын көрсетеді.
Жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының «Абыржы» романының аталуы да ХХ ғасырды 90-жылдарындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-тұрмыстық хал-ахуалының, поэтикалық баламасындай алынған секілді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (Т. 1. А-Ә) анықтамасы бойынша: «Абыржы ет. Сасу, қысылу, әбігерлену, не істерін білмей абдырау» [148, 39 б].
Шынынды да, «Абыржы» романы – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі жарияланғаннан кейінгі ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы еліміздің, оның ішінде Арал теңізі жағалауы алқаптарын мекендеген қазақ ауылдарының тұрмыстық жағдайларын көркем шындықпен бейнелеген.
Романда Арал теңізіне жақын орналасқан елді мекендердің географиялық-топонимикалық сипаты автордың өзіндік атап көрсеткеніндей, негізінен тарихи атауларымен берілген. Романның «Оралу» атты бөлігінде туған топырағына келе жатқан «Зил» машинасының кабинасында отырған басты кейіпкер Медетке сол машинаның шоферінің баяндауы арқылы осы төңірек біршама толық таныстырылады
Бақылау сұрақтары:
- Б. Кенжебаевтың қазақ халқының әдебиетін дәуірлеуге қосқан үлесі қандай?
- С.Қирабаев, Е. Ысмайлов, Т. Кәкішев қазақ әдебиеті жайлы қандай ой-пікірлер білдірген?
- Қазақ ауыз әдебиеті туралы зерттеулерінің ғылыми мәні қандай?
- "Әдебиет тарихы" кітабының қазақ әдебиеттану ғылымында алатын орны қандай?
Пайдалынылатын әдебиеттер:

  1. Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

  2. Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

  3. Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

  4. Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

  5. М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

13-лекция: Қазақстандағы әдеби-теориялық ой-пікірлердің дамуы. А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайыловтың бұрынғы еңбектері. Қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сынының бүгінгі күйі, проблемалары. Қазіргі қазақ прозасының деректілік сипаты./ Т.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасындағы Алаш көсемдері. С.Досанов романдарындағы тәуелсіздік өрнектері.Жаңа әдебиет және сын /.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет