Не журналистика кафедрасы



бет29/51
Дата02.11.2022
өлшемі462,36 Kb.
#46937
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51
біріншісі- экологиялық апатты жағдайға ұшыраған Арал теңізінің, Барсакелмес аралындағы материалдық және рухани азып-тоза бастаған адамдардың ауыр хал-ахуалы:
екіншісі – отарлық ықпалдың, экологиялық апаттың зардаптары тисе де, тектілігі жоғалмаған қазақтың ұлттық ділінің мықтылығын, қанының тазалығын, рухының биіктігін дәлелдеу.
Романның басты кейіпкерлері- ХХ ғ. 80-90-жылдары мен ХХІ ғ басындағы қоғамдық-әлеуметтік құрылыс ықпалындағы адамдар. Басты кейіпкердің бірі-Баймырза, су шаруашылығы министрінің бірінші орынбасар. Шығарма Кеңес Одағының жауапты қызметкері Баймырзаның мансап тұғырындағы кезеңі мен оған деген маңайындағылардың көркем-қатынас сипаты кейіпкердің еске алу- ойланыстарымен суреттеліп баяндалады. Қызмет істеген мекемесіндегі жағымпаз пенделермен бірге өзі де сырты жылтыр, іші түтін қуыс кеудеге айнала бастағанын сезбей қалған Баймырза арқылы, жазушы сол тектестердің көркем жинақталған тұлғаларын аңғартады. Жоғары лауазымды қызмет тұғырында жүздегендердің ішіндегі Баймырза сынды адамдардың отбасына, жарына жалған мінезбен жылтырап жүргенмен үйінен тыс жүргенде, жалғандыққа, екіжүздікке толы іс-әрекеттер реалистік болмысы мен баяндалған.
Арал теңізінің жағалауындағы ауылда дүниеге келген Баймырза- алға ұмтылған табандылықпен, оқумен, қызмет баспалдақтарымен өсіп келе жатқан жолы Кеңес заманының шындығымен берілген. Оның жастайынан тағдыр тауқыметін көріп, көздеген мақсатына ұмтылуы да адамға тән жігерлілік, қайсарлық рухын айқын байқатқандай.
Роман композициясындағы сюжеттік бөліктерді құрап тұрған желі-басты кейіпкер Баймырзаның тағдыр жолы. Романның бастапқы бөліктерінде биік лауазымда жүрген кейіпкердің жары Салтанатқа деген құбылмалы қылықтары Мәскеу, Алматы, Арал арасындағы шапқылап жүрген қызметі, адамдардың біреулерімен тату, кейбіреулерімен аңдысып жүрген қайшылықты жағдайы- бәрі де тіршілік заңдылығына сәйкес суреттелеген.
Роман композициясындағы әр кезең оқиғаларынан құралған сюжеттік бөліктерде Баймырза тағдырынан туындаған екі желілі сала егізделе өріліп отырады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет