Не журналистика кафедрасы


- Қазақ әдебиеті сынының ғылымы және оның міндеті мен мақсаты не?



бет10/51
Дата02.11.2022
өлшемі462,36 Kb.
#46937
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
Бақылау сұрақтары:

- Қазақ әдебиеті сынының ғылымы және оның міндеті мен мақсаты не?


- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымының маңызы неде?
- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымының қалыптасу тарихы қандай?
- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымын зерттеген ғалымдар кімдер?
Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Д.Ысқақұлы Сын өнері. А., 2001

  2. Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

  3. Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

  4. Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

  5. Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

  6. М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

2 –лекция:
Әлемдік әдеби-эстетикалық ой-пікірлер. Көне дәуірдегі сүбелі ойлар.
Қамтылатын мәселелер:
- Әлемдік әдеби-эстетикалық ой-пікірлер.
- Көне дәуірдегі сүбелі ойлар.
- Қазақ халқының ежелгі сын өнері.
Бағзы замандардан өнер мен талғам қатар жүрген. Талғам тек тамсанудан, қоштаудан ғана тумайды. Жақсы мен жаманның, ізгілік пен зұлымдықтың, сұлулық пен ажарсыздықтың ара жігін ажырататын таным-білік, парасат, түсінік, әрқашан әділдік туын тіккен. Бұл процесс халықтық эстетикада ғана емес, көне замандағы түркі ескерткіштерінде, ортағасырлық жазбаларда, мұсылман, қараханит, Алтын Орда замандарындағы, Қазақ хандығы тұсындағы жыраулардың, шешен-билердің туындыларында, мемлекет қайраткерлері мен ғұламалардың тарихизерттеулерінде, жарғыларында кездеседі.
Көне түрік жұртында туған әдеби-мәдени мұралардың ортақтығы. Этникалық жіктелістің көркемдік бояуды ажарлай түсетіндігі және олардың әралуандығы. YI-XI ғасырлар бүкіл түрік әдебиетінің тарихи эстетикалық аренаға шығуы, өзіндік дәстүр қалыптастырған дәуірі.
Орхон-Енисей ескерткіштерінің эпостық сипаты және олардың түрік поэзиясын тудырудағы тарихи ролі.
Көне түрік дүниесі мен мәдениетінің тоғысуы, оның әлеуметтік, ғылыми-эстетикалық салдары. Отырардан шыққан әл-Фарабидің әлемнің екінші ұстазына айналуы. Саяси-әлеуметтік тұжырымдар мен қатар ғылыми-эстетикалық қисындары. «Ғылымды меңгеру және оның мақсатын түсіндіру», «Сөз ғылымын классификациялау», «Музыканың ұлы кітабы», «Өлең өнерінің қағидалары», «Өлең мен ұйқас» т.б. шығармалары. Әл-Фарабидің әдебиеттану ғылымы жүйесімен тұжырымдаған ой-пікірлерінің бүгінгі таным-білікке әсері және ұласу жайлары. Әл-Фарабидің ақындық, сазгерлік және ғалымдық айналасы, олардың түрік, сөз өнеріне жасаған ықпалы және қазақ әдебиетіне қатынасы.
Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеді. Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл — тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. Мұндағы мақсат — тұтастықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу. Философ адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан — жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”[7], “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында қайрымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық дегенде ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті.
Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді.
Түрік тілінің тұңғыш поэтикалық ұлы ескерткіші - «Құдадғу білік», оның авторы Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның «Құтты білікке» өлеңмен және қарасөзбен жазған алғысөзі, оның сыни танымға қатысы. Әділ-Дәулет-Ақыл-Қанағат ұғымдарының мәні және олардың баламасы. Өлең сөздің қадір-қасиеті туралы ойлар.
Махмұд Қашқари – түрік лұғатшысы әрі поэзиялық інжу-маржандарды жинаушы. «Жаз бен қыстың айтысы» 1985 жыл жинағындағы нұсқалар. Суфизмнің идеялық және поэтикалық негізін қалаушыларының бірі, түрік әдебиетінің классигі Қожа Ахмет Иассауи және оның «Диуани хикметі».
Адамгершілікті ардақтау, даналыққа бас ию, шешендікті қадірлеу, әділеттікті насихаттау, қанағатшылықты пір тұту тахуалық тәрбие негіздері болумен қатар рухани таным-білікті қалыптастыруы.
Насреддин Рабғузи, Сүлеймен Бақырғани шығармаларындағы жалғастық Ахмет Иүгінеки, Саиф Сараи, Хорезми, Күли Гали, Лутфидің көркем туындылары, Захириддин Бабыр, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаиридің тарихи еңбектерінің танымдық сипаттары.
Қазақ хандығы тұсындағы ұлы жыраулар мен ойшылдардың сыни толғамдарының мәні. Мағыналы шешендік сөздердің мемлекеттік деңгейге көтерілуі, қоғамдық және эстетикалық сананың бұлағына айналуы.
Әдебиеттің саны ғана емес, сапасы да құнарланды. Көпшілік шын өмірдің шынайы қасиетін түсінеді. Сөз өнерінің тақырыбы шексіз байып, шыншыл сипаты тереңдеп, шеберлік әлемінде жаңа леп байқалды. Роман мен әңгіме, повестің, лирика мен поэманың, драма мен сынның ішкі құнарындағы өзгеріс жанрлар арасын жақындата түсті.
Көркем өнердің даму сатылары өз дәуірімен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық революция қоғамның үрдіс талғам-талабына ірі өзгерістер әкелді. Көркем өнердің көкжиегі кеңейе түсіп, эстетикалық және философиялық қағидамен байып, дүниетаным тереңдеді.
60-90жылдары әдебиетімізде қандай өзгеріс-жаңалықтар болды, туындылардың өзіндік сипаты қандай еді?
Соңғы ширек ғасыр ішінде әдебиетіміз дүние жүзі мәдениетінің жетістік-желісін бойына сіңіре отырып көркейді-әлемдік эстетика мен көркем ой да айтарлықтай дамыды. Қазір туған әдебиетімізге жұмыр жердегі барлық құбылыс, барша тартыс-күрес тақырып болып отыр. Көркем шығарманың азаматтық әуені артып, көркемдік қуаты өсті. Қазіргі әдебиеттегі жемісті беталыс-шын өмірдің шыншыл бейнесін жасау, тіршілік өмірін бойлау, зерделі ой түйіндеу, жеңілдіктер, бірліктен (стандарттан) іргелі аулақ салу, тіл кестесін құнарландыру-осынау шынайы ізденістен туған әдебиетіміздің жасыл құрқтай жайқалары толассыз. Көркем сөздің эстетикалық әсері мен тәрбиелік мәні өсті-жақсы кітап қолымыздан түспейтін жан азығымызға айналды.
Алдыңғы қатарлы адамзаттың көркем өнермен байланысы-әдебиеттің гүлденуінің басты бір шарты. Классикалық құнарлы әдебиет дәстүріне иек арту айтарлықтай жетістіктерге жеткізеді.
Қазіргі қым-қуыт жағдай әдебиет әлеміне айтарлықтай өзгеріс әкелгені сөзсіз. Бірақ уақыт өткен сайын өркениетті еліміздің өз қалауына жетері толассыз-өнер өз орнында шырақтай жанары да күмән келтірмейді.
Қазіргі уақыттағы жетекші жаңалықты жинақтап, топтап айтсақ адам жанының нелер құпия тебіренісін өмірдің алау тынысында бейнелеу-бүгінгі прозалық басты сипаты. Қашаннан көркем сөздің мақсат-мүддесі-адамның ішкі дүниесін ашу, ал өрнек-бояуды құбылту – осы талаптан туады.
Сондықтан да қазір кейіпкерді замананың от көрігінде көреміз. Қашаннан белгілі күшті, қуатты тартыс өмірдің тегеурінді кездері қаһарманның да рухани айдынын мінез қасиетін айқара ашуға мүмкіндік береді. Кез келген оқиғаның өнерге өзек бола бермейтінін жақсы түсінген жазушылар заманға сай шымыр тартысты таңдап алуға айрықша мән беруде.
Жазушы жанары кітаптың алтын арқауы. Адам да, әдебиет те - уақыт перзенті. Жиырмасыншы ғасыр адамның күрделі дүниетанымын зерделеу үшін көптеген жаңа көркемдік әлеміне сіңісіп, мидай араласып кетуі - аян сыр, сол сияқты үшінші жақ пен бірінші жақты кірістіріп, заманның лепті толқынын бейнелеу де белгілі тәсіл. Кейде шығарма желісінде тосыннан араласып кетерін, бірақ бір қарағанда а әңгіме жүйесіне қатысы жоқ сияқты көрінетін – монолог, сөйлем, кейіпкер – бүгінгі замандастық күрделі сезім әлемі мен замана лебін юейнелеуден туған тәсіл.
Замандастар бейнесін жаңаша толғауды М.Әуезов «Өскен өркен» романымен ашқан еді. Ойшылдық пен сыршылдың – бұл шығармашылық өрелі қасиеті.
Роман түйіліп келген болмастың өзі тәрізді. Өмірдің тылсым бейнесі жүрегімізді қатты-қатты соқтырады, дабыл қаққан тартыс бізіді де ала жөнеледі. Ар-ұжданың оянсын деп атой салады. Шығармада шаттық пен қайғы, қызу еңбек суреті мен иірім-иірім ой жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет