Не журналистика кафедрасы



бет12/51
Дата02.11.2022
өлшемі462,36 Kb.
#46937
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
ЛЕКЦИЯҒА ҚОСЫМШАЛАР
Әдебиет сыны - әдеби сын — әдебиеттану ғылымының бір саласы. Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицистикалық, ғылыми – эстетикалық шығармашылық түрі. Әдеби сын — аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі — көркем әдебиет, әдеби процесс. Сыншы белгілі бір әдеби шығарманы талдап, баға беру үшін әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістерін, методологиясын қолданады. Әдеби сынның басты ерекшелігі, көбінесе, қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Әдеби сын әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы жеткен жетістіктерге сүйенеді. Көркем шындыққа айналатын өмір — аса күрделі құбылыстардың біртұтас жиынтығы. Міне, сол сан қырлы өмір оқиғаларының көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отыратын Әдеби сында оларды түрлі жақтарынан зерттейтін ғылым салаларының жетістіктерін қажетінше пайдаланып отырады. Әдеби сында берілген баға сол кезеңдегі әдеби процестің үні. Онда пікірлер қайшылығының кездесуі заңды да. Сын көркем шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді. Сынның тарихы ертеден басталады. Отырарлық ғұлама Әбу Наср әл-Фарабидің, Махмұт Қашқаридың, Жүсіп Баласұғынның сөз өнері жайлы жазған пікірлері, Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың әдебиетке қатысты айтқан ойлары қазіргі қазақ әдеби сынының бастау алар қайнар көзі деуге болады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С.Торайғыров т.б. қазақ әдебиеті жайлы құнарлы пікірлер айтты. XX ғасырдың 20-жылдары қазақ әдебиеті жаңа дәуірде қандай бағытта дамуы керектігі, көрнекті әдебиет қайраткерлері жайлы қызу пікір алысулар болды. Әсіресе Абай, Мағжан шығармашылықтары жайлы айтыстар 20 ж-дардағы әдеби сынның орталық мәселелеріне айналды. Көркем әдебиетте, сын-зерттеу саласында саяси қырағылықты күшейту мақсатында жүргізілген істердің барысында бірсыпыра қаламгерлер тағы да қуғынға ұшырады. “Ұлтшылдыққа”, “ескілшілдікке” қарсы саяси науқанның барысында әдебиеттің бүкіл тарихы Абайымен қоса теріске шығарылды. “Абай жолы” эпопеясында қазақтық өткен ғасырдағы өмірінің суреттелуінен бастап, бар қадір-қасиеті жоққа шығарылып, теріс идеялар береді деп танылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет