Не журналистика кафедрасы



бет18/51
Дата02.11.2022
өлшемі462,36 Kb.
#46937
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51
Жазба әдебиеті және сын
Қазақ әдебиеті сынының туу процесі баспасөз орындарының пайда болуымен және жазба әдебиетінің өркендеуімен тығыз байланысты.әдебиеттің даму процесі өзіне тән ерекшеліктерімен көрінеді де, соған орай сын – пікірлерін тудырып отырады. Жазба әдебиеттің идеялық – шығармашылық арнасынан бағыт – бағдар алып, ұлттық ой – сана мен эстетикалық талап – талғам деңгейіннен көрінеді.
Мәнді шығарманың нәрлі сынның тууына, үлкен дарын ойлы пікірдің өрбуіне жағдай жасайтынын Абай негізін қалаған реалистік әдебиеттен айқын аңғарамыз. Бұл процесте әллеуметтік – қоғамдық және эстетикалық жағдаяттар шешуші рөл атқарады. Сондықтан Абай жолымен өркендеген қазақтың жазба әдебиеті өнерпаздық тұлғасы зор сыншыны дүниеге келтірмесе де, эстетикалық құны бар сана – сезімді, ой – пікірді оятты. Мәселенің түйіні – Абай дарынына пара – пар келетін сыншының жеке – дара шығуында емес, Абай салған жаңа, соны жолмен әдебиеттті әрі қарай өркендете беруге бас – көз бола аларлықтай ұжымдық сын пікірдің тууы қазақ мәдениеті үшін аз олжа емес. Сондықтан қазақ сынының туу процесін белгілі бір сыншының дүниеге келуімен сабақтастыруға келмейтіні осыдан.
Сонымен ана тіліндегі баспасөздің пайда болуы жазба әдебиетінің өзкендеуін тездетті, нәрлендірді, ал ол өз тарапынан сын жанрының негізін қалап қана қоймай, оған творчестволық ықпал жасады.
Ең алдымен, қазақ әдебиеті сынының туу процесіне өнерпаздыққ өре берген Абай шығармашылығы екенінн айту ләзім. Абайдың азаматтық лирикалары, әлеуметтік сатирасы, ойлы да өткір толғаулары, үлгі – өнегесі мен ғибраты мол ғақлиялары – өз оқушысын ойландырмай, толғандырмай қоймайтын көркем туындылар. Қазақ өміріні ңболмысын суреттейтін Абай өлеңдері ббіреуді қуантса, біреуді ренжіткені ақиқат, демек ол жөніндегі пікір де әр қилы болуға тиіс. Қалай болғанда да Абай шығармасы тыңдаушылар мен оқушылардың ойын оятып, пікір айтқызғаны анық. Қазақ баспасөзі кешендеуі салдарынан көп нәрсе із – түссіз кеткендігін өкінішпен айтқанның өзінде, қолда бар аздаған материалдардың өзі Абай шығармаларының нәрлі пікірлерге өзек болғанын көрсетеді.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың алғашқы он бес жыл ішінде қазақ тілінде 500 – ге тарта кітаптар шықты. Мұның дені – поэзия. Поэзияның ауқымына халық творчествосының үлгілері де, қисса – хикаяттар да, жеке авторлардың өлең – жырлары да кіреді. Олардың ішінде Абай, Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Ғұмар, Сәбит, Шәңгерей, Мұхметжан, Мағжан, Сәкен, Спандияр, т.б. жазба әдебиет өкілдерінің Мақыш Қалтаев, Ақылбек бин Сабал, Шәді төре Жәңгіров, т.б. кітаби ақындардың шығармалары, «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Қарақыпшақ Қобыланды», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» т.б. батырлық жырлар мен лиро – эпостардың үлгілері, қазақ ұғымына бейімделе аударылған шығыс аңыздары мен хикаялары, орыс ақын – жазушыларының қазақ тіліне тәржімаланған туындылары бар. Осылардың өзі тек поэзиялық қадір – қасиеті жағынан ғана емес, идеялық бағыт – бағдар жағынан да, көркемдік өресі жағынан да әр қилы.
Қазақ халқының көркемдік таным – білігі сынның жанрлық сын сипатымен көрінуіне жағдай жасап, жазба әдебиеттің ішкі дамуынан тарап жатқаны аңғарылады. Бұл процесті екі арнадан өрбіткен орынды. Бірінші – жазба әдебиеттің жұрнағы болуға жараған және болуға жарайды деген шығармалардың мән – маңызына арнайы тоқталмай – ақ, олар жөнінде сол кезеңде қазақтың сыншылық ойы не айтқан және шығарма авторы өз туындысы туралы нендей ойда (автокритика) болғанын көрсетсек, екіншісі – бүкіл қазақтың реалистік әдебиетінің асқар биігі – Абай шығармаларының сол заманда және өзінен кейінгі дәуірде қазақтың сыншылық ойын оятуға, сөйтіп сын жанрының нәрлі де көрнекті, өзіне лайықты түр – сипат таба білгенін, оған себепші болған өнерпаздық әсер – ықпалды нақты деректермен көрсетсек, сондай – ақ Абай даңқының жайылуы жайындағы кейбір пікірлердің сырын ашсақ, қазақ жазба әдебиетінің жаңа жанрмен толысу процесін ашық байқаймыз. Абай шығармаларындағы сыни ой – пікірлер
Қазақ әдебиет сынының туу дәуіріне оның эстетикалық өрісін едәуір биікке көтеруге себепші болған шешуші фактордың бірі – ұлы Абай творчествосы.
Абайдың кемеңгер өнерпаздығы өзінің зерттелуі, насихаттауы жағынан қазақ әдебиетінде теңдесі жоқ сала екенін ескеріп, біз Абай шығармаларының Қазан төңкерісіне дейін сын объектісі болуына, ол жөнінде артық – кем айтылған пікірлерге және Абай даңқының жайылу мәәселелеріне назар аудармақпыз. Әрине Абайтану ілімінің негізін қалаған М.Әуезовтың, Абайдың қазақ әдебиетіндегі орны мен ақындық шеберлігін айқындайтын С.Мұқановтың, кемеңгер ақынның поэзиясын зерттеген Х.Жұмалиевтің, Е. Ысмайыловтың, З.Қабдоловтың, өнерпаздың өмірбаянына барлау жасаған М.Сильченконың, Абайдың орыс әдебиетімен творчестволық байланысын шолған З.Ахметовтың, қара сөзіне назар аударған Х.Сүйінішәлиевтің, Абайдың дүниетанымы мен эстетикалық ойына көңіл бөлген Б.Ғабдуллиннің, педагогикалық көзқарасын пайымдаған Т.Тәжібаевтың, Абафдың революцияшыл – демократ орыс достарымен қарым – қатынасын баяндаған А.Жиреншиннің, сондай – ақ Абай иворчествочы турралы құнды пікірлер, сүбелі ойлар айтқан Құдайберген Жұбановтың, Т.Әлімқұловтың, М.Қаратаевтың, Ә.Тәжібаевтың, Б.Кенжебаевтың және т.б. көптеген авторлардың еңбектері қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының қарқынды өркендеу арнасындағы ең мәнді олжалар екенін атап, төңкеріске дейін Абай шығармаларының қалай насихатталғаны, сын елегінен өткені жайын әңгімелеген жөн.
Ең алдымен 1909 жылы петербургте басылып шыққан «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңдері» жиннағына және Кәкітай Ысқақұлының «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының еңбегі» атты мақаласына айрықша тоқтау қажет.
Абай өлеңдерінің жинағын құрастырушы Кәкітай Ысққақұлы мен Тұрағұл Абайұлы ақын шығармаларын хроникологиялық тәртіппен орналастырмай, тақырыптық принциппен жүйелеген. Тұңғыш жинақты осы принциппен құрастыру ол дәуірде орынды да еді. Өйткені Абайдың бұрын кітап болып шықпаған өлеңдерінің бар қадір – қасиетін таныту үшін және автордың идеялық бағыты мен эстетикалық мұратын халыққа аңғарту үшін шығармаларды тақырып бойынша орналастыру ең қолайлы да дұрыс принцип. Ал хронологиялық принципке ойысу көбінесе ақын еңбегін әбден таныған кезде творчестволық өсу жолын аңғару мақсатынан туады. Демек, жинақ құрастырудың өзіне белгілі дәрежеде сыни ой ықпал жасайды.
1909 жылы жинақ Абай өнерінің бүкіл Қазақстан көлеміне жайылуға жағдай жасаса, 1933 жылы М.Әуезов құрастырған 1томдық Абайдың өнерпаздық өсу жолын аңғартуға, ғылыми жүйемен зерттеуге негіз болды.
Тұңғыш жинақты құрастырушылар Абай өлеңін 17 топқа бөледі. Егер бастапқы 7 тарауы әбден ойланылған, белгілі бір жүйеге келтірілген десек, соңғы тараулардың тақырыптары тым ұсақталып жіберген. Ең алдлымен Абайдың творчестволық бетін айқын танытатын «Халық туралы», «Өлең туралы», «Замандастар туралы», «Өзі туралы» деген тақырыптарды айрықша бөліп, ой, насихат, ғашықтық, аңшылық туралы өлеңдерін даралаай топтастыру әбден орынды болған. Ал табиғат лирикаларына жататын «Жазғытұрым», «Жаз», «Күз», «Қыс» өлеңдері топтастырлымайды, «Аттың сыны» мен «Сегіз аяқты» қосар жүйе табылмаған. Сондай – ақ «»Сұлу ұрғашы туралы» дегенді «Ғашықтық туралы» бөлімге қоса салуға болғандығын құрастырушылар аңғармаған.
Нақ осы мәселе жөнінде М.Әуезов Абайдың «шығармалар жинағына Кәкітай өзінше талдау – жіктеу жасаған. «Ой туралы», «Өзі туралы», «Ел туралы», «Ғашықтық туралы» деген сияқты тақырыптарды бөліп алып, әр өлеңнің мазмұнына қарай мөлшермен жіктейді.
Анығында, Абай өзі тірісінде шығармаларын бұлай топтаған жоқ еді. Ақынның тілегінен тыс түрде, редактордың өзінше бөлшектеуі, редакторлық, ғылымдық дұрыс түрі деуге болмайды. Бұл шартты түрдегі біраз зорлықпен жаслағған зерттеулер. Себебеі көбінше Абай өлеңдерінің ішкі мазмұнына қарасақ, «Ой туралы» деген бөлімде өзі турасындағы сөздер жүреді. «Ақындық туралы» деген бөлімде ой туралы, «Ғашықтық туралы» деген өлең тобына көңіл – күйінің лирикасы да араласып отырады. Сонымен Кәкітай жасаған жіктеулер дәл – дәлді емес» (20 – том, 17 – бет) деп жазған болатын. М.Әуезовтің Кәкітай жіктеуіндегі кем – кетікті сынауы орынды екенін ескерткен уақытта, жинақ құрастырудың творчестволық процесс екенін жоққа шығармайды. Абайдың тұңғыш жинағына енген шығармалары топтауда кем – кетіктер болғанымен, жинақ құрастырушылар Абайдың негізгі ойы мен мақсатын қалың оқушыға белгілі жүйемен жеткізе алған. Қазір Абайдың өмірі мен творчествосының қыры мен сыры түгел аян. Зерттеу еңбектері, әсіресе, кемеңгер жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы ұлы дарынның қадір – қасиетін қалың жұртшылыққа әбден танытты. Біз осы ұлы істің ең арғы бастауын сөз қылған уақытта кейбір қайталауға тура келетінін сезсек те, қазақ әдебиеті сынының туу мәселесі тұрғысынан кейбір мәселелерді айтпай кету мүмкін еместігін ескердік. Өйткені Кәкітайдың мақаласы Абай өмірінің және творчествосының қазіргі уақытта кеңейтіле, дамытыла айтылып жүретін жайларын едәуір қамтыған тұңғыш еңбек екенін айрықша ескеру қажет.
Кәкітай мақаласының ең сүбелі және құнды жағы – Абай өнерпаздығының сырына үңілу, біршама дұрыс талдау жасауы. Абай өлеңдерінің белгілі бір мәселеге байланысты барлығын, өмір болмысының өзінен туындағанын автор нақты мысалдармен көрсете алған. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» дейтін атақты өлеңінің сырын ақтара келіп:

Адамның бір қызығы бала деген,


Баланы оқытуды жек көрмедім,
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім, –
деген шумақты Абай өз балаларының оқуымен, әсіресе, Михайловское училищені бітіріп, енді әскери академияға түспек болған Ғабдилрахимнің өмірімен тікелей байланыстыра баяндаған. Абай өлеңді «пайда үшін емес, халықты ғылымға ұмтылып, көңіл көзін ашпаққа ғибрат үшін жазғанын» айрықша атап көрсеткен.
«Сын дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру үшін алдымен, әдеби сынның пайда болу, даму жодарына ой жүгірткен жөн. Сын қашан пайда болды? Бұл жерде әдебиет пен сынның қайсысы бұрын пайда болған деп, оған тура жауап берудің өзі қиын. Кезінде А.Пушкин мен А.Бестужев екеуінің осы мәселеде айтысып, бір мәмілеге келе алмағаны белгілі. Шындығында да, әдебиет пен оның сынының бірін алға шығарып, екіншісін соның салдары ретінде қарастыру екі ұшты. Дұрысы-әдебиет пен сын өмірге бірге келеді, бірінсіз-бірі жоқ деп түсіну. Сонымен, сын әдебиет пайда болған кезден бері өмір сүріп келеді. Сын алғашқы ақын жұрт алдына шығып, өз өлеңін оқығанда, немесе шебер әңгімеші ертегі, аңыз, мақал-мәтел айтқан шақта оның тыңдаушыға ұнаған, ұнамаған пікірі ретінде көрінді. Т.Кәкішев : «халық болған жерде творчестволық өмір бар, өнер бар, белгілі көзқарас, эстетикалық талғам бар» деп жазды. Бұл- халық болған жерде әдебиет, халықтң сол көркем сөз өнеріне деген сыншыл көзқарасы болады деген сөз.
Қазақ әдебиеті сынының алғашқы мәнді толқыны 1921-1925 жылдар аралығында өтті. Бұл тұста әдебиеттің жалпы проблемасынан гөрі жеке дарындардың күш-қуатын, алған бағытын, ұстанған мұратын айқындау мәселесі төңірегінде пікір сайыстары болды. Әдебиетте аты шыққан өкілдерінің шығармалары сарапқа түсті.
Жаңа заманның негізгі идеялары жер-жерде ерікті-еріксіз өріс алып, идеологиялық қаруға айналғанда, төңкерісшілдік тенденция көпшіліктің өрекпіген көңілінен шығуға талпынды. Сәкен Сейфуллин оған серке болды. Оның қоғамдық, мемлекеттік ісі, әлеумет алдындағы абыройы 1922 жылы үш кітабын «(«Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағы, «Қызыл сұңқарлар»» деген төңкерісшіл пьесасы, «Бақыт жолында» драмасы) шығаруға жағдай жасады.
Сәкеннің «Қызыл сұңқарлар» пьесасы бірінші болып сыналды. «Қоңыр» деген бүркеніш атпен «Шолпан» журналының 1922 жылғы 2-3 санында Орынбор қаласынан таяуда ғана Ташкентке ауысқан Мұхтар Әуезов жазды.
Өзі «Еңлік-Кебек», «Бәйбіше-тоқал» трагедияларын жазған автор бұл пьесадағы драматургиялық кем-кетіктерді, диалогтардың олпы-солпылығын, оқиға динамикасының солғындығын, тіл кестесіндегі кейбір оралымсыздықты, адам образдарын сомдаудағы жетіспеушілігін, «кітапта түгел көрінген бір адам (законченный, цельный тип) жоқтықтан, жазушының адам танымайтындығынан бар кісі тұтасып, бір-ақ кісі болып кеткендіктен, екінші, адамдардың жан ыспаты (психологиясы) көрінбейтін жарты адамдар болғандығынан, үшінші, Еркебұлан деген ат сияқты ешбір ойсыз, ақылға сыймайтын, қисындылық (целесобразность) дегеннен алыс тұрған қалыптарына қарағанда, бұл кітапты өзге жақтарынан сынау орынсыз» деп тағы басқа көркемдік біраз кінәраттарды көре білгенімен, негізгі қорытындысын, әсіресе қазақтың төңкерісшіл сахнасына шыққан Еркебұланды даттап ауызға алып, «бәрі сөйлетіп қойған граммофон секілді, бәрі Сейфуллиннің бір-ақ қалыбына соғылған жансыз адамдар» деп табуын қоштай қою қиын.
Ал төңкерісшіл әдебиеттің жақтастары бұл тұжырымға қарсы шығып, «Қызыл сұңқарлардан» басқаша қасиет тапты. «Жыл құсы» деген мақалада «бұл пьесаны еңбекшілер табының төкерісі туғызған, оның геройлары – күллі еңбекші тап. Қоңыр мырза бұл пьесаның қазақ әдебиетінің тарихының бетінде орын алуына шектенсе де, біз шектенбейміз. Қазақ әдебиетінің бет алысын жаңа ағымға бұрып, жол салған – «Қызыл сұңқарлар». Сондықтан ол – «жыл кұсы» («Е.Қ.» 02.02.1923) деген төңкерісшілдер қорытындысын әлеуметтік-көркемдік тұрғыдан кейінгі тарих толық растады.
Ал қазақ кеңес әдебиетінің тұңғышы – «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы жайында «Темірқазық» журналында Нәзір Төреқұловтың атынан шыққан мақала осы даттау тенденциясын соза түсті. Сәкенді творчестволық тұлға деп тану, ақындық өнеріне әділ баға беру мәселесіне ойысқанда «Сөздің қысқасы, мұндай білімсіздікпен өлең жазып, әуре болып жүрудің өзі ұят. Сәкеннің өз ақылымен жазғандары түкке жарамайды. Нәзірдің осы мақаласы 1923 жылы орыс, татар, башқұрт, өзбек, қырым татарлары, тағы басқа тілдерге аударылып басылғанда Қазақсатнның жас қаламгерлері онға тарта мақаламен қарсы жауап бергендерін тәптіштеп айтып жатудың қажеті болмас. Өйткені «Известия Киргизского обкома РКП (б)» журналында тарихи-эстетикалық тұрғыдан «Асау тұлпардың» қадір-қасиеті айқындалды. «Бұл жинақытң кұндылығы мынада: біз әрбір жылдың өзгерісіне байланысты өлең мазмұнының қомақтала түскеніне ерекше назар аударамыз. Бір кезде ұлтшылдық пен халықшылдық ықпалдың күшті болғандығын аңғарамыз, авторға осы ықпалдардан арылу және қазақ әдебиетінде жаңа бағыттың, жаңа жолдың, яғни оны пролетариат идеологиясына жақындату мағынасындағы жаңа бағыттың негізін салу қанша үлкен қиындыққа түскенін көреміз...»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет