1.2. Педагогика ғылымының пәні мен атқаратын қызметі. Негізгі категориялары. Педагогика, түптеп келгенде, "мәңгілік" проблемалармен айналысатынына қарамастан, оның пәні нақты әрі айқын: бұл - оқу-тәрбие мекемелері жүзеге асыратын тәрбие беру қызметі. Педагогика Өзінің бүкіл іс-қимыл әрекетін қоғамда пайда болған тәрбие мен білім беруге, оқытып- үйретуге қатысты Өзекті мәселелерді жедел шешуге жұмылдырып, бағыттап отыратын қолданбалы ғылым ретінде қаралады. Педагогиканың даму негіздері - адамдардың Өмір салтын, дәстүр-дағдысы, әдеп-ғұрпы, халықтық педагогикада берік орныққан тәрбие беру тәжірибесінің сан ғасырлық ғибрат-тағылымдары, философиялық, қоғамтану, педагогикалық және психологиялық еңбектері, тәрбие берудің әлемдік, жеке отандық ағымдағы тәжірибесі. Арнайы ұымдастырылған педагогикалық зерттеулердің деректері, бірегей идеяларымен білім беру және ұрпақ тәрбиесі ісін байытып, жетілдіріп отыратын жаңашыл ұстаздардың тәжірибесі және қазіргі тез Өзгеріп отырған жағдаймен үйлестірілген тәрбие беру жүйелері болып табылады
Педагогика – кеңау қымды, сан салалығылым. Оның зерттейтін пәнініңк үрделілігі сондай, жеке, тіпті аса жан-жақты ғылымның Өзі оның мәнін, барлық байланыстары мен құралдарын қамти алмас еді. Ақпарат-деректерді жинайотырып, ұзақ даму жолынан Өткен педагогика бүгінгі таңда ғылыми білімнің сан салалы жүйесіне айналды. Сондықтан қазіргі заманғы педагогиканы тәрбие туралы ғылымның жүйесі деп атаған жӨн.
Педагогиканың осы заманғы ең қысқа, жалпы және сонымен қатар шартты түрдегі дәл анықтамасы - бұл адамды тәрбиелеу туралы ғылым.
Тәрбие - жеке тұлғаны қалыптастыру жолында мақсатты және Өйымдасқан түрде жүзеге асырылатын процесс. Педагогикада "тәрбие" ұғымы әлеуметтік мәні тӨрғысынан кең және тар мағынада қолданылады.
Аға ұрпақтың Өзінің жинақталып, сараланған тәжірибесін кейінгі ұрпаққа беруі тәрбиенің кең әлеуметтік мәні болып табылады. Тәжірибеге адамдарға белгілі білім, шеберлік, ойлау әдістері, адамгершілік, әдептілік, құқықтық нормалар - бір сӨзбен айтқаңда, тарихи даму процесінде жасалып, берік қалыптасқан адамзат баласының бүкіл рухани мұралары жатады.
Алдыңғы ұрпақтың тар жол, тайғақ соқпақтарында жинақталған Өмірлік тәжірибелерін келер Өрпақ пайдаланып, байытып отырды, соның арқасында адамзат баласы жан сақтап, тіршілік етіп, бірте-бірте буыны бекіп, қатайды және осы заманғы даму деңгейіне жетті. Тәжірибе жоғалған жерде тәрбие қайнары тартылып, шӨлге айналады, мӨндай оқиғаларды тарих айғақтады. Тәрбие ісін дӨрыс жолға қойған халық ғана Өз дамуында үлкен табыстарға қол жеткізетінін қоғам дамуының тарихи процесі айқын дәлелдеп отыр.
Әрбір ғылым, Өз мәселелерін алдымен ұғымдық түсініктемелерге сай қарастырады. Олай болса, педагогика ғылымының да Өзіндік ұғымдары, яғни категориялары бар. Педагогикалық категория дегеніміз ғылыми сараланған тұжырымдарды білдіретін негізгі педагогикалық ұғымдар. Дәлірек айтқанда, болмыстың жалпы белгісін, басты сипатын айқындайтын ғылыми ұғым. Негізгі педагогикалық категорияларға тәрбие, оқыту және білім беру жатады. Педагогика ғылымы, сондай-ақ даму және қалыптасу, қайта тәрбиелеу сияқты жалпы ғылыми категорияларға сүйенеді және оларды Өзіне негіз етеді.
Тәрбие - тарихи ұғым. Ол адамзат қоғамымен бірге пайда болып, оның Өмір сүруі мен дамуының ажырамас бӨлігіне айналды және қоғам Өмір сүріп тӨрғанда ол да Өмір сүретін болады. Сондықтан да тәрбие - жалпыға ортақ және мәңгілік категория.
КӨптеген философтар қоғам Өмірін басқарып, реттеп отыратын заңдарға талдау жасай отырып, тәрбие мен қоғамның Өңдірістік күштерінің даму деңгейі арасында объективтік байланыс бар екенін дәлелдеді. Тәрбие қоғам дамуына ықпал етеді, ал қоғам тәрбие беруге кең мүмкіндіктер жасайды, оның қоғам Өмірінің маңызды саласы ретінде дамуына жағдай туғызады.
Тәрбиенің бағыт-бағдары, сипаты Өндірістік күштердің даму деңгейіне және Өндірістік қатынастардың сипатына сәйкес келеді. Сондықтан да тәрбие нақты-тарихи сипатқа ие болады.
Қоғамдық-экономикалық формация нысанының Өзгеруі тәрбие нысанының да Өзгеруін туғызады. Қоғамдық қатынастардың Өзгеруіне байланысты тәрбиенің мақсаты, міндеттері, нысандары Өзгереді.
Тәрбиенің тар педагогикалық мәні - бӨл тәрбиеленушіге Өжымның, тәрбиешілердің Өйымдасқан, нысаналы және басқарылып отыратын іс-қимылы, ол оқу-тәрбие мекемелерінде жүзеге асырылатын және бүкіл оқу-тәрбие процесін қамтитын алдын ала белгіленген сапаларды тәрбиеленушілерде қалыптастыру мақсатын кӨздейді.
Педагогикада, Өзге де әлеуметтік ғылымдарда да "тәрбие" үғымы біртӨтас тәрбие беру процесінің құрамдас бӨліктерін айқындау үшін қолданылады. Айталық, мысалы, "адамгершілік тәрбиесі", "эстетикалық тәрбие".
Негізгі педагогикалық категорияларға кейбір ғалым-педагоггар "Өзін-Өзі тәрбиелеу","Өзін-Өзі білімдендіру","Өзін-Өзі жетілдіру", "педагогикалық процесс", "әлеуметтендіру" сияқты жалпылама үғымдарды да ұсынады. Аталған ұғымдардың педагогика теориясының маңызды құрамдас бӨлігі ретінде мойындай отырып, олардын Өзіндік мәнін арнаулы мәселелерді зерттеу кӨзінде қарастыратын боламыз.
Жоғарыда айқындағанымыздай, тәрбие жалпыға ортақ және мәңгілік категория. БӨл тәрбие барлық уақыт пен халыққа жарамды дегенді білдіреді ме? Әрине, жоқ. Солай десек те, жаңа әлеуметтік-экономикалық формация қираған ескі қоғам үйіндісі үстінде пайда болады: адамзат баласының қол жеткізген мәдени деңгейінде тарихи сабақтастық бар. Тәрбиенің барлық әлеуметтік-экономикалық формацияларға тән кейбір ортақ белгілері болады және олар сол қоғамның бүкіл тарихи дамуы барысында кӨрініп отырады деген сӨз.
Адамдар бойында ізгі құндылық қасиеттерді қалыптастыруға мақсатты бағдарланған, сонымен қатар сапалы орындалатын педагогикалық процесс. Педагогиканың келесі негізгі категориясы - оқыту. Бұл оқытушылар мен оқушылардың білімді, қабілетті, дағдыларды бойға сіңіріп, игеруге, оқушылардың дүниеге кӨзқарасын қалыптастыруға, ақыл-ой күштері мен әлуетті мүмкіндіктерін жетілдіруге, алға қойған мақсаттарға сай Өзін-Өзі білімдендіру дағдыларын орнықтыруға бағытталған ұйымдасқан, мақсатты және басқару арқылы жүзеге асырылатын Өзара іс-қимыл жасау процесі. Оқытып-үйретудің негізін білім, қабілет және дағды құрайды.
"Тәрбие" мен "оқытып-үйрету" ұғымдары бір-бірімен қабысып, Өзара астасып жатқан категориялар.