Пысықтау сабағы.
Қайталап жинақтау, қорыту сабағы.
Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
Білім сынау сабағы.
Шет елдер тәжірибесінен,
атап айтсақ, Чехословакия мектептерінен мысал келтірсек,
ондағы
сабақты
жіктеуде
біздің
тәжірибемізге
ұқсастығын
байқаймыз.
Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы.
Жаттығу сабағы.
Қорыту сабағы.
Қайталау, білім сынау сабағы.
Аралас сабақ.
М.И.Махмутов сабақты мақсатына қарай, детерменді жалпы-дидактикалық
мақсатына қатысты, меңгеруге тиісті материал мазмұныңа
байланысты және оқушының
қабылдауына орай жіктейді. Ол сабақтың төмендегідей бес түріне тоқталады:
1) Жаңа оқу материалын өту сабағы;
2) Білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы;
3) Жинақтау және жүйелеу сабағы;
4) Аралас сабақ;
5) Бақылау, білімге, дағды, қабілетке түзету енгізу сабағы.
Сабақ жіктемесінің әр түрлілігі: дидактикалық пайым мен тұжырымдардың болуы,
тәжірибеде тұрақталған сабақ түрлерінің негізгі дидактикалық міндеттері мен оның
кешендеріне байланысты.
Атап айтқанда: 1) Кіріспе сабақ; 2) Жаңа сабақты өту; 3) Білімді бекіту сабағы; 4)
Жинақтау сабағы; 5) Есепті-бақылау, аралас сабақ; 6) Диспут, КВН сабақтары.
Сабақтың басқа түрлері өздігінен сабақ (репродуктивті түр
- ауызша және жазбаша;
жаттығу); зертхана сабағы; тәжірибе сабағы; экскурсия сабағы; семинар сабағы.
Қорыту және пысықтау сабақтары негізгі екі дидактикалық міндетті шешуге
бағытталған:
1) Оқушылардың теориялық
білім деңгейлерін көрсетеді;
2) Бағдарламаның өзекті мәселелерін меңгеруде танымдық қызметке қатысты әдістерді
қолдануын бұрынғы меңгерген білімнің маңызын ашу амалдарын, барлық бағдарлама
бойынша өткен материалдарды оқушылардың
игерудегі біліктілік, икем және
қабілеттілігін тексеру. Мұның өзі тоқсандық, жарты жылдық және оқу жылында
жүргізіледі.
Аралас сабақтың жіктемемен берген кіші құрылымының
әдістемелік бөліктері
оқыту ситуаңиясының жағдайына бағынышты болып келеді және мұғалімнің педагогтік
шеберлігі әсер етіп, көбінесе бірінен-біріне тәжірибесі ауысып отырады, сабақтың кейбір
рет тәртібін өзгертеді, мұның өзі әр мұғалімнің танымдық үрдісін ұйымдастыру тәсіліне
тәуелді. Мұндай жағдайда сабақ құрылымы оңтайлы, жеңіл болып мұғалім өз жұмысын
жауапты қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: