Дауалау және індет ошағынан арылу шаралары жүйесінде
ветсанитариялық шаралардың сақталуы, сырттан әкелінген жануарларды
дауалық карантиндеу, жануарларды дұрыс, құнарлы азықтармен азықтан-
дыру, таза сумен суару маңызды саналады.
Індет ошағы анықталған жағдайда ветсанитариялық шаралар тәртібін
қатаң сақтап, ауру мал тобын оқшаулау қажет.
24- тәжірибелік сабақ. Доңыздың жұқпалы атрофиялық ринитін мен вирустық энзоотикалық ауруларын балау, олармен күрес шаралары Керекті жабдықтар. Диапозитивтер, слайдтар, видеофильм, фотосу-
реттер.
Орны және жүргізу әдістемесі. Сабақ кафедра дәрісханасында жүргізі-
леді. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, түрлі індеттік жағдайға байланысты
құрылған іскерлік ойын тапсырмаларын орындайды.
Инфекциялық атрофиялық ринит(Rhinitis infectiosa atrophica,
инфекционный атрофический ринит) – танаудың кілегейлі қабығының қабы-
нуымен, түшкірумен, көзден жас ағумен, соңында кеңсіріктің, жақ сүйекте-
рінің қисайып өзгеріске ұшырауымен ерекшеленетін, созылмалы түрде өтетін
инфекциялық ауру.
А у р у қ о з д ы р у ш ы с ы – Bordetella bronchiseptica, қозғалмайтын
Грамм теріс таяқша, сыртқы ортаға төзімді, тиімді дезинфектант ретінде
күйдіргіш натрдың 3%-ды, креолин эмульсиясының 5%-ды ыстық ертінділері
қолданылады.
І н д е т т а н у л ы қ з е р т т е у жүргізгенде негізінен 1-3 апталық
торайлардың ауруға жиі шалдығатыны, індет созылмалы түрде байқалатыны,
аэрогенді және алиментарлы жолмен жұғатыны ескеріледі.
К л и н и к а л ы қ б е л г і л е р бұл ауруда өте тән. 15 күнге дейінгі
торайларда катаральды ринит түрінде өтеді. Ауырған торайлар жиі түшкіріп,
тұмсықтарын қабырғаларға сүрткілеп, 1-2 аптада біразі өлімге шалдығады.
Кейбіреуінде іріңді отит байқалып, жүйке жүйесінің зақымдалуынан
туындайтын белгілер байқалады. Аурудың соңғы кезеңдерінде кеңсіріктің
және үстіңгі жақ сүйектерінің атрофиялануы анықталады.
Өлекселерді сойып қарағанда п а т о л о г и я л ы қ-а н а т о м и я л ы қ
өзгерістер негізінен кеңсірікте, жақ сүйектерінде көрінеді. Танау қуысының
сүйектерінің семуімен қатар іріңді эррозиялар, қанталаулар байқалады.