Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет4/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

    Бұл бет үшін навигация:
  • BBAT
Р<0.01– көрсеткiштер айырмашылығы статистикалық анық (елеулi) 
ЖШС – жауаптылығы шектелген серiктестiк 
НТҚ – нормативтiк-техникалық құжат 



ТШ – техникалық шарттар
ӨН – өндiру нұсқауы 
ГОСТ (Государственный общесоюзный стандарт) – Бүкiлодақтық 
мемлекеттiк стандарт 
РР – Риванол реакциясы 
ПТР – полимераздық тізбектеу реакциясы
VH – вирусты бейтараптау реакциясы 
ELISA – иммундыабсорбциялық ферменттiк талдау 
AGID – Агар гелiндегi иммундық диффузия
FAVN – флюоресценттi антиденелермен вирусты бейтараптау 
реакциясы 
FPA – флюоресценттiк поляризация әдiсi 
NPLA – байланысқан пероксидазаны талдау
BBAT – буферленген Brucella антигенiмен тест 
Agg – агглютинация реакциясы 
Agent id – патогендi ауру қоздырушысының түрiн анықтау (идентифи-
кациялау)
DTH – баяу типтi сезiмталдық (аллергиялық әдiс)
PRN оба вирусын бейтараптау
IFA – антидененi жанама иммунды флюоресценттеу 
CF – комплементтi байланыстыру реакциясы
HI – гемагглютинацияны ингибирлеу
MAT – микроагглютинация реакциясы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



1-бөлім. ЖАЛПЫ ІНДЕТТАНУ 
 
1-тарау. ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС 
Ветеринарияның жұқпалы ауруларға қарсы күресте ұстанған басты 
бағыты iндеттiң дер уақытында (ерте) алдын алу (дауалау, яғни профи-
лактикалау). 
Жұқпалы аурулардың дер уақытында алдын алу үшiн инфекциялық 
және iндет процестерiн, олардың даму заңдылықтарын бiлу қажет. 
Инфекцияның 1-суретте көрсетілген түрлерін, байқалу ерекшеліктерін 
білу, жұқпалы ауруға дер уақытында балау қойып, оның індет ошағында 
жалпы және арнайы шараларды тиімді жіргізуге мүмкіндік береді.
Бұл бөлiмдегi тақырыптар жалпы iндеттану бойынша студенттердiң 
дәрiс материалдарынан, оқулықтардан (тақырыптары: «Инфекция және жұқ-
палы аурулар», «Иммунитет және иммунологиялық икемдiлiк», «Iндет 
процесi және оның қозғаушы күштерi», «Індет ошағы», «Індеттанулық 
мониторинг», «Індетке қарсы шаралар жүйесі») алған теориялық дайындық-
тарына негiзделген.
Алдымен жұқпалы ауруларға шалдыққан жануарлармен, жұқпалы 
материалдармен және iндетке қарсы шаралар жүргiзген кезде жеке бастың 
сақтық шараларымен, жұқпалы аурумен ауырған жануарлар тұратын 
оқшауханалармен танысып, инфекциялық ауруларды анықтауға қолданы-
латын нозологиялық балау әдiстерiн зертханалық жағдайда меңгередi.
Зертханалық және практикалық сабақтарда инфекциялық ауруларда
қолданылатын түрлi құрал-жабдықтарды жұмысқа дайындау, оларды қол-
дануды меңгерiп, ветеринариялық клиника немесе шаруашылық жағдайында 
тiрi малдан қан, нәжiс, зәр, т.б., өлекседен патологиялық материал алу
оларды бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, биологиялық 
зерттеулерге жiберу тәсiлдерiн, iндеттанулық зерттеу әдiстерiн үйренедi. 
Нәтижесiнде, студенттер жұқпалы ауруларға қарсы қолданылатын ұйым-
дастыру-шаруашылық, ветеринария-санитариялық және арнайы шараларды 
орындауды бiлулерi керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет