Тікелей калориметрия – организмнен бөлінген жылуды бикалориметрде (Этуотер-Бенедикт камерасы) тікелей өлшеу.
Жанама калориметрия – энергия шығынын денеге сіңген оттегінің не денеден шыққан көмірқышқыл газының мөлшерін өлшеу арқылы анықтайды (Дуглас әдісі, оксиспирография).
Энергия алмасуды өлшеу үшін келесі көрсеткіштерді қолданады
Тыныс коэффициенті – ТК= СО2 (бөлінген мөшері) О2 (сіңірілген мөлшері)
Тағам түріне байланысты
ТКбелоктар үшін =0,8
ТКкөмірсулар үшін =1,0
ТКмайлар үшін =0,7
ТКаралас тамақ үшін =0,85
2) Оттегінің калориялық эквиваленті–1 л О2 пайдаланылғанда бөлінетін энергия мөлшері. Аралас тамақтанғанда = 4,865 ккал.
3) Қоректік заттардың калориялық коэффициенті.
Калориялық немесе жылу коэффициенті – 1 г зат жанғанда босап шығатын жылу мөлшері