Көмірсу алмасуына ми қыртысы, гипоталамус, ішкі сөлініс бездер әсер етеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің қозуынан адреналин глюкозаның қанға өтуін күшейтеді бауырдағы гликогенолиз үрдісін ативтеу арқылы . Парасимпатикалық жүйке гликоген түзілуін күшейтеді-(гликогенез үрдісін жоғарлатады).
Май алмасуы.
Май алмасуы.
Май негізгі энергия көзі, пластикалық маңызы. Тәулігіне -70-100г майы керек. Майдың ыдырау өнімдері (моноглицерид, май қышқылдары, өттің қатысуымен мицелла түрінде, ішек эпителиіне өтеді (пиноцитоз жолымен). Одан шыққан өт қышқылдары қанға сіңеді, эпителийге өткен моноглицеридтер мен май қышқылдардан адамға тән май түзіледі. Май мен холестерин, белок молеклалары хиломикрон құрып, эпителий мембранасынан өтіп, лимфаға, қанға сіңеді.
Май алмасуының реттейтін арнайы орталық гипотаталамуста орналасқан. Симпатикалық жүйке жүйесі денедегі май қорының жұмсалу және тотығу қарқынын күшейтеді. Парасимпатикалық ж.ж. май алмасуына керісінше әсер етеді.