Негізгі алмасу.
Негізгі алмасу – тіршілікке қажетті ең төменгі энергия алмасуы. Негізгі алмасуды стандартты жағдайларда анықтайды:
- аш қарында, ас қабылдаған соң 12-14 сағаттан кейін.
- дене еттері босаңсыған, толық тыныштық күйде.
- комфортты температурада – 18-22оС
Ересек адам үшін негізгі алмасудың орташа мәні 1 ккал/кг/сағ тең.
Салмағы 70 кг, бойы 165-170, жасы 35-16 ересек ер адам үшін негізгі алмасудың мәні = 1700 ккал/тәул
Әйелдер үшін = 1500 ккал/тәул
Энергияның «жұмысшы алмасуы»
Энергия шығынының мөлшері жұмыс түріне қарай өзгереді.
Еңбек қарқынына байланысты ересек адамдар үшін энергия шығынының орташа мөлшерлері жасалған жасалып, бес кәсіби топқа бөлінеді.
Кәсіп түріне қарай организмнің энегрия шығыны
Топ
|
Кәсіп түрі
|
Энергия шығыны, ккал/тәул
|
1
|
Қара жұмысқа қатысы жоқ мамандықтар: мекеме басшылары, ғылыми қызметкерлер, баспасөз қызметкерлері, инженер-техник қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер т.б.
|
2200-2800
|
2
|
Дене еңбегімен және жеңіл еңбекпен айналысатындар: инженер-техник қызметкерлері, агрономдар, мал дәрігерлері, дүкеншілер, дәрігер мен медбикелер, санитарлар, жаттықтырушылар, т.б.
|
2300-3000
|
3
|
Еңбегі механикаландырылған мамандықтар: станокта істейтін жұмысшылар, токарьлар, жеңіл көлік жүргізушілер, хируротар, бригадирлер.
|
2500-3200
|
4
|
Жартылай механикаландырылған мамандықтар: ауыл шаруашылығы жұмысшылары, мұнайшылар, металлургтер, балташылар, от жағушылар, ұсталар.
|
2900-3700
|
5
|
Қара жұмысшылар: тасушылар, шахтерлер, болат қорытушылар, ағаш кесушілер.
|
3900-4300
|
Достарыңызбен бөлісу: |