бет 3/4 Дата 17.11.2023 өлшемі 66 Kb. #124296
Өлшеу әдісінің жіктелу і 1. Дәлдік сипаттамасы бойынша дәлдігі теңдей және дәлдігі теңдей емес өлшеулер 1.1.Физикалық шаманың тең дәлдікті өлшеуі - сәйкес бастапқы шарттарда , дәлдігі бірдей ӨҚ бір шаманы бірнеше рет өлшеу 1.2. Физикалық шаманың теңдей емес дәлдікті өлшеуі - түрлі бастапқы шарттарда, дәлдігі бірдей емес ӨҚ бір шаманы бірнеше рет өлшеу Өлшеу әдісінің жіктелуі 2. Өлшеу саны бойынша өлшеулер: 2.1. Бірреттік өлшеу – бір шаманы бір рет өлшеу; 2.2. Көпреттік өлшеу – бір немесе бірнеше шаманы төрт және одан көп рет өлшеу Ең аз дегенде төрт рет өлшеу керек. Көпреттік өлшеуде қателік азаяды. Өлшеу әдісінің жіктелуі 3. Өлшенетін шаманың өзгеру типіне байланысты: 3.1. Статикалық өлшеулер – өзгермейтін тұрақты физикалық шаманы өлшеу 3.2. Динамикалық өлшеулер – өзгеріп отыратын, тұрақсыз физикалық шаманы өлшеу Өлшеу әдісінің жіктелуі 4. Арналуы бойынша: 4.1. Техникалық өлшеулер – техникалық өлшеу құралдарымен орындалатын өлшеулер ; 4.2. Метрологиялық өлшеулер – эталондарды қолданып жүргізетін өлшеулер. Өлшеу әдісінің жіктелуі 5. Өлшеу нәтижелерін беру тәсілдері бойынша 5.1. Абсолюттік өлшеу – негізгі шаманы тікелей өлшеу , немесе физикалық константаны пайдалану 5.2. Қатынасты өлшеу – бірқалыпты шамалар қатынасы анықталатын, бөлінді салыстырылатын шама, ал бөлгіш – салыстыру негізі (бірлігі) болатын өлшеу Өлшеу әдісінің жіктелуі 6. Өлшеу нәтижелерін алу әдістері бойынша: 6.1. Тікелей өлшеу – мөлшер көмегімен орындалатын өлшеу, өлшенетін шама тікелей оның мөлшерімен салыстырылады 6.2. Жанама өлшем - қажетті шаманы тікелей өлшеу кезінде табылған шамамен осы шаманың алдын ала белгілі өз-ара тәуелділігі арқылы анықталатын өлшеу 6.3. Жиынтықты өлшеу - бір уақытта бірнеше аттас шамаларды өлшеп, қажет деген шаманы, тікелей өлшеу кезінде алынған шамалардың әртүрлі қисынын теңдеулер жүйесін қолданып шешу арқылы анықталған өлшеу 6.4. Біріккен өлшеу - екі немесе бірнеше аттас емес шамаларды бір уақытта өлшеп, олардың өз-ара тәуелділігін анықтауға болатын өлшеу. Достарыңызбен бөлісу: