II. Адам өміріндегі салауатты өмір сүрудегі түп негізі спортпен айналысудың басты себептері
2.1 Адам өмірінде дене белсенділігінің теориялық маңызы
Қазіргі таңда ғалымдардың үлкен зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ДНҚ тұрғысынан спортпен айналысу адамның ерте қартаю процесін тежейтіндігін анықтады. Үнемі жаттығу жасау әртүрлі хромосомалар мен жасушалардың жойылуының алдын алады. Үнемі физикалық белсенді адамдар өздерінің өмір жастарын біршама ұзартады, психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ дене бітімдерінің әдеміліктері де сақталады. Ал керсінше, аз қозғалатын адамдар дененің май басуы,дененің әлсіреуін, бұлшықеттер- атрофияланған, сүйектері-нәзік болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан адам өзінің күнделікті өміріне біртіндеп спортпен айналысуды кіріктіруі қажет. Бірден ауыр жаттығуларды бастау керек емес, себебі организм шок алуы мүмкін. Аз жаттығулардан, қиын түріне қарай бағытталуы қажет. Салауатты өмір салтын дұрыс ұстану да өте маңызды.
Баршамызға белгілі, іс-әрекет-ол өмір негізі. Адам өміріндегі дене белсенділігінің маңызы өте ауқымды, ештеңемен ауыстыруға келмейтін дара ұғым.
Физикалық дене белсенділігі-ол:
-Мықты денсаулық. Аз қимылдау адамның ерте өлуіне алып келетін басты себептерінің бірі.
-Мықты, тұрақты психика. Физикалық іс-әрекет адам миында бақыт гармонын бөлуге қамтамасыз етеді.
-Әдемілік және жастық шақ. Дене қимылы адам денесіндегі майды ыдыратады, целлюлиттерді кетіреді, бұлшықеттерді қатайтады, коллегендердің бөлінуін қамтамасыз етеді, ең маңызды эластина белогын өндіруге ықпал етеді. Бұл белок терінің негізгі құрам бірлігі, әдемілік пен ерте қартаймауға әсер етеді. Әжім түсірмейді.
-Сүйектің үнемі әрекетін қамтамасыз етеді. Аз қимылдайтын адамдарда остехондриоз симтомдары басым болып келеді.Сүйектің қозғалмалдығы баяулап, екі омыртқалардың арасына ет өсіп. Адам үнемі ауырсыну қасиетке ие болады. Жотасы үнемі ашып жүретін болады.
Адам денсаулығына спорт қалай әсер етеді
Спорт бұл:
-Сау қан айналым жүйе. Спортпен айналысу қан айналымды жақсартады, осы тұрғыдағы аурулардың екі есе азайтады. Жүрек пен қан айналым жұмыстарын жақсартатын арнайы жаттығулар бар. Оларды кардиожаттығулар деп атайды.
-Сау тірек-қимыл жүйесі. Физикалық белсенділік сүйек және тірек ұлпаларының жұмысын жақсартады. Көп белсенділік болмағандықтан сүйек әлсіреп, тез сынғыш болады.
-Мықты бұлшықет. Адам бұлшықеттерін өсіретін арнайы жаттығулар бар. Бірақ оның барлығы барлық адамдарға қажеті жоқ. Ең бастысы бүлшық еттің тоннусын жақсартып отырғаны дұрыс. Себебі олар спазмға түсіп қалуы мүмкін. Сондықтан үнемі жаттығу жасап тұру қажет, Себебі белсенділік бұлшықетке оттегін емін-еркін жеткізеді, жасушада май алмасу және метоболиизм қызметтері жақсарады.
Әр спортсмен білетін дүние ол, физикалық дене қимылдарының екі түрі бар. Біріншісі аэробты, ал екіншісі анаэробты. Ол екеуінің өзіне тән механизмдері бар. Сонымен қатар екеуі де адам денсаулығына екі түрлі әсер етеді.
Аэробты жаттығулар- бұл жаттығудың негізгі энергия көзі оттек болып табылады. Бұларға: жаяу жүру, жүгіру, жүзу, би, велесипед тебу, т.б. Бұл жаттығулармен айналысқанда бүкіл денеде оттек қамтамасыз етіледі.
Анаэробты жаттығулар- бұл жаттығулардың энергия көзі оттек емес, қышқылданған заттар болып табылады. Липидтердің (майлардың гликогендердің, қанттардың ыдырауынан пайда болған заттар). Ол заттар жасушаның митохондрия деген аргоноидында қорға жиналатын болады. Ол заттар көмекке организмде оттек көмегімен энергия жетпей жатқанда қолданылады. Ауыр жаттығуларды жасағанда 20 мин дейін жетеді.
Бұл жаттығудың негізгі мақсаты-қан айналым жүйесін жақсарту және майды ыдырату болып табылады.Сонымен қатар анаэробты жаттығулар бұлшықет көлемін арттыру үшін де қолданылады. Фитнес, кардиожаттығулар үшін.
Спорт пен психология егіз дегенді қалай түсінуге болады?
Жарты ғасыр бұрын ғалымдар жаман психологиялық күйден арылу үшін, спорт үлкен роль атқарады деген ұғымға келген. Осы тұрғыдан зерттеу жұмыстары жүргізілген. Екі ер адамды алып, бірін-жарты ай бойы дене белсенділігін сақтап, жаттығу жасатқан, екіншісіне аз қозғалмалы өмір салтын ұстатқан. Зерттеу соңында бірінші жігіт өмірде көп қуанып, көңілді жүрген. Ал екінші жігіт үнемі ашуланып, барлық нәрсеге кері көз қараста болған. Бұның себебі неде?
Спорт адам денесінде бақыт гармоны болып саналатын-эндорфиндерді бөлуге шақырады. Бұл гармон адам миына тікелей әсер етіп, адамды көңіл күйін жақсартады. Табиғи антидепрессант десек артық айтпаған болармыз.
Спортпен айналысатын адамдарда депрессия, стресс, агрессия, қобалжу, ұйқысыздық аз болады.
Сномен қатар адады спортпен айналысу – мақсатқа жету, төзімділік, батылдылық, өзін-өзі тәрбиелеу, шешім қабылдау секілді дағдыларды иемденуге тәрбиелейді.
Адамның тұлға болып қалыптасуына ең маңызды әсер ететіні ол командалық ойындар. Олар жақсы тілдесу, ұжымда жұмыс жасау, жауапкершілік т.б. қасиеттерді дамытады. Атап айтқанда, футбол, волейбол, баскетбол т.б. Осы ойындарды ойындау барысында адамдар тез шешім қабылдауды үйренеді. Адамның самоойенкасы көтеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |