Негізгі бөлім I дене шынықтыру және спорт арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырудың теориялық негіздері



бет8/11
Дата15.04.2023
өлшемі50,78 Kb.
#82668
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Спорт 1

Жетілуші ағзаға спорттың әсері
Спорт пен баланың денсаулығы қаншалықты байланысты екендігін медициналық статистика көрсетеді. Дәрігерлердің статистикасына сүйенсек, жиі ауыратын балалар мен жасөспірімдердің 70 пайызы спортпен шұғылданбайды және денешынықтыру сабағына қатыспайды. Мектепте миға түсетін салмақ, үйде үнемі компьютердің немесе теледидардың алдында телміріп отыру ағзаның физикалық қуат алмауына әкеп соғады.
Бұл функционалды бұзылыстарға соқтырып, оқушылар мен студенттерді «жас қарияға» айналуына әсер етіп, үлкен жастағы кісілерде кездесетін түрлі аурулардың дамуына себеп болады.
Оқушылар мен студенттер үшін денешынықтыру сабақтары мен спортпен шұғылданудың маңызын айтып жеткізу мүмкін емес, жас ағзаға және жетіліп келе жатқан денеге үнемі қозғалыста жүру қажет. Қазіргі балалардың қимылы аз өмір салты дәрігерлер мен педагогтардың алаңдаушылығын туғызып отыр.











Баланың организміне спорттың әсері


Бала туылғаннан бастап дене қимылында болатыны анық. Бала өмірінде спорт ол маңызды рол атқарады. Денсаулығына да, тұлға болып дамуына да, организмнің дұрыс дамып өсуіне де маңызды. Біздің білім жүйемізде дене шынықтыру пәні мектеп алды даярлық сыныбынан бастап, 11-сыныпқа дейін кіріктірілгені бекер еместігі анық. Тіпті ЖОО-да да кіріктірілген. Мектеп жасында балалар өз икемдеріне қарай спорт түрлеріне курсқа жазылып жатады.Кейіннен өсе келе бала үшін спорт таңдаудағы соңғы сөз ата-анада болады, себебі олардың балалық шағында өз армандары болған. Егер анасының ұлы гимнастшы болу деген арманы орындалмай қалса, ол қызын гимнастикалық секцияға беруі бек мүмкін. Немесе футболды жаны сүйген (немесе сүйетін) әкесі ұлының әлемдік футбол жұлдызы болуын қалайтын болар. Міне мұндайда жағдайлар кездесіп жатады.

Денешынықтыру, спорт және денсаулық бір-бірімен тығыз байланысты. Экологиялық факторлардың әсері, заманауи өмір ырғағы, үнемі агрессивті, ашушаң адамдардың ортасында жүру адам ағзасын әлсіретеді. Сондықтан да ағзаның қорғаныш күшін нығайту өте маңызды. Оны дұрыс тамақтанып, түрлі мазасыздықтарды уақытында емдеп, алдын алу шараларын жүргізіп, иммунитетті нығайтатын іс-әрекеттер жасап, сонымен бірге физикалық белсенділікті сақтау арқылы іске асыра аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет