Негізгі бөлім I дене шынықтыру және спорт арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырудың теориялық негіздері


Жалпы бала өмірі үшін спорттың не пайдасы бар?



бет9/11
Дата15.04.2023
өлшемі50,78 Kb.
#82668
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Спорт 1

Жалпы бала өмірі үшін спорттың не пайдасы бар?


Балалар үнемі қозғалыста жүреді, тыным таппай жүгіру, секіру — балаларға тән нәрсе. Алайда, дене белсенділігінің белгілі бір түрімен тұрақты түрде айналысу мынадай артықшылықтарға ие:
• Төзімділігі артады.
• Тұрмыстық жарақаттадың алдын-алатындай буындар нығайтылады.
• Мінез шыңдалады — бала үйінде ата-анасына еркелеп, «қалаймын», «істемеймін» деп қылжаққа салатыны бар, ал командада олай жасай алмайды. Бала өзіне жауапкершілік алуды үйренеді.
• Мақсатқа ұмтылу деген мінез сауатты құрылған жаттығулар кезінде пайда болады. Жаттықтырушы балалардың алдына мақсат қойып, оларға қол жеткізуді үйретеді.
• Реакция жылдамдығы балаға қауіпті жағдайларда дұрыс бағдар жасауына көмектеседі.
• Ересек өмірге дайындық. Тәртіп пен қозғалыс белсенділігіне үйренген бала ересек жаста да қозғалысқа деген сүйіспеншілігін және мақсатқа жету қабілетін сақтайды.
• Жалпы денсаулық нығаяды, қан айналым жақсарады, өкпе сыйымдылығы артады.





Баланың жасы және спорт

Гимнастика


Көркем гимнастика секциясында баланы 3-4 жасынан бастап дайындайды. Оған арнайы костюм, қыздарға қосымша — түйреуіш, секіргіш, доп секілді құралдары керек. Гимнастика икемділік, әдемі жүру, ептілік сияқты қасиеттерді дамытады. Өзін-өзі бағалауын арттырады, мінсіз сымбат қалыптастырады. Жақыннан көре алмаушылықтың кез-келген дәрежесінде айналысуға тыйым салынады, өте ауыр спорт деп саналады.

Жүзу


Жүзу — бұл да спорт, оған баланы 3 жастан бастап алады. Оның жабдықтары аса көп емес — суда жүзетін киім, көзілдірік және бас киім. Жүзу омыртқаның проблемаларына (сколиоз), сондай-ақ семіздікке шалдыққан балаларға пайдалы. Ол қан айналымын жақсартады, тыныс алу жүйесін реттейді. Жүзгіш балалардың сүйек-бұлшық ет жүйесі дұрыс дамиды. Қарсы көрсетілімдері де жоқ емес, олар: туберкулез, көз аурулары, тері және ЛОР-аурулары және ойық жара ауруы.

Хоккей


Хоккеймен балалар 4 жастан бастап айналыса алады. Қажет құрал-жабдықтары: коньки, дулыға, майка, рейтуз, клюшка, кеудеге және аяққа арналған қалқандар. Бұл ойыннан балалар жинақы, әрі епті болады. Ағзаның маңызды жүйелері — тыныс алу, жүрек- қан тамыр, сүйек-бұлшықет, сондай-ақ жүйке жүйесі нығаяды. Хоккеймен жақыннан көре алмаушылықпен ауыратын және жүрек ақауы бар балаларға айналысуға болмайды. Бала мүмкіндігінше күнделікті жаттығуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет