әл-Фараби атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы
Университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінде бекітілді
Хаттама №__ «__»__ 2013 ж.
Оқу жұмысы жөніндегі проректор
___________________ Әбдібеков У.С.
"____"_______ 2013 ж.
Келісілген:
Факультет деканы
_____________________ Масалимова Ә.Р.
"_______"___________2013 ж.
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Жаһандану және қазақ мәдениетінің өркениеттік теориясы
Мамандық: 6M0204 – мәдениеттану
Оқу формасы: күндізгі
Алматы 2013 ж.
Пән ОӘК-ін филос. ғ.д., профессор Ғабитов Т.Х. «мәдениеттану» мамандығы бойынша оқытуға арналған Типтік оқу жоспары негізінде дайындады
Дінтану және мәдениеттану кафедрасының мәжілісінде талқыланып мақұлданды.
« » 2013 ж., хаттама №
Кафедра меңг. _________________ Құрманәлиева А.Д.
Факультет әдістемелік кеңесінде (бюросында) ұсынылды
« » 2013 ж., хаттама №
Төрайым _______________________Саитова Н.А.
Силлабус
Алғысөз
Адамзат тарихында қоғам уақыт өткен сайын түбегейлі өзгерістерге ұшырап, жаһандану жағдайында өз құндылықтарын ой елегінен қайта өткізіп, рухани жаңғыруға даңғыл жол ашуда. Сондықтан бүгінгі таңда жаһандану және мәдениет пәнінің өзекті мәселелерін, әсіресе, бұрыннан қалыптасқан мәдени құндылықтар жүйесін жаңа заман тұрғысынан қайта қарау қажеттілігі туындап отыр. Сындарлы кезеңдердің талқысынан өтіп қана қоймай, осы бір тарихи дәуірлердің рухын жинақтап, мейлінше бай тәжірибе-тағылымды өз бойына сіңіре білген, өзінің сан-сапалық қасиеттерімен ерекшеленетін мәдениет атты ұлы күштің бағзы замандардан-ақ адамзат баласының зерттеу және оқып-білу объектісіне айналғандығы ақиқат. Жас мамандарды біртұтас және жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыруда олардың өзіндік қабілеттері мен табиғи қасиеттерін барынша дамытатын, өркениеттілік құндылықтарға негізделген білімді бойларына сіңіріп, заман ағымына байланысты материалдық және рухани байлықтардың түбегейлі өзгеруін ой елегінен өткізе отырып, рухани-адамгершілік, мәдени-құндылықтық болмыстарын байытуда және өзіндік рухани жетілу жолдарын қалыптастыруда оқытылатын басқа пәндер арасында осы пәннің алатын орны ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |