Негізгі әдебиеттер



бет14/21
Дата14.09.2023
өлшемі0,73 Mb.
#107919
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
Жахандану УМК

Бақылау сұрақтары

  1. Ақпараттық үдеріс принципі мен мәдени-әлеуметтік динамика.

  2. Шығармашылықты тұлғаның мәдени әлеуетінің өлшемі ретінде сипаттап беріңіз.

  3. Тұлғаның ұлттық құндылықтар әлемі дегеніміз не?

  4. Жеке адамның жалпы құндылықтарының өзегі дегеніміз не және ол адамның мәдени дамуында қандай рөл атқарады?

  5. Индивид пен қоғамның құндылықтары бір бірімен қандай қатынаста?

  6. Тұлғаның, топтың, дәуірдің ділі дегеніміз не және ол құндылықтық бағдардан несімен ерекшеленеді?

Ұсынылған әдебиет
Негізгі әдебиет:
1.Степин В.С.Проблемы цивилизационного развития и глобальные процессы // Диллемы глобализациии. Социумы и цивилизации: иллюзии и риски. - М.: Вариант, 2002. - С. 248-249.
2. Глобалистика: Международный междисциплинарный энциклопедический словарь / Гл. ред.: И.И.Мазурь, А.Н.Чумаков. - М.- СПб.: ИЦ «Елимаң, 2006. – 321 с.
3.Златев В.В. Вектор перемен и глобализация. // Диллемы глобализации. Социумы и цивилизации: иллюзии и риски. - М.: Вариант, 2002. - С. 52-63.
4.Вебер А.Б. Глобализация и устойчивое развитие: проблемное поле // Диллемы глобализации. Социумы и цивилизации: иллюзии и риски. - М.: Вариант, 2002 – С. 283-298
Қосымша әдебиет:
1. Лебедева Т.П.. Глобализация и проблемы национальной идентичности // Полис. - 2003. - № 2. - С. 48-57.
2. Чешков М.. О видении глобализирующегося мира // МЭ и МО. – 1999. - № 6. - С. 46-54.
3. Неклесса А.И.. Актуальные проблемы глобализации // МЭ и МО. - 1999. - № 4. - С. 42-43.
4. Покровский Н.Е.. Глобализация. Модернизация. Россия // Полис. – 2003. - № 2. - С. 35-43.
5. Ульрих Бек. Что такое глобализация? – М.: Прогресс-Традиция, 2001. – 372 с.



    1. Жаһандану процесі және мәдениеттің жаһандануы

Табиғатынан жаһандану процесі адамзаттың бейбітшілдікте, үйлесімділікте дамуға кепіл болатын процесс болып табылады. Бірақ, белгілі бір саяси күштер жаһандану процесін өз мүддесі үшін пайдаланады. Нәтижесінде, жаһандану екі Әлем (Шығыс және Батыс Әлемдері) арасындағы алшақтықты және өркениеттік-мәдени қақтығыстарды одан сайын күшейте түседі. Жаһандану – бұл мемлекеттер, мемлекеттік ұйымдардың, ұлттық және этникалық бірлестіктердің мәдени, идеологиялық және экономикалық интеграцияның жалпы және көп қырлы процесі.
Мынадай пікір бар, яғни «мәдени жаһандану табиғи процесс емес, керісінше, жасанды дүние, ал жаһандық экономикалық процестер ұлттық мәдениет құқығын шектейтін процессң.
Жаһандану эаманында әрбір жеке этностың мәдени өзіндік болмысын сақтап қалу, оны одан әрі дамыту өзекті мәселе боып табылады. Идентификация (лат. Іdentіfіcare теңдестіру немесе сәйкестендіру) ұқсастық белгілеріне сүйене отырып, әр түрлі нысандарды сәйкестендіруді анықтайды.
Американдық мәдениеттанушы Дж. Томлинсонның «Жаһандану және мәдениет» деген мақаласында, қазіргі уақытта мәдени тәжірибе мен территориалды контекст арасында байланыстың үзілуі жалпы көрініс тапты делінді. Мұндай тәжірибенің «теңсіздікң табиғатын бірінші және үшінші Әлем қоғамдарында көруге болады. Жаһандану процесінде мәдениеттің құрылымдық-жүйелік ролі жергілікті әрекеттеріндегі мәдениеттілік деңгейінің жаһанды нәтижелерімен айқындалады. Бұл жерде әлеуметтік белсенділік белгісінің рефлексивтілігі туралы әңгіме болып отыр. Мәдениет дәстүрлі түрде оның «локалдылығың туралы идеямен тығыз байланысты және осы концепция негізінде біздің «мәдениеттің түсінуімізге жаһандану процесі тікелей ықпал етеді. Жаһандану бір жақты процесс, яғни белгілі бір территория шекарасын бұзатын процесс емес. Жаһандану процесі кезінде жаһанды процестерге локалды (жергілікті) процесс құрылымы өз ықпалын тигізеді.
Ұлттық ерекшеліктерді сақтау мәдениеті әлемнің көптеген халықтармен өзарақатынаста байи түседі. Жеке тұлғаның еркіндігі, әлеуметтік бірігудің жоғары деңгейлігі, әлеуметтік теңдік және т.б. – бұлардың барлығы қандай да болмасын аз санды халықтың өмірге деген қабілеттілігін қамтамасыз ететін және ұлттық талпыныстар мен мақсаттарды жүзеге асыратын негізгі құндылықтар.
Әрбір мәдениеттің негізінде құндылықтар жүйесі жатады. Құндылықта әрқашанда жүйеленген мақсат-мүдделер және оларға қол жеткізетін жолдар немесе құралдар болады. Олар фундаменталды нормалардың ролін атқарады, сондай-ақ, бұл нормалар қоғамның бірлігін қамтамасыз етеді және өмірлік маңызы бар жағдайларда адам баласына қоғам принциптеріне сәйкес келетін дұрыс шешім табуға көмектеседі.
Құндылықтар өмір сапасының әлеуметтік индикатор қызметін атқарады, ал құндылықтар жүйесі мәдениеттің ішкі өзегін, қажеттіліктердің, индивидтер мен әлеуметтік қауымдастықтардың мүдделерінің рухани квинэссенциясын (өзектің нағыз өзегін) құрайды.
Ұлттық мәдениеттер мәселелері, олардың мән-мағыналары және құндылықтары, олардың өзарабайланыстары жаһандану ерекшеліктерімен және мазмұнымен тығыз байланысты.
Жаһандану ұғымы философиялық-мәдени интегративті (интеграция – біртұтастыққа әкелу) концепция болып табылады. Бұл концепция адамзат дамуының қазіргі кезеңінде әлемдік тарих пен мәдениеттің прогресс үрдісін көрсетеді. Қазіргі қоғам қазіргі таңдағы жаһандық мәселелерді шешу барысындағы мәдени плюрализмді қажет ететін тұтас және өзара байланысқан әлем болып табылады. Бұл жағдайда белгілі бір ерекшеліктерге ие әрбір жеке өркениеттердің және олардың арасындағы айырмашылықтарды жою мүмкін емес екенін сезіне де көре отырып, әлемдік өркениет бірлестігі туралы тезис жалған концепция болып табылмайды деген қорытындыға келуге болады. Қазіргі әлемді тек европоцентристік, рационалды және батыстық көзқарас тұрғысынан қарау Қазіргі Уақыт кезеңінің талабына және жаһандық көзқарасқа сәйкес келмейді.
Жаһандану, шын мәнісінде, Әлемнің тұтастығын, өзара байланыстылығын, өзара тәуелділігін және интегралдылығын қалыптастыру және бекіту принципі болып табылады. Бұл, сонымен қатар, – сапалы деңгейлер мен жаһанды кезеңдерді көрсететін күрделі процесс және күй.
Жаһандану (латын тілінде «globus» – шар) қазіргі әлемнің барлық салаларының және экономикалық және саясидан бастап әлеуметтік және мәдениге дейін, топтық, таптықтан бастап ұлттық, мемлекеттікке дейін өзарақатынастарды қамтиды.
«Жаһандану» (орыс тілінде «глобализацияң, ағылшын тілінде «globalіzatіonң) терминін алғаш рет 1983 жылы американ экономисі Т.Левитт «Harward Busіness Revіew» журналында ұсынған болатын. Ол жаһандануды трансұлттық корпорациялардың жеке-жеке өнімдер нарығының бір арнада қосылу феномені деп түсіндірді. Жаһандану процесі және жаһандану заман уақыты белгілі бір кеңістікте – жаһандану кеңістігінде өз функцияларын атқарады. Яғни, белгілі бір процесстің-қозғалыстың жүретін белгілі бір кеңістігі болады, сондай-ақ уақыттың да өзінің алып отырған кеңістігі бар.
Жаһандану процесін екі жағдаймен қарастыру:

  1. Жаһандану әр түрлі мемлекеттер мен халықтар, адам баласының ғылыми және технологиялық мүмкіндіктерінің өзарабайланысы, өзара әрекет етуі және өзара тәуелділігінің артуымен байланысты қазіргі өркениеттің объективті үрдісі;

  2. Жаһандану өркениетті дамудың неолибералдық модель негізінде көптүрлі мәдениеттер мен дәстүрлерді унификациялайды, яғни жаһандану процесін қазіргі өркениетке әкелетін қауіп-қатер деп қабылдау.

Жаһандану сөзінің тарихына байланысты деректер келтірілді. Ал жаһандану терминін көпшілікке кең таратқан жапондық ғалым К. Омэ («Шекарасыз Әлем» 1990 жылы) болатын.
Жаhанданудың тастаған үндеуі мен ықпалын бүгінгі күні Қазақстан да тартып отыр. Біздің қоғамымыздың алдында ұлттық мемлекетті орнықтырумен байланысты модерндеушілік міндеттер тұр. Алайда оның жағдайы Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік құрылыс міндетін де, дамыған европалық мемлекеттер біртіндеп шешкен демократияны қалыптастыру міндетін де бір мезгілде шешуі тиіс қатаң «сығымдалған» уақытқа тап келуімен шиеленісе түсті.
Қазақстан, ТМД-ның өзге де елдері сияқты Европаның жүз жыл бұрын өткен жолын қайталап жүруге мәжбүр болды және европалықтар бүгінде ұмытып үлгірген ұлттық-мемлекеттік бірегейлік мәселелерін шешуі тиіс болып отыр.
Міне сондықтан әлемдік жаhандану жағдайында ұлттық-мемлекеттік түзілімдердің мазмұны мен дамуы бірінші орындағы мәселе болып отыр.
Жаhандану феноменін талдау мен бағалау тәсілінде екі интеллектуалды және эмоционалды қарама-қарсы ұстаным мен көптеген гибридті қосарлы ұстанымдар белгіленді.
Мұның бір полюсінде жаhанданудан жаңа типті өркениеттің, яғни біртұтас экономикалық, саяси-құқықтық, ақпараттық-коммуникативтік, ағартушылық кеңістігімен, гомогенді, космополиттік мәдениеттің біртұтас құндылықтарымен, трансұлттық саяси таппен және азаматтық қоғаммен сипатталатын өркениеттің жаңа типінің қалыптасуының игілікті үдерісін көретін тұжырымдамалар орналасқан. Бір сөзбен айтқанда, бұлар «біз» және «олар» арасындағы ажыратушы сызатты жойып жіберетін өркениетті көреді.
Бұл үдеріс, әрине, ұлттық институттардың мәніне, функцияларына, құрылымдарына, институттарына әсерін тигізеді. Жаңа ақпараттық технологиялар мен коммуникацияның компьютерлік тораптары мемлекеттік адамдар арасындағы ымыраластырушы рөлін төменге түсіріп жіберетініне күмән жоқ. Жаhанданудың, әлемдік нарықтың нақты қалыптасуының салдары трансұлттық азаматтық қоғамның пайда болуы болып табылады және мұның барысында дәстүрлі мемлекеттік-саяси функцияларды барған сайын халықаралық ұйымдар, ғаламдық трансұлттық корпорациялар атқара бастайды. Капиталдардың, тауарлардың, ақпараттың, мәдениет бейнелерінің, идеялардың ағымы үшін ұлттық шекаралар бұлдырлана түседі және тіпті қазіргі еуропалық қауымдастықтағы сияқты номиналды, рәміздік кейіпке ғана ие болады. Әлеуметтік үдерістердің мейлінше үлкен көлемі мемлекеттік институттардың бақылауының астынан шығып кетеді. Мемлекеттік егемендік «жойылып бара жатқан кіші шамаға» айналады (Миттеран).
Жаhандану үрдістерінің күшейе түскен тұсында беделді ресейлік зерттеуші А.И. Уткиннің мына тұжырымы гиперболаға мүлдем ұқсамайды. «Жүзеге асып жатқан жаhандық төңкерістің басты құрбандығы – егеменді мемлекет» [22, 83 б. ]. «Жоғарыда» ұлттық-мемлекеттік бірлестіктердің егемендігі бұрын ұлттық мемлекеттердің өкіметтеріне тиесілі болған көптеген функцияларды өзіне алатын ұлттан биік тұрған қаржылық, экономикалық, саяси құрылымдармен шектеледі. Сонымен бір мезгілде «қазіргі кезде әлемдік ауқымда мемлекеттік басқарудың орталық аппаратының билікті субмемлекеттік, аймақтық, провинциалдық және жергілікті саяси түзілімдерге беріп қоюының нәтижесінде, оны жоғалтуы орын алып отыр.
Көзқарастар желісінің келесі шетінде жаhандану дәуірінде әлем дамуның тікелей қарама-қарсы үрдістеріне баса көңіл аударатын тұжырымдамалар орналасқан. Әлеуметтік өмірдің дәстүрлі этникалық, мәдени, діни негіздері, ұлттық мемлекеттің іргелі құрылымдары космополиттік истеблишменттің қармағына оп-оңай беріле қоймайтыны да түсінікті. Нарықтық тетіктер әлеуметтік дерттердің қорғанышы емес және адамаралық, мәдениетаралық және мемлекетаралық қатынастар «нарықтың көзге көрінбейтін қолымен» реттелетін жағдайында барған сайын тұрақты әлеуметтік даму мүмкіндігінің өзіне көптеп күмән келтірілуде. Жаhанданудың басты белгісі, оның идеологтары жариялағандай, әлемдік қауымдастықтың жағдайы ретіндегі ашықтық, қорғандарды, кедергілерді, шекараларды жою болып саналады. Ұлттық рыноктарды трансұлттық компанияларға ашып беру ұлттық мемлекеттің реттеуші функциялары мен прерогативаларын жеке капиталға алдырып қоюды білдіреді. Қазіргі заманда әлеуметтік прогресс ғылыми-техникалық жаңашылдықтармен тікелей байланысты. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әлемдік жобалар мен зерттеулердің 84%-ы әлемдегі ең жетекші 10 компанияға тиесілі екен. Әлемдік нарық іс жүзінде халықаралық экономикалық ынтымақтастықтан ең кедей елдердің орасан зор бұқарасын шығарып тастайды. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше отыз мемлекетте бүкіл адамзаттың оннан бір бөлігі ғана мекен етсе де, олар әлемдік экономиканың үштен екісін игеріп отыр.
Осылайша, жаhандану үдерісінің онан ары өріс алуының оптимистік және пессимистік сценарийлері аясында жаңа әлемдік тәртіп жүйесіндегі ұлттық мемлекеттердің рөлі мен маңызының шектеле түсуі болжанып отыр.
Қазіргі заманның саяси тарихына мейлінше тән құбылыс саяси қуат пен әсердің түбегейлі өзгері үдерісі болып табылады: ұлттық мемлекеттердің орталықсыздануы мен интеграциясыздануы және империялық типтегі жаңа саяси құрылым – novus imperio americaum – қалыптасты. Ғаламдастырудың апологеттерінің пікірінше, дәл осы Pax americana біржақтылығы тұрақтылыққа кепілдік береді, либералдық-демократиялық прогресті реттейді, сондықтан феноменалды қуаттың ұлы державасы ретіндегі АҚШ-ң әлемдік гегемониясы жаhандық жүйеге күшпен болса да игілікті ықпал етуші ретінде көрінеді. Ресми түрде насихатталатын АҚШ-ң ғаламдық жетекшілікке жеті мақсаты – жалпыға ортақ игілік пен гүлдену. Американың аңсаған әлемі, американдық ғаламдық тәртіп диверсификацияланған плюралистік әлемге бағдар ұстанатын кез-келген қиялдағы баламалардан артық деп есептеледі. Бірақ түбірлі саяси трансформациялардың бұл үдерісі еш қиындықсыз өте ала ма? Әрине, бұл терең риторикалық сұрақ. Империялар әлеуметтік-саяси ағзаны ретке келтіруге кепілдік береді, бірақ халықаралық ынтымақтастық жүйесін қажет етпейді. АҚШ- ң өзінде әлемдік тәртіп жүйесін күш қолдану әдісімен бекіту үшін оның қуатын пайдалану өткір пікірталастардың өзегіне айналып отыр. Әрине, дәл осы АҚШ жаhандану үдерісінен түсетін пайданың басым бөлігіне кенеледі және сондықтан да бұл ел тұрғындарының көпшілігі ғаламдастыру экспансиясының мейлінше табанды және сенімді жақтаушылары екендіктеріне таң қалудың реті жоқ. Сонымен бір мезгілде, әлеуметтанымдық сауалнамалар көрсеткендей, американдық электораттың қомақты бөлігі американдық доллармен есептесудің келешегіне, жаңа әлемдік тәртіпті бекіту жолында қан төгудің және либерал-демократиялық саяси режимдерді орнату болашағына мәз болып шаттанбайтындықтарын білдірген.
Әрине, біржақты әлемнің геосаяси орталығы және әлемдік көшбасшы ретіндегі АҚШ-ң теңдессіз қаржылық-экономикалық, саяси, ғылыми-технологиялық, әскери, мәдени-ақпараттық, идеологиялық жетекшілігі таяу және қиыр болашақта сақталатыны не сақталмайтыны туралы саяси болжам беру біздің міндетімізге кірмейді, өйткені бұл әлем, ең алдымен, Батыс Европаның, ҚХР-ң, Жапонияның ұстанымдарының күшеюі нәтижесінде анағұрлым күрделі құрылымға қарай жылдам трансформациялана бастайды. Әрине біржақты әлем – contradictio in adjecto. Полюстер қашанда екеу, сол үшін де олар полюстер. Бірақ мұндай қайшылықтар саясаттанымдық сөздіктерде оңай өтіп кетеді. Жақын арадағы онжылдықтарда Американың тотальды гегемониясына қарсы тұра алатындай қандай да бір нақты балама табыла қоймайтын сияқты. Тіпті АҚШ-ң потенциалды бәсекелестерінің жинақталған қуатының өзі қарама-қарсы тұруға тең мүмкіндік бермейді. Американдық саясаттанушы В. Вольфорт былай дейді: «Құрама Штаттармен тікелей қарсыласуға кез-келген ұмтылушылықтың үмітсіз екендігін мойындау қажет. Ешкім тырыспайды да» [22, 22 б.].
Ұлттық мемлекеттердің, оның ішінле Қазақстанның саяси өзіндік бекітілуінің даму сценарийлерінің кез-келген барысында, ол жаhандық өзара тәуелділік жағдайында жүзеге асады. Әлемдік экономика бір бүтін тұтастыққа интеграцияланады. «Өзара тәуелді экономика мен жаhандық экономиканың арасындағы айырмашылық – сапалы» /5/. Ғаламдастырылған әлемдік нарық біртұтас мемлекет нарығының құрылымына ие болады. Мұндай интеграцияланған нарықтық кеңістікте партикуляризм аяусыз жазаланады. Ұлттық экономикалық саясат серіктестер мен бәсекелестердің мүдделерімен сәйкестікке келтірілуі тиіс. Іс жүзінде мемлкеттің саяси және экономикалық ұйымдасуының батыстық үлгілері болып табылатын «әмбебаптылық» барған сайын тиімділік пен баламасыздыққа ие болады. Ұлттық мемлекеттер өз территориясында егеменділігін сақтағанымен, трансұлттық сауда-қаржылық және өндірістік тораптардың жағдайындағы экономиканы ұлтсыздандыру нақтылыққа айналады. Және тек осы факторды ескергенде ғана реурстар шынайы бағаланып, стратегия анықталып, үлгілер таңдала алады және ұлттық-мемлекеттік құрылыстардың сценарийлері есептеліне алады.
Ең алдымен жаhандану үдерістерінің мемлекеттіліктің әртүрлі типтерін бекіту феноменін талдау қажет. Тәуелсіз егеменді мемлекеттердің вестфальдік жүйесі жаңа әлемдік тәртіптің сілтеуіндегі бағыт бойынша трансформациялануда. Әлемнің біржақтылығы мемлекетаралық қатынастардың жаңа ережесін түйідейтіні күмәнсіз тәрізді. Кондолиза Райстың сөзіне сенсек, АҚШ «өзін әртүрлі халықаралық конвенцияларға тәуелділікке әкеліп тіремеуі керек». Батысевропалық мемлекеттерге келсек, керісінше, өздерінің қатынастарын көпқырлы келісімдердің сансыз мөлшерінің негізінде құрады және өзге елдерге деген сыртқы саяси бағдарын соларды сақтау өлшеміне қарай анықтайды. Мемлекеттердің көп тобы, оның ішінде Қазақстан халықаралық келісімдерге іріктеп қосылу саясатын жүргізеді.
Жаhандық әлемнің сатылы, көпдеңгейлі халықаралық тәртібін бейнелейтін бұл айырмашылықтар үстірт беткейде жатыр. Егер 1648 жылдың өзінде Вестфаль келісімімен жарияланған мемлекеттердің теңдігі мен егемендігі принципін жаңа әлемдік тәртіптің бұзу үдерістерінің астарына келер болсақ, онда бұл жерде әлеуметтік ойшылдар мен саяси сарапшылар мейлінше алуан түрлі түсіндірмелік кестелер мен үлгілерді ұсынады. Солардың бірі – ТМД елдерінің, оның ішінде Қазақстанның ұлттық мемлекеттіктерін дамыту келешектеріне қатысты барынша шарасыз және сасқалақтандыратыны А.С. Панариннің ұсынған жаhандану тұжырымдамасы.
Ресейлік автордың келтірген дәлелдерінің қысқаша мәні төмендегіге саяды. Жаhанданудың жасырын, эзотериялық қыры барлық жергілікті мүдделерді, адамгершілік нормалары мен кодекстерді, құндылықтарды, дәстүрлерді біртіндеп ығыстырып шығару ұстанымымен сипатталады. Оның үстіне жаhандану дәуірінің экономикалық, саяси, интеллектуалдық элиталары жершілдіктің ең адуынды тасымалдаушысы ретінде ұлттық мемлекеттің өзін теріске шығарады. Бүгінгі күні элита болу және өзіңді элита ретінде жүзеге асыру өзіңді ұлттық мүдделерден және ұлттық мұң-шерден тәуелсіз қойып ұстауыңды білдіреді. Демократияның классикалық түсінігі халықтың саяси егемендігі принципімен ажырамас байланыста. Ғаламдастырудың саясаттануы саяси шешімдер қабылдаудың субъектілері мен биліктің нақты орталықтары ұлттық электораттың емес, ұлттан жоғары экономикалық және саяси құрылымдардың корпоративтік мүдделерін білдіреді деп ұйғарады. Ғаламдастырудың өлшемдері бойынша көпшілік саясатты сайлаушылардың тапсырмаларын орындау ретінде түсіну саяси архаикадан басқаша бағалана алмайды. Ғаламдастыруды халықпен санаспай элитаның интернационалдандырылуы деп анықтауға болады. Жаhанданған әлем артықшылықтары бар элитарлық әлем болып табылады және мұның үстіне элитаның жаhандық кеңістігі халықтардың ұлттық мемлекеттерінің кеңістігін қайта пішудің есебінен сатылып алынады.
Ғаламшарлық ауқымда ашық қоғам үлгісін іске асыру ресурстардың шектен тыс жұмылдырылуын және осы ресурстардың «жаhанданудың жүлдегерлерінің» пайдасына бөлінуіне қарсы тұру қабілетін жоғалтқан ұлттық егеменділіктердің әліздігін білдіреді. Ірі ұлттық-мемлекеттік түзілімдер әлі де болса ғаламдық әлемнің шынайы қожайындарына қарсы тұра алатын жеткілікті деңгейде қуатты потенциалға ие болғандықтан, ғаламдастырудың идеологтары өздеріне одақтас ретінде тайпалық архаиканың, этносеператизмнің және ұлттық мемлекеттердің біртұтас кеңістігін бұзуға бағытталған өзге де қозғалыстардың белсенділерін тартып алады.
Мемлекеттік егеменділіктердің құнсыздану тетігін А.С. Панарин КСРО-ның демонтажы және онан кейінгі оқиғалар тізбегі арқылы ашады. Билеуші элитаның ұлттық мүдделерден алшақтауы Ресейде анағұрлым таза және ашық күйінде көрінеді. Классикалық әлеуметтік-саяси теория элитаның қызметін өз халқымен, олардың сұраныстарын ескерумен байланыстырады. Бұл тұрғыдан алғанда бүгініг элитаның әлеуметтік және экономикалық саясаты абсурдтың театрындай көрінеді: бұл саясаттың басты құрбандары дәл осы постиндустриалдық екпіннің беткеұстарлары (аванпосттары) болып шықты. Ресейде анағұрлым тез жылдамдықпен және тоқтаусыз тізбекпен ғылымға бейім өндірістер жойылды, ғылымға, мәдениетке, білім беруге деген мемлекеттік ассигнованиелер қысқартылды. Бірақ бұл абсурд «біздің елді өз ұлтымен жасырын түрде айырылысқан және оны енді «өз халқым» деп есептемейтін жаhандық элитаның басқарып отырғанын ұғынысымен түсінікті болып шыға келеді» [23, 59 б.]. Компрадорлық режимдер үшін тез арада дивидендтер әкеле қоймайтын түземдік экономикаға салынған кез-келген инвестицияны рентабелді емес (кірісті емес) деп қабылдау мейлінше үйреншікті құбылыс.
Номенклатуралық жекешелендіру либералды-прогрессивті риторикамен бүркемеленген халықтың өркениетті өмір жағдайларын жою түрінде өтті. Ұлттық байлықты экспроприациялау үшін қайта пайда болған «демократиялық истеблишментке сырттан кепілдіктер қажет болды. Мұндай сенімхаттар берілді, ал бұған жауап ретінде батыстық серіктестер ресурстарды бөлісуге қатысу құқығын шімірікпестен талап ете бастады. Аталмыш элита өз халқы тарапынан қаншалықты тысқа тебілетін және жеккөрінішті болған сайын, ол соншалықты сыртқы қамқоршыларға тәуелді болады және оларға мейлінше желінуге дайын тұрады. Жаhандану логикасын іске асырудың ең салдары саяси элитаның осыған дейін ешқашан айырбасталмаған да, сатылмаған да ерекше туарды – ұлттық мүдделерді жаhандық рынокқа шығаруы болып саналады. Бірақ бұл ерекше тауарды игеріп және оны емін-еркін жарату үшін ұжымдық мүдделерді қорғаудың басты инстанциясы – ұлттық мемлекетті әлсірету немесе бейтараптандыру қажет. Бұл жерде оның тетігі мейлінше тұнық және ол А.С. Панариннің баяндауында төмендегіше сипатталады.
Жекешелендірудің бірінші, яғни ұлттық кезеңінде бір-бірімен жең ұшымен жалғасқан жергілікті элита барлық ұлттық игілікті мардымсыз ғана құралға сатып алады. Мәселен, Ресейде жекешелендіру желеуімен триллион доллар тұратын жалпыхалықтық меншік пен бағаланбаған табиғи ресурстар жеке тұлғаларға бар болғаны 5 миллиард долларға ғана «сатылды».
Екінші кезеңде ғаламдық байлықтың басты «сатып алушысы» нарықтық емес, саяси бағаны қоя отырып, жаңа түзілген түземдік меншік иелерінен құнсызданған ұлттық байлықты сатып алады. Мұның бағасының шамасы мынадай пропорциялармен анықталады: жекешелендіру барысында ұлттық меншік қаншалықты әділетсіз бағаланса, ғаламдық рынокта ол соншалықты құнсызданады.
Ұлттық жекешелендіру дөрекі жүргізілген сайын және жаңа піскен олигархтардың меншігі заңсыз болған сайын, олардың өз халқының есіркеуіне үміттенуіне негіз аз болады. Батыстың елдері болса бүгінгі күні жекешеленген байлықты заңсыз деп мойындаудың науқаны айқын жүргізіп отыр: сондықтан ол өзінен-өзі құнсызданып бара жатыр, өйткені ұрлықы нәрсе арзан өтеді емес пе? Осылайша, жаhандық ашық (протекциясыз) қоғам деп аталатын қоғам іс жүзінде қорғаусыз қалған және құнсызданған ұлттық байлықты тек доллар ағымдарын ғана емес, өркениеттің бүкіл қазіргі инфрақұрылымын қадағалап отырғандардың қолына өтуін қамтамасыз ететін экспроприаторлық жүйе болып шығады.
Бұл қатаң логиканың идеологиялық негізделуін жаhанданудың жақтаушылары әртүрлі редакциялармен беруге тырысады. Мысалы, жаhандану жағдайында ұлттық-мемлекеттік шекаралардан, дәстүрлерден, қасиетті қағидалардан абстракцияланудың қажеттілігінің дәлелдемесін Л.Г. Ионин келтіреді: либералды-демократиялық дүниетаным «белгілі бір құқықтар мен еркіндіктерді тасымалдаушы ретіндегі абстракциялық адами индивидуумға бағдарланған; мемлекет – абстрактылы индивидуумдардың келісімінің нәтижесі және оның тәні (территориясы) кездейсоқ сипатқа ие. Сондықтан либералдық экспансияның шегі жоқ... барлығы абстракцияға ұшырағанда ол логикалық тұрғыда аяқталған» [24, 40 б.]. Демек, абстракциялаудың осы соңғы кезеңінен аман қалу үшін – жекешелендірілген ұлттық байлықты жаhандық әлемді құүрастырушылардың қолына бере отырып, сонымен бір мезгілде, номенклатуралық-қылмыстық жекешелендірудің нәтижелерін заңды емес деп қайта қараудың қаупінен құтылу үшін – жаhандық ашық қоғам тұжырымынан бас тартудан басқа ештеңе қалмайды. Меншікті ғаламдық қайта бөлудің тетіктеріне ұлттық мүдделерді табанды түрде қорғайтын күшті әрі беделді мемлекетсіз қарсы тұру мүмкін емес.
С.М. Мироновтың пайымдауынша, ресейлік мемлекеттілікке қатынасына қарай элитаның екі типін ажыратуға болады. «Біріншісіне ұлттық-мемлекеттік және қоғамдық ынтаның өшуі тән болса, екіншісіне, керісінше, мемлкеттік және қоғамдық құрылымға деген еріктің өсуі тән болып келеді» [25, 177 б.]. Жоғарыда мазмұндалған кесте кейінгі кеңестік саяси элиталардың ойлау үрдісі мен айтқан сөздерінде ультра-либералдық идеялар мен консервативтік лозунгілер, фундаментализм мен прагматизм, әлеуметтік дарвинизм мен моральдық риторика, нарықтық принциптерді жақтаушылық пен экономикалық үдерістерді әміршіл-әкімшіл әдіспен басқаруға деген адалдықтың қиюласа араласқан ғажайып эффектін тудырады.
Жаhандану үдерістерінің ұлттық-мемлекеттік құрылысқа ықпал етуінің анықтаушы үрдістері төмендегі негізгі бағыттарда дамиды.
1. Ұлттық экономиканың жаңа әлемдік тәртіпке, ғаламдық экономиканың нақтылықтарына бейімделуі ұлттық шекаралардың өшірілуіне және басқару, бақылау мен жоспарлау саласындағы мемлекеттік прерогативасының экспоненциалды құлауына әкеледі. Сонымен бір уақытта анағұрлым дамыған елдер өздерінің дербес ұлттық мүдделерін көздеу рахатына батады, тәуелсіз ұлттық стратегия құрудың кең шоғырына және жеткілікті мүмкіндігіне ие болады. Экономикасы қуатты мемлекеттердің өкіметтері өздерінің бақылауынан тыс ғаламдық экономикалық үдерістердің тікелей бағыныштылығының қол астына түсіп қалуға мүмкіндік бермейді. Дамыған елдердің экономикасы басым түрде ішкі рынокқа бағдарланғанын ескере кету қажет. Мысалы, АҚШ-да, Жапония мен ЕО елдерінде ҰІӨ-нің тек 12%-ы ғана экспортқа шығарылады. Оның үстіне ТҰК-ң космополиттігі туралы тезистің көпе-көрінеу бүркеме екендігі анық. Тіпті ірі трансұлттық корпорациялардың өздері айқын ұлттық реңге ие және белгілі бір мемлекеттерге емеуірін танытып отырады. «Нарықтың көрінбейтін қолы» мүлдем өз-өзінен, ұлттық өкіметтердің бақылауы мен реттеуінсіз әрекет етпейді.
2. Жаhандану мәдени-өркениеттік өзіндік бірегейліктің жаңа, күрделіленген типін, өз бойына дәстүрлі этномәдени құндылықтардың тартымдылығы мен модерндеудің космополиттік құндылықтарының пәрменділігін үйлесімді түрде немесе, ең болмағанда, қақтығыссыз күйінде араластыра енгізетін топтық етенелілікті іздестіру мәселесін көлденеңінен қойды.
Еркін нарықтың, консьюмеризмнің, «мақдональдандырудың» (Дж. Ритцер) және т.б. жүріп жатқан әмбебаптандырылуының салдары, ұлттық және мәдени бірегейліктің өзгешелігін жоғалту мемлекеттік бірегейліктің де жоғалуына әкеледі. Ұлттық-мемлекеттік бірлестіктер үшін күйретуші ықпалы бір де кем түспейтін қарама-қарсы бағыттағы үрдіс те – мәдени-өркениеттік айрықшалықтарды абсолюттендіруге әкеледі. С. Хантингтон мынадай болжам айтады: «Ұлттық мемлекеттер халықаралық сахнада анағұрлым маңызды ойыншылар болған және болып қала береді де, бірақ олардың мүдделері, араларындағы одақтар мен қақтығыстар қомақты деңгейде мәдени және өркениеттік ықпалдармен анықталатын болады» [26, 40 б.]. Осылайша, болашақта дезинтеграция мен қақтығыстардың түбірлі қайнары идеология да, экономика да емес, мәдениет болады. Өркениеттердің мәдени айырушылық сызаттары болашақ майданының сызықтарына айналады және бұл сызаттар полиэтностық, мультимәдени мемлекеттердің территориясынан өтетін болады.
Мемлекеттік бірегейлікті жоғалту бірқатар себептердің әсерінен жүзеге асады. Біріншіден, азаматтық қоғам XVIII ғасырдағы индустриалдық төңкеріс дәуірінен бері тұңғыш рет мемлекеттен халық еркінің жинақталған институционалданған бүкіл қуатымен қоғам өмірінің стратегиялық бағыттары мен басымдылықтарын қамтамсыз ететін жетекші және әлеуметтік-саяси ұйымның ешқандай айырбасталмайтын формасын көруден қалды. өз бойына ұлттық өкіметтер мен мемлекеттік институттардың құзіретінің үлкен бөлігін қабылдап алған мемлекеттік емес халықаралық ұйымдардың саны өсіп, функциялары көбейіп және ықпалы жоғарылауда. Биліктің диффузиясы етенелік туралы, азаматтық тәртіп туралы дәстүрлі көзқарастарды өзгерістерге ұщыратты.
Екіншіден, ақпараттық-коммуникативтік тораптар, әлемдік рынок және ғаламдық өзара әсердің өзге де тетіктері дәстүрлі мемлекеттің жүргізетін әлеуметтік бақылауының сипатын түбірімен өзгертеді, оның әлеуметтік-нормаландырушы бекітілімдерінің беделін бұзады.
Жаhандану идеологтарының либералдық-демократиялық фразеологиясына қарамастан, жаhандану үдерістері үшін қандай да бір елдің саяси режимі, сөздің қатаң мағынасында, немқұрайлы күйінде қалады. Бұл қатынастағы жалғыз маңызды нәрсе – бұл қолайлы инвестициялық климат, шектен тыс табыс табу мақсатында жаппай капитал құюдың құқықтық қамтамасыз етілуі. Бұл шарттар орындалмаған жағдайда жергілікті өкіметтердің заңдылығы қысқа ғана мерзімнің ішінде девальвациялануы, тіпті оның ішінде, әскери күшті тікелей қолданудың көмегімен жойылуы да мүмкін. Ұлттық-мемлекеттік құрылыстың міндеттеріне қатысты бұл үдерістердің тұрақсыздандырушы қуаты айдан анық.
3. Классикалық гуманистік және ағартушылық әлеуметтік-саяси ой өзіне жер бетінің барлық ұлттары, халықтары, мемлекеттері үшін әлемдік дамудың біртұтас тарихи келешегін, біртұтас жобасын даярлау міндетін қойып еді. Жаhандану, оның ішінде трансұлттық телекоммуникациялық тораптардың, қаржылық ағымдардың дамуы, технологиялық жаңашылдықтармен алмасу және т.б. әлемдік теңсіздікті жойған жоқ, керісінше күшейтті, байлық пен кедейліктің, күштілік пен әлсіздіктің, орталық пен шеткерінің диспропорциясын ұлғайтты. БҰҰ-ң ресми статистикасының кейбір мәліметтерін келтіре кетейік. Соңғы 15 жылда АҚШ тұрғындарының экономикалық қкаты мен тұрмыс жағдайының таң қалатындай өсуі барысында, Батыс Европа мен Шығыс Азияның дамыған елдері экономикасының қалыпты өсуі барысында жүзден астам елдердің жан басына шаққандағы кірісі төмендеді, ал 60-қа жуық елдерде тұтыну деңгейі бәсеңдеді. АҚШ-да тойып тамақ ішудің (күпті болудың) салдарларымен күреске жыл сайын 100 млрд. доллардан астам шығын жұмсалады. Сонымен бір мезгілде жер бетінің жартысына жуық тұрғындары тойып тамақ ішпейді, ал 1,2 млрд. адам ашаршылық күй кешуде. Жыл сайын жер шарында 5 млн. бала өлім құшып жатыр. Ғаламшар тұрғындарының «алтын миллиард» елдерінде өмір сүретін бестен бір бөлігіне әлемдік ішкі өнімнің 86 %-ы тиесілі, сол мезгілде планетаның төменгі жиырма бес пайызына 1%-ы ғана тура келіп отыр. 1,3 млрд. астам адам күніне 1 доллар жұмсап қана өмір сүреді. Көріп отырғанымыздай, әлем елдері мен халықтарының басым бөлігі үшін жаhандану, қазіргі заманғы саяси лексиканың қысыр тілімен айтқанда, «гуманитарлық апат» әкеліп отыр.
Ресейдің, Бразилияның, Индонезияның және көптеген өзге елдердің экономикасын шайқалтқан 1997-1998 жылдардағы қаржылық дағдарыс капитал нарығының ұлттан тыс реттеушілері ретіндегі Әлемдік банктың, ХВҚ, ӘСҰ саясаттарының мемлекеттік бақылауды алмастыра алмайтындықтарын көрсетті. Сондықтан көптеген дамушы елдер «алтын миллиард» пен адамзаттың қалған бөлігі арасындағы алшақ құзды ұлғайтуға бағытталған жобаларға балама, өзіндік бекітілудің өз жолдарын іздестіруде.
Әлемдік қауымдастықтың көптеген елдерін қысымның астына қойған жаhандану ұлттық егеменділік пен ұлттық мүдделерді жоюға негізделген әлемдік тәртіп идеясын сынға ұшырататын мейлінше әр алуан әлеуметтік-саяси күштердің – діншіл фундаменталистердің, мәдени дәстүршілдердің, ұлтшыл радикалдардың, кәсіподақтардың, гуманитарлық интеллигенцияның, қоршаған орта қорғаушыларының, азаматтық құқық үшін қозғалыстың белсенділерінің тарапынан жан аямас қарсылыққа тап келіп отыр.
Өйткені олар үшін дәл осы мемлекет ұлттық бірегейліктің конструкциясын тасымалдаушы қалпында қалып отыр.
Жаhандануға қарсы әрекет ету халықаралық терроризмнің, этноұлттық қақтығыстардың орын алуының бір формасына айналды. Тарихи сахнаға анабиоз жағдайында қалып қойған тайпалық инстинкттер – этникалық өзіндік бекітілуге ұмтылу және мемлекеттік деңгейде этникалық шекараларды ашу ұмтылыстары шықты. Мұның барысында созылмалы этникалық қақтығыстар іс жүзінде аймақтық және халықаралық реттелуге көнбей отыр.
Қазіргі мемлекеттердің үштен бірін әртүрлі тектегі көтерілістік сепаратистік қозғалыстар шайқалтуда. Осының барлығының жиынтығы болашақта мемлекеттер емес, саяси тұрғыда өз-өздерін анықтаған, оның ішінде, скецессия негізінде анықтаған ұлттар жаңа әлемдік тәртіптің негізгі элементтеріне айналатынын аңғартатын тәрізді. Жаhандану үдерістері инверсияның өзіндік заңына бағынады: жаhандастыру этноцентризмге, жоғарғы ұлтшылдық субұлтшылдыққа, космополитизм тайпалық сепаратизмге айналады.
Ғаламдық мегарынок жүйесінде дәстүрлі экономикалық жүйелердің ыдырауынан, экономикаға ықпал ету мен оны басқарудың мемлекеттік мүмкіндіктерінің аймағының тарылуынан индустрия мен ауыл шаруашылығының, оның ішінде жаhанданудың жүлдегер-елдерінде де көптеген салалары зардап шегеді. Капиталдың жұмыс күші арзан аймақтарға ағылуы, жергілікті рыноктың демпингтік бағалар бойынша шетелдік тауарларға толуы дамыған елдердің ұлттық экономикасының негіздеріне қатер төндіреді.
Жаhандану үдерістері объективті түрде еңбек пен капиталдың қарама-қарсылығының шиеленісуіне әкеледі. Дәл осы қарама-қарсылық трансұлтт корпорациялар мен ірі капитал иелері үшін жұмыс күшінің бағасы арзан, мемлекеттік араласуы мен салықтары төмен және т.б. елдер мен аймақтарды табу мүмкіндігінің шарты болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда жаhандану әлемдік капитализмнің корпоративті кәсіпорны болып табылады. Және бұл кәсіпорынның әрекеті, ғаламдастыру идеологтарының либералды-демократиялық фундаментализмінде ұйғарылатындай, тәуелсіз кәсіподақтары жоқ, жұмысшылар кәсіпкерлермен күресінде мемлекеттің қолдауынсыз қалған, институционалдық-құқықтық қорғаудан жұрдай елдерде барынша күйретуші сипатта болады. «Көптеген өкіметтердің саяси және экономикалық таңдауы әлемде жалғыз күшті державаның өмір сүретіндігімен және әлемде капиталдың үстемдік етуімен шектеледі» [27, 66 б.]. Оның үстіне дамыған елдердегі әлеуметтік үйлесімділік те идеологиялық машинаның қайта өндіріп шығарған аңызынан басқа ештеңе де емес. Бұл елдерде жоғарғы тап өкілдерінің кірісі орташа жұмысшының табысынан 416 есе асып түседі.
Ұлттық мемлекеттердің егемендігі принципінің қасиеттілігіне күмән келтірілді, тіпті ол өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында БҰҰ-ң сол кездегі Бас хатшысы Перес де Куэльярдің жариялаған доктринасына сәйкес лақтырылып тасталды деуге де болады: «Жоғарғы мораль үшін шекаралар мен заңды құжаттарды жоқшылықты бастан кешіп жатқандарға деген қамқорлықтан төмен қою керек». Араласпаушылық пен территориалдық тұтастық принципінен гуманитарлық ақыл-ойды жоғары қою (абстракциялық тұрғыдан алғанда, жаман естілмейді) доктринасы ең игі сылтаулар мен ең жоғары моральдық негіздерді желеу етумен егеменді мемлекеттердің ішкі істеріне араласуға жол ашылды, интервенцияға деген құқық заңдастырылды. Бұл «құқықты» өзінің әскери акцияларын БҰҰ Хартиясында жазылғандай, Қауіпсіздік Кеңесімен формальды болса да санкциялауға тіпті ұмтылуды да қойған АҚШ кеңінен пайдалануда.
Кедей елдерден өмір деңгейі жоғары елдерге эмиграция батысеуропалық мемлекеттерде африкалық және азиаттық тұрғындардың кең анклавтарының құрылуына әкелді. Осыған орай мемлекеттік билік органдарының алдында туындайтын мәселелердің өткірлігі сондай, ал әлеуметтік қақтығыстардың қауіптілігі сондай, олар демократиялық саяси жүйесі қаншалықты жақсы жетілген болып көрінгенімен, тұрақтылыққа үнемі қатер төндіріп отырады.
Мемлекеттік құрылыс стратегиясы алдына жаhандану үдерістерінің қойған мейлінше принципиалды мәселелері төмендегіше сипатталады: 1. Экономикалық тұрақтылыққа және әлемдік прогреске қатысуға билет алуға бола, ұлттық-мемлекеттік егеменділіктен жаппай бас тартып, мемлекеттердің әлемдік геополитика көшбасшыларының билеп-төстеу нысанына айналуы тарихи қажеттілік пе еді; 2. жаhандану үдерістері негіздерінің мемлекеттік егеменділігі мен ұлттық экономикасы қорғалатын, тұрғылықты халықтарының менталитетінің, дәстүрлерінің, мәдениетінің өзгешелігіне, ұлттық мүдделеріне бағдарланған ұлттық-мемлекеттік жүйелердің шынайы ғаламдық, үйлесімді дамитын одағы бағытына қарай түбірлі өзгеруі мүмкін бе?
Жалпы алғанда, дамудың жаhандық үлгісі либералды-нарықтық та, этатистік те бола алмайды деген В.М. Межуевтің пікірімен келісуге болатын шығар. Ерікті нарықтың тетіктері мен мемлекеттің орталықтандырылған билігі қоғамдық прогрестегі аса маңызды тетіктерінің мәнін сақтап қалады, бірақ оның негіздері өзге тектегі факторларға - әлеуметтік және мәдени факторлар жағына қарай барған сайын ауыса түседі [27, 16 б.]. Жаhандастырудың баламасын жаhандану үдерістерінің өз ішінен, яғни имманенттік сын шеңберінен іздестіру керек. Ұлттық мемлекеттер үшін мейлінше деструктивті болып келетін жаhанданудың даму сценарийлерінің іске асырылу мүмкіндігін мүлдем есептен шығарып тастамай, әлемдік тәртіптің вестфальдық жүйесінің өз потенциалын сарқи қоймағанын мойындаған жөн. Ұлттық мемлекеттер өз-өзін түзетудің, жаңа геосаяси және әлеуметтік-экономикалық нақтылықтарға епті бейімделудің формаларының, туындаған мәселелерді өркениетті жолмен шешудің орасан зор нұсқаларына ие болып табылады. «Жаhандық тәртіп, әлемдегі барлық басқалары сияқты, баламалы нұсқалар мен сценарийлерге ие; біздің адамзаттық абыройымыз солардың ішіндегі ең гумандысын және ең әділеттісін мүмкіндігінше ұстап қалумен сипатталады» [24, 11б. ] .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет