Негізгі әдебиеттер



бет2/21
Дата14.09.2023
өлшемі0,73 Mb.
#107919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Жахандану УМК

ПОӘК мақсаты докторанттарды жаһандану мен адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, қоғамның қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу-маржанын өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға бағдарлау болып табылады.
ПОӘК міндеттері:

  • адамзат баласының мәдени-өркениеттілік тәжірибесін игеруді, жаһанданудың тұтастығы мен ерекшеліктерін сараптау;

  • әлемдік өркениеттің қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын айқындау; мәдениеттің этноаймақтық және ұлттық феномендерін зерттеу және олардың болмыстық ерекшеліктерін анықтау;

  • жаһандану туралы түрлі философиялық мектептердің идеяларын, олардың бағыттарын талдау; жаһанданудағы қоғам мәдениетінің қазіргі даму жағдайы мен бағыттарына философиялық тұрғыдан сипаттама беру;

  • отандық философия тарихын, оның қазіргі мәселелерін және даму болашағын зерделеу; гуманитарлық пәндер жүйесіндегі жаһанданудың философиядағы орнын, оның объектісін, неғұрлым өзекті проблемаларды айқындау;

  • жаһандану мәдени феноменін, оның адамның өмірлік іс-әрекетіндегі рөлін түсіндіре білу; мәдениеттің жаһандық базистік құндылықтарын қабылдау, сақтау, болашақ ұрпаққа бере білу жолдарын игеру;

- мәдениет формалары мен типтерін, дамуы заңдылықтарын, негізгі мәдени-тарихи өңірлерді білу, отандық мәдениет тарихын, оның әлемдік мәдениет пен өркениет жүйесіндегі орнын білу; әртүрлі мәдениеттердің көптүрлілігі және өзіндік құндылықтығы туралы түсінік алу;
- жаһанданудағы қазіргі қоғамның мәдени ортасында бағдар ала білу; ұлттық және мәдени мұраның сақталуы және артуы жөнінде қамқор бола білу;
- тұлғаның жаһанданудағы қалыптасу жағдайлары, оның бостандығы және тұлғаның өмірді сақтау, қоршаған табиғи ортаның мәдениеті үшін жауапкершілігі туралы түсініктің болуы;
- қоғамдағы адамдар арасындағы қатынастарын реттеудің адамшылық нормаларын білу; интеллектіні дамыту және таным көкжиегін кеңейту, шығармашылық қызметке, үздіксіз білімін көтеру қажеттілігіне қызығушылық тудыру.
Бұл үшін көптеген теориялық, практикалық, методологиялық мәселелерді шешумен қатар сабақ үстінде дискуссия ұйымдастыру, интеллектуалды ойындар ұйымдастыру арқылы рефераттар қорғау, конференцияларда баяндамалар жасап, жарыссөздерге шығып білім аясын кеңейту керек. Жоғары оқу орындарындағы жалпы білім беретін пән ретінде философия, соның ішінде жаһандану арнаулы курсының ХХ1 ғасырдың білікті, білімді, мәдениетті адамын қалыптастыруда жас ұрпақ мектеп қабырғасында-ақ жаратылыстану мен әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негіздерін игеруі қажет. Жоғары оқу орындарында өтілетін Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, психология, педагогика, саясаттану, құқық негіздері, этнология, тіл білімдері, әдебиет, өнертану, дінтану, т.б. пәндермен байланысында философиялық білімдер әрі қарай нақтылана, толыға түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет