Негізгі ұғымдар


Кедергіден сақталмаған кодтар



бет3/8
Дата31.12.2021
өлшемі132,49 Kb.
#23551
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Лекция 2 рейтинг

3.3 Кедергіден сақталмаған кодтар
Кедергіден сақталмаған кодтардың ерекшелігі болып олардың құрамындағы бір-бірінен тек бір разряд бойынша айырмашылығы бар кодтық комбинациялар болуы табылады. Ондай типтің әдеттегі кодына барлық үйлесімдік екілік код, бірлік-ондық код, екілік-ондық код, санды-импульстық код, Грей коды жатады.

Санды-импульстық код.

Морзе коды. Бұл код, құрамындағы кодтық комбинациялар түрлі ұзақтығымен ерекшеленетін біркелкі емес кодтар қатарына жатады. Морзе кодында сигналдар (әріптер, сандар, шартты белгілер) нүкте мен тире түрінде беріледі. Нүкте бірлік болып жазылады да, бір импульспен беріледі, ал тире- үш бірлікпен жазылады және үш тіркелген импульспен (арасында бос орынсыз) беріледі. Нүкте мен тире арасындағы бос орын нольді көрсетеді.

Грей коды. Бұл кейде рефлексті (шағылған) деп аталатын кодты өлшенетін шаманы екілік кодына айналдыратын кейбір құрылғылырда пайдаланады. Егер осындай түрлендіру кезінде қарапайым екілік код қолданылса, онда бірқатар жақын орналасқан кодтық комбинацияларда бірнеше разряд бойынша айырмашылық болады. Мысалы, 0111 (7 саны) және 1000 (8 саны) комбинациялары барлық разрядтары бойынша үйлеспейді. Кодтарды үйлестіру кезінде үлкен қателік пайда болуы мүмкін.

Қарапайым екілік коды Грей кодына түрленуі үшін берілген комбинацияны 2 модулі бойынша дәл сондай, тек оң жаққа бір разрядқа жылжыған комбинациямен қосу керек. Мысалы, 1101 және 1010 екілік сандарын Грей кодына түрлендіру төмендегідей жүзеге асады:
1101 1010

+ +


1101 1010

1011 1111


Қосу кезінде екінші қосылғыштың кіші разряды алынып тасталады.

Екілік санды Грей кодына түрлендіруді келесідей принциппен де жүргізуге болады. Егер екілік санның берілгенге қатысты көршілес үлкен разрядында 0 тұрса, онда Грей кодының берілген разрядында екілік кодта жазылған сан сақталады, егер де 1 болса, онда сан кері санға ауысады. Мысалы, дәл сол 1101 екілік код комбинациясын түрлендіру кезінде Грей кодының кіші разрядында 1 сақталады, өйткені екілік санның көршілес (екінші) разрядында 0 жазылған. Грей кодының екінші разрядындағы 0 1-ге өзгереді, себебі екілік кодтың үшінші разрядында 1 жазылған. Үшінші разрядта 1 0-ге өзгереді, өйткені екілік кодтың төртінші разрядында 1 тұр, ал Грей кодының төртінші разрядында 1 қалады, себебі екілік санның төртінші разрядының сол жағында 0 тұр деп есептеледі.

Грей кодын екілік кодқа түрлендіру Грей кодындағы (үлкен разрядтан бастап, түрленетін разрядқа дейін) сандарды кіші разрядқа қосудан басталады. Егер 2 модулі бойынша қосу кезінде қосынды жұп болса 0, ал тақ болса 1 жазылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет