Негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері


ДӘРІС. Ғылыми зерттеудің бағытын таңдау. Ғылыми-зерттеуге қойылатын негізгі талаптар



бет3/14
Дата07.01.2022
өлшемі136,2 Kb.
#20039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
лекция Науч и проект исслед (2)

3 ДӘРІС.

Ғылыми зерттеудің бағытын таңдау. Ғылыми-зерттеуге қойылатын негізгі талаптар.

Ғылыми зерттеудің бағытын таңдау. Ғылыми зерттеудің мақсаты – процесс пен құбылысты, нысанды шынайы, жан-жақты зерттеу; олардың құрылысын, байланысын басқа зерттеу ғылымдарының принциптерімен, таным әдістерімен байланыстыру, адамға пайдалы өнімдерді алу және өндіріске енгізу. Кез-келген ғылыми зерттеудің нысаны мен пәні болады. Нысан - ғылыми зерттеулердің материалды және идеалды системасы болып келеді.

Пәні

- системаның құрылысы, системаның ішкі және сыртқы заңдылықтарының үйлесуі, даму заңдылықтары, әртүрлі қасиеттері, сапасы және т.б.



Ғылыми зерттеулер үш түрге бөлінеді:

1) Фундаменталдық зерттеулер - табиғаттың жаңа заңдылықтары мен өзгерістерін ашу және оқу мақсаты қоғамның ғылыми білімін кеңіту. Практикада болатын жағдайларды қолдану мүмкіндіктерін ұсыну. Мұндай зерттеулер белгілі мен белгісіздің шекарасында жүреді. Сондықтан нақтылы зерттеу емес.

2) Қ о л д а н б а л ы қ з е р т т е у л е р - табиғи заңдылықтарды қолдану жолдарын табу және адамзат тіршілігіне сол заңдылықтарды қолдану. Мақсатты-фундаменталды білімді алғанда, соны ғылыми біліктілікте қолдану. Практикалық жағдайда қолдану зерттеулер негізінде техникалық түсінік пайда болады.

Қолданбалық зерттеулердің өзі үшке бөлінеді:

1) іздену

2) ғылыми – зерттеулер

3) тәжірибелі - конструкторлық жұмыстар

1) І з д е н і с з е р т т е у л е р і нысанға әсер ететін факторларды анықтауға, фундаментальдық зерттеулер нәтижесі ұсынған жаңа техника мен технологияларды жасау жолдарын іздеуге бағытталған.

2) Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жаңа технологиялар, тәжірибелік құрылғылар, қондырғылар және т.б. жасалады.

3) Тәжірибелі конструкторлық зерттеулер жаңа конструкцияларды ғылым мен техникаға енгізу. Фундаменталды және қолданбалы зерттеулер негізінде жаңа ғылыми және ғылыми-техникалық жаңалықтар ашылады. Осындай жаңалықтарды бір ретке келтіру және оны өндіріске енгізуді ұсыну жасау (разработка) деп аталады.

Ол жаңа техниканы, материалдарды, технологияларды жасауға, белгілілерін одан әрі қарай жетілдіруге бағытталған. Жасаудың соңғы мақсаты қолданбалы зерттеулер материалдарын өндіріске енгізу. Қаржыландыру жолдарына қарай ғылыми зерттеулерді үшке бөлеміз:

1) мемлекет бюджетінен

2) шаруашылық келісім- шарт бойынша

3) қаржыландырылмайтын ғылыми зерттеулер

Б ю д ж е т т і к ғ ы л ы м и з е р т т е у ж ұ м ы с т а р ы мемлекет бюджетінен қаржыландырылады. Ш а р у а ш ы л ы қ к е л і с і м - ш а р т б о й ы н ш а зерттеулерді ұжымтапсырушының келісім шарты бойынша қаржыландырады. Мұндай мекемелер өндірістік немесе ғылыми зерттеу институттары болуы мүмкін. Қаржыландырылмайтын зерттеулер қарапайым қарым-қатынас келісім шарттары бойынша орындалады. Бұл жерде қызметкелерге жалақы төленбейді .

Әрбір ғылыми зерттеу жұмыстарының әрқайсысының өз ғылыми бағыттары бар. Осыған орай олар: техникалық, биологиялық, әлеуметтік, физика-техникалық, тарихи және т.б. бөлінеді. Техникалық ғылымның бағытына техникалық термодинамика зерттеулерін, ал биологиялық бағытқа биохимия немесе генді инженирияны жатқызуға болады.

Ғылыми зерттеу бағыттарының құрам бірлігі болып: кешенді проблема, тақырып , проблема және ғылыми сұрақтар болады. Кешенді проблема проблемалардың бір түйінге жиналуы. Проблема – қоғамда қордаланып қалған күрделі теориялық және практикалық есептердің жиынтығы. Проблема - глобалды, ұлттық, региональды, сала аралық болып бөлінеді. Мысалы: қоршаған ортаны қорғау проблемасы глобалды, себебі оның шешімі бүкіл адамзат қажеттілігіне байланысты. Арнайы (спецификалық) проблемалар арнайы өндіріске байланысты. Мысалы: автомобиль өндірісінде жанармай үнемдеу және жаңа жағдайлар табу проблемасы бар. Проблема дегеніміз күрделі ғылыми мақсат, оған зерттеудің біршама аумағы кіреді және перспективалық маңызы зор. Мұндай мақстаррадың тиімділігі мен экономикалық тиімділігін кейде жобалап қана анықтайды. Проблема бірқатар тақырыптардан тұрады.

Ғ ы л ы м и з е р т т е у л е р т а қ ы р ы б ы проблеманың құрамына жатады. Тақырыпты зерттеу нәтижесінде бірқатар ғылыми сұрақтарға жауап алуға, жауаптардан ғылыми проблеманың шешімін табуға болады. Тақырып – белгілі бір ғылыми зертеу аумағын қамтитын ғылыми мақсат. Ол көптеген зерттеу сұрақтарына базаланған.

Ғылыми сұрақтар дегеніміз ғылыми зерттеудің нақты тақырыбына қатысты майда ғылыми есептер. осы мақсаттарды шешу нəтижесінде тек теориялық қана емес ең бастысы практикалық мəнін де соған қарай күткен экономикалық тиімділікті орнатуға болады. Осы есептерді шешу нəтижесі тек теориялық қана емес практикалық маңызы зор, себебі күтілген экономикалық тиімділікті салыстырмалы түрде нақты орнатуға болады. Тақырыпты немесе сұрақты талдағанда зертеуге нақты мақсат қойылады – жаңа конструкция, прогрессивті технология, жаңа методика талдау сияқты. Тақырып жаңа мақсатты шешуі керек.

Бұл деген тақырып мұндай жағдайда талданбаған қазіргі кезде де талданбайды яғни қайталану болмайды деген сөз. Қайталау тек қысқамерзімде маңызды проблеманы шешу мақсатында екі жарысатын коллективтің біркелкі тақырып талданады. Ғылыми жəне инженерлік зерттеулер арасындағы грань əр жыл сайын жойылып бара жатыр. Дегенмен тақырыпты таңдағанда инженерлік емес ғылыми болуы керек, яғни принципиалды жаңа болғаны дұрыс. Егер жаңа есеп талданса да осы ашық заңның негізінде бұл аумақ инженерлік-экономикалық ғылыми емес. Сондықтан ғылыми мақсатты инженерлік-экономикалықтан бөліп қарау керек. Барлық белгілі заттар ғылыми зерттеу құралы болмайды. Тақырып экономикалық тиімді жəне маңызы зор болуы керек. Кез келген қолданбалы зерттеу халық шаруашылығында экономикалық тиімді болуы

керек.

Бұл маңызды талаптың бірі. Тақырыпты таңдау сатысында ережеге сай күтілген экономикалық тиімділік жобамен анықталуы жөн. Кейде экономикалық тиімділікті бастапқы сатысында орнату мүмкін емес. Мұндай жағдайда тиімділікті жобалы бағалау үшін аналогтарын қолдану керек (тақырып аталуы мен талдануы бойынша). Тақырыптың маңызды сипаты оның жүзеге асырылуы жəне енгізілуі. Тақырыпты талдағанда жоспарланған мерзімде оның аяқталу мүмкіндігі мен тапсырушының өндірістік жағдайына енгізуді бағалау керек.

Дегенмен ғылым мен техника қарыштап дамығанда тақырыптың ұзақмерзімді актуалдығы мен экономикалығы кейде нашар жағына өзгереді, ал ҒЗЖ орындауға шығын өсті. Сонда тақырыпты таңдағанда маңызды критерийі оның перспективалығы сəйкесті тұрақтылығы болады. Тақырып перспективалығын бағалау үшін екі əдісті қолданады – математикалық жəне эксперттік бағалау қолданады. Математикалық əдіс зерттеу перспективалығын анықтайтын əртүрлі көрсеткіштерді қолдануға негізделген. Қолданбалы тақырыптарда көбінше перспективалық көрсеткішті Кп қолданады, оның негізіне экономикалық көрсеткіш жатады. Соңғы жылдары бұл əдістің маңызы сол эксперттік бағалау əдісін кең қолдануда. əр экспертке бағалаушы баллдың шкала беріледі, соның көмегімен тақырып бойынша баллдар орнатылады.

Негізгі әдебиеттер: 1 [79-87], 2 [56-58]

Қосымша әдебиеттер: 8 [35-41]

Бақылау сұрақтары:

1. Ғылыми зерттеудің нысаны мен пәні не болып табылады?

2. Фундаменталдық, қолданбалық зерттеулер мен жасаулар арасындағы айырмашылықтар қандай?

3. Ғылыми және инженерлік зерттеулер арасындағы айырмашылықтары.

4. Кешенді проблема ғылыми сұрақтың негізі бола ма?

5. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі этаптары.

6. Тәжірибелік және теориялық зерттеу әдістері, қолданылатын жері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет