Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі



бет12/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62
3. Логикалық салдар: бұ фомула бойынша, егер газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы өзгермейтін болса, онда газдың берілген массасы үшін газ қысымы мен көлемінің көбейтіндісі тұрақты болып қалады, яғни рV — const
4. Эксперименттік тексеру: алынған қорытынды рV — const Бойль-Мариотт заңы деп аталады, ол 1662 және 1676-жылдары ашылған. Сабақта бұл заң туралы демонстрациялық тәжірибе көрсетіліп,
рV — const екендігі дәлелденеді.
5. Теориялық негізі: молекула-кинетикалық теория тұрғысынан модель-гипотеза дәлелденіліп, түсіндіріледі
Кулон және электролиз заңдары, электромагниттік және фотоэффект құбылыстары, т.т. осындай шығармашылық заңдылықар негізінде айқындалып ашылғандығы түсіндірілуі тиіс.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда, оларға эксперименттік есептер, шығармашылық жаттығулар, зерттеушілік лабораториялық жұмыстар, тапқырлыққа баулитын қызықты үй тапсырмаларын (бақылау жүргізу, модель жасау, конструкциялық сұлбалар орындаттыру қажет. Физика сабақтарында және үйірме жұмыстарында ғалымдардың, конструкторлардың, өнертапқыштардың, бизнесмендердің өмір жолы мен шығармашылық іс-әрекеті жайлы ұдайы оқып, олардың шығармашылық ерекшеліктерімен таныстырып отыруды дағдыға айналдырған жөн. Сонда физиканы оқытудың міндеттерінің де дұрыс шешілуіне қолайлы жағдай туғызылатын болады.


ІІІ ТАРАУ. МЕКТЕПТІҢ ФИЗИКА КУРСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ


3.1 Мектептің физика курсындағы әлемнің физикалық бейнесі

Қазіргі уақытта физикалық білім беру жүйесі қалыптасқан. Физикалық білім беру жүйесінің нұсқалары базистік оқу жоспарында көрсетілген, физикалық білім жүйесін талдай отырып, физика бойынша білімдерді оқушылар сонау бастауыш мектептен бастапалатынын ескеру қажет.


Бүгінгі уақытқа дейін физиканың негізгі курсы 2 сатыдан тұрады:
1.Пропедевтикалық(7-8 сыныптар)
2.Жүйелі (9-11 сыныптар)
Қазіргі уақытта физикалық білім беру жүйесі негізгі мектептің 7-9 сыныптарындағы физика курсында және бағдарлық мектептің 10-11 сыныптарындағы физика курсында дамуда. «Білім беру туралы» Заңға сәйкес, орта білім беру мектептерінің жоғары сыныптары бағдарлық сыныптар болып табылады. Қазіргі кезде ҚР-да екі бағдарлық бағыт жұмыс істейді: Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектептерде оқушыларматериалды берілген стандарттарға сәйкес игерулері керек, осы сыныптарда да физикаға аптасына бір сағат берілген. Біршама жоғары деңгейде физика материалы математикалық бағыттағы сыныптарда игеріледі. Бұл деңгей арнайы бағдарламамен беріліп, оған аптасына үш сағат беріледі. Мектептің физика курсының мазмұнын қоршаған әлем туралы білім беретін физика ғылымының негіздері құрайды.
Өзіне физиканың жалпы түсініктері мен ұстанымдарын, жорамалдарын енгізген және оның дамуының нақты кезеңін сипаттайтын табиғаттың тамаша моделін әлемнің физикалық бейнесі деп атайды. Әлемнің физикалық бейнесінде материя мен қозғалыс, кеңістік пен уақыт, өзара байланыс пен өзара әрекеттесу туралы философиялық ұғымдар нақтыланады.
Әлемнің физикалық бейнесі әлемнің жаратылыстық ғылыми бөлігі болып табылады. ӘФБ ұғымдық құрылымының маңызды компоненттері ретінде: материя, кеңістік пен уақыт, өзара байланыс пен өзара әрекеттесу туралы философиялық идеялар, сонымен қатар, физикалық теориялар арасындағы өзара байланыстарды бейнелейтін іргелі физикалық идеялар мен ұстанымдар болып табылады. Әлемнің физикалық бейнесінің компоненттері:
1.бастапқы философиялық ұғымдар
2.физикалық теориялар
3.физикалық теориялар арасындағы байланыстарды сипаттайтын ұстанымдар.
Физика тарихында әлемнің үш физикалық бейнесі болды. Бұлар: механикалық, электродинамикалық және кванттық-өрістік. Олардың әрбіреуі материя, кеңістік пен уақыт, қозғалыс пен өзара әрекеттесу жөнінде түсініктерімен сипатталады. Олардың әрқайсысына теорилар мен заңдардың белгілі бір жүйесі енеді. Әлем бейнесінің ауысуы – осы түсініктердің сапалы әрі түбегейлі өзгеруіне алып келеді.
Әлемнің физикалық бейнесінің құрылымдық элементтерінің бірі физикалық теория болып табылады. Кез-келген білім өзінің табиғаты жағынан жүйелі, яғни белгілі бір элементтерден тұрады, білімнің басқа да элементтерімен байланыста, дамуға қабілетті. Физикалық теорияны ерекшелендірір тұратын белгілері - ұғымдар жүйесінің тұйықтығы болып табылады. Әрбір теория айрықша бастапқы ұғымдарға, анықтамаларға, аксиомаларға, теорияны талдаумен байланысты математикалық аппарат пен идеяларға ие. Әртүрлі теориялардың әртүрлі топтастырулары болады. Олардың ішінде Гейзенбергтің топтастыруында төрт іргелі теориялар бөлініп көрсетіледі:
- Ньютон механикасы;
- Статистикалық механика;
- Электродинамика (толқындық оптика мен арнайы салыстырмалылық теориясы);
- Кванттық теория.
Іргелі теориялардан басқа тарихи аспектіде солардың пайда болуының негізі болып табылатын жеке теориялар немесе жеке теориялық cұлбалар бар.


Сұлба 4


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет