Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі



бет35/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62
Байланысты:
Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі

Оқу үрдісін ұйымдастыру формасы-сабақ жүйесінің үшінші компаненті.
Оқу үрдісін қйымдастыру формасына, сабақ құрылымына, оқу жағдаяттарының жүзеге асу кезеңдеріне байланысты сабақтың түрі әр түрлі болады. Сабақтарды топтастыру, олардың типтері мен түрлерін анықтау дидактиканың проблемасы болып табылады. Топтастыру негізінде-сабақ құрамына, оны өткізудің кезеңдеріне, оның мазмұнына, өткізу тәсілдеріне және т.б. тәуелді сабақтарды топтастырудың көптеген түрлері бар. Олардың ішінде ең тиімді және логикалық келістісі-М.И.Махмутовтың ұсынған сабақтарды ұйымдастыру мақсаттары бойынша оқуды топтастыру болып табылады. Осы топтасытруға сәйкес барлық сабақтарды келесі сабақтарға бөлуге болады:

  • жаңа материалды меңгерту сабағы;

  • білімді жетілдіру сабағы;

  • білімді қорытындылау мен жүйелеу сабағы;

  • аралас сабақ;

  • білімді, іскерлікті және дағдыларды тексеру мен түзету сабағы.

Жаңа сабақты меңгерту сабағының негізгі мақсаты-оқушылардың жаңа білімді меңгеруге жетуі. Бұл мақсат жаңа білім мен іс-әрекеттердің әдістерін меңгеру, өз беттерімен зерттеушілік қызметін жүзеге асыру, құндылықты қатынастар жүйесін қалыптастыру арқылы жүзеге асады.
Оқушылардың білімдерін жетілдіру сабағының негізгі мазмұны-оқушылардың білімдерін жетілдіруге ықпал ететін білімді практикада қолдану, оны кеңейту мен тереңдету, шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың білімдерін тексеру болып табылады.
Білімді қорытындылау мен жүйелеу сабағының мақсаты оқу материалының жүйесін қорытындылап, қайталап бекіту. Мұндай сабақ физика курсының үлкен бір тақырыбын немесе тарауды оқытудың соңында өткізіледі.
Аралас сабақтың мақсаты- алдыңғы үш типті сабақтардың мақсаттарын кешенді түрде жүзеге асыру.
Оқушылардың білімдерін, іскерлігін және дағдыларын бақылау мен түзету сабағы оқу үрдісі мен оның нәтижелерін, білімді игеру, іскерліктері мен дағдылардың қалыптасу деңгейлерін бағалауды көздейді.
Көрсетілген сабақтардың әр түрі мұғалім мен оқушылардың сабақтағы іс-әрекетіне байланысты әр түрлі ұйымдастырылып өтуі мүмкін. Оны мына кестеден көруге болады:
Кесте 5

Сабақтың типтері

Сабақтың құрылымы

Сабақтың әдістері

Жаңа материалды меңгерту сабағы

1.Ұйымдастыру бөлімі.(бар білімді өзектендіру)
2. Жаңа материалды хабарлау
3.Бекіту бөлімі.
4. Бағалау
5.Үйге тапсырма

Сөздік, көрнекілік, практикалық, эвристикалық, теориялық зерттеу, проблемалық т.б.

Білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын қалыптасытыру сабағы

1.Ұйымдастыру бөлімі.
2. үй тапсырмасын тексеру
3.Жаттығулар мен әр түрлі тапсырмалар орындау
4.Бекіту бөлімі.
5. Бағалау
6.Үйге тапсырма

Есеп шығару, өз бетімен тапсырмалар орындау, зертханалық жұмыстар, зерттеушілік тапсырмалар.

Аралас сабақ

1.Ұйымдастыру бөлімі.
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.Жаңа материалды хабарлау
4.Бекіту бөлімі.
5. Бағалау
6.Үйге тапсырма

Алдынғы сабақтардағы барлық әдістер қолданылады

Білімді қоытындылау мен жүйелеу сабағы

1.Ұйымдастыру бөлімі.
2.Жаттығулар мен әр түрлі тапсырмалар орындау
4. Бағалау
5.Үйге тапсырма

Сөздік, практикалық,көрнекілік.
Бұл әдістерді әр түрлі жолдармен ұйымдастыруға болады.

Білімдерді , іскерліктерін және дағдыларды тексеру сабағы

1.Ұйымдастыру бөлімі.
2. Білімді, іскерлікті, дағдыларды тексеру.
3. Үйге тапсырма

Тексерудің әр түрлі әдістері(ауызша, жазбаша-бақылау жұмысы, тестілеу, сынақ т.б.)

Оқу үрдісінің логикасына, физиканы оқытудың дидактикалық және әдістемелік ұстанымдары мен сабақ берудің негізінде қазіргі заман физика сабағын ұйымдастырудың негізгі ережелерін айқындауға болады.


Бірінші ереже-сабақтың мақсатын анықтау. Сабақта оқу-тәрбиелік процестің білім беру, дамытушылық және тәрбиелік функциялары жүзеге асатындықтан, соған байланысты сабақ мақсаттарын анықтап, тұжырымдау.
Екінші ереже- сабақтың мақсатарына, оқушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оқу материалының мазмұнын және оның көлемін, жаңа материалдың бұрынғы оқылған материалдармен байланысын, оқушылардың өзбетімен орындайтын тапсырмалардың жүйесін, анықтап дайындау; сабаққа қажетті көрнекілік құралдарды(демонстрациялық эксперимент, дидактикалық материалдар және т.б.)әзірлеу.
Үшінші ереже- сабақтың типі мен түрін нақтылау. Дидактикалық міндеттерді шешудің жүйелілігі сабақтың барлық мақсаттарына жетуге әкеледі.
Төртінші ереже- сабақтың мақсаттарына, оқу материалының мазмұнына және оқушылардың дайындығының деңгейіне сәйкес оқытудың әдістері мен тәсілдерінің ең тиімді түрлерін таңдау.
Бесінші ереже-оқытудың мақсаттарына, мазмұнына және әдістеріне сәйкес сабақтың құрылымын анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет