Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі



бет38/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62
Кесте 18


Оқушылардың білімдерін бір жүйеге келтіру физикалық шамалар негізінде жүйелендіруге болады. Мысалы:


Кесте 6

Физи
калық
шама
ның аты

Шаманың белгіленуі

Шаманың физикалық мағынасы

Өлшем бірлігі

Өлшеу тәсілі, өлшеу құралы

Бұл
қандай
шама:
салыс
тырмалы немесе
инвар
иантты

масса

m

Дененің қасиеті инертілік пен гравитацияның өлшемі болып табылады

кг

Рычагты таразы

инва
риант
ты

күш

F

Өзара әсерлесу оның өлшемі болып табылады

Н

динамометр

инва
риант
ты

жыл
дам
дық



Уақыт бірлігіндегі жүрген жолы

м/с2

спидометр

салыс
тырма
лы

Оқушылардың білімдерін қорытындылап бір жүйеге келтіру сабақтарын әр түрлі әдістерді қоладанып, ұйымдастырып өткізіуге болады. Дәріс түрінде өткізуге болады, бірақ бұл әдіспен өткізілетін сабақта оқушылардың танымдылық белсенділігі жоғары болмайды. Оқушылардың танымдылық белсенділігі жоғары деңгейде болу үшін интер белсенді әдісті қолданған тиімді. Бұл әдісте мұғалім мен оқушылардың бірігіп әңгімелесіп талдау нәтижесінде білімді қорытындылаушы сұлбалар сызылып, кестелер толтырылады. Білімді қорытындылап бір жүйеге келтіру сабақтарын семинар түрінде өткізу де тиімді. Бұл сабақтар үшін оқушылар өз беттерімен қосымша әдебиеттерден материалдар алып, әзірленіп, сабақта өздері жинақтаған мәліметтерін айтып, пікір бөліседі
Ғылыми фактлар негізінде «Электродинамика» тарауындағы фундаментальді тәжірибелер жөніндегі оқушылардың білімдерін қайталап жүйеге келтіруді мына кестені толтыру арқылы жүзеге асыруға болады:


Кесте 7

Тәжірибенің аты

жыл

Тәжірибенің мақсаты

Нәтижесі

Кулон тәжірибесі

1785

Элетрлік зарядтардың өзара әсерлесуін зерттеу

Кулон заңы

Эрстед тәжірибесі

1820

Электрлік және магниттік құбылыстардың өзара байланысын зерттеу

Электр өрісінің магниттік тілшеге әсері

Ампер тәжірибесі

1820

Тогы бар өткізгіштердің өзара әсерін зерттеу

Ампер заңы

Фарадей тәжірибесі

1831

Электрлік және магниттік құбылыстардың өзара байланысын зерттеу

Элекромагниттік индукция құбылысы және оның заңы

Физикалық құбылыс және оны сипаттайтын ұғымдар негізінде оқушылардың білімдерін бір жүйеге келтіруді «Ішкі энергияны өзгеру тәсілдері» тақырыбы арқылы көрсетуге болады:


Кесте 19

Физикалық теория негізіндегі білімді қорытындылап-қайталау сабақтарында оқушылар физикалық теорияның құрылымын, таным процесінің циклын көріп, танып біледі. Мысалы, «МКТ» тарауын қорытындылауды мына кестені оқушыларға толтырып жаздырту арқылы физикалық теорияның құрылымын, таным процесінің циклын көрсетуге болады:


Кесте 8

Фактылар

Болжамдар

Теориялық салдарлар

эксперимент

1.Оңай сығылады;
2.Берілген көлемді түгелімен алады;
3.Тұрған ыдыстың қабырғасына қысым түсіреді;
4.Диффузия;
5.Броундық қозғалыс.

Идеал газ (m0, υ,Р,Т,п,Ē т.б.)
1
Р=― п m υкв.орт.
3

Р=nkT


m
PV=-------RT
M
T=const
PV=const
Бойль-Мариотт заңы
P=const V ˜ T
Гей-Люссак заңы
V=const P ˜ T
Шарль заңы



1.Штерн тәжірибесі

2.Газ заңдарының дұрыстығын


дәлелдейтін тәжірибелер

Жалпы орта білім беретін мектептерде оқытуды ұйымдастырудың бір түрі экскурсия сабақтары. 90-жылдарға дейін экскурсиялар бағдарламаға енгізіліп, міндетті түрде өткізілуге тиісті болатын. Оған әдейі уақыт бөлінетін. Қазіргі кезде қолданылып жүрген альтернативті варианттағы бағдарламаларда оқу экскурсияларын өткізуге қатаң талап қойылмаған. Экскурсия сабақтарында оқушылар теорияның практикада қолданылуын көреді. Сондықтанда физикалық білімді қалыптастыруда бұл сабақтардың орыны бөлек. Экскурсия сабақтарын ұйымдастырып өткізу 4 кезеңнен тұрады: 1) Экскурсияны жоспарлау, 2) Экскурсияға әзірлік, 3) Экскурсияны өткізу, 4) Экскурсия нәтижесін қорытындылау.


Мұғалім экскурсияны жоспарлағанда оны өткізу уақыты мен орнын анықтап, экскурсияға алып баратын мекемемен келісіп, мектеп әкімшілігінен рұхсат алуы керек. Осы кезеңде оқушыларды экскусияның мақсатымен, олардың алдарында тұрған міндеттермен, экскурсияға барғанда неге көңіл аудару керектігін, экскурсия нәтижесі бойынша есепті қандай түрде дайындау керек екендігімен, қауіпсіздік ережесімен таныстырады.
Экскурсияға барғанда мұғалім оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі үшін жауапты. Сондықтан экскурсия кезінде оқушыларды бақылап, олардың қауіпсіздік ережесін сақтауын қадағалау керек.
Экскурсия нәтижесін қорытындылау барысында оқушылар өздеренің көріп бақылағандарын бір жүйеге келтіріп, физикалық білімдерімен байланыстырып, есеп береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет