Сабақтың құрылымына қойылатын талаптарда сабақтың дидактикалық және тәрбиелік мақсаты, білім жүйесіндегі оның мәнін дұрыс анықтау қажеттігі туралы айтылады. Физика сабағы талапқа сай өтуі үшін:
сабақтың типін анықтап, оның құрылымын(сабақтың барлық кезеңдері бір-бірімен өзара байланыста болу) ойластырып және негіздеу керек;
әрбір сабақты алдыңғы және келесі сабақтармен байланыстыру керек;
жаңа материалды оқытудың ыңғайлы әдістемелер үйлесімін таңдап алып, қолдану керек;
оқушылардың білімдерін жүйелі және әр түрлі бақылауды қамтамасыз ету. Сабақта оқушылардың білімін бақылау әдістемесін(ауызша жедел сұрақ-жауап, тақтаның алдында сұрау, физикалық диктант, т.б) және үй тапсырмасын тексеру әдістерін жетілдіру (мұғалімнің дәптерлерді тексеру, оқушылардың бір-бірінің есептерін тексеруі, тақтаның алдында есептер шығару және т.б)керек;
оқылған материалды қайталау және пысықтау жүйесін ойластыру керек;
әірбір сабақтың жалғасы және келесі сабаққа дайындық болатындай, үйге берілетін тапсырманың көлемі анықтап, оның жоспарға сәйкес уақытында берілуі, түсінікті болуы және оқушылардың жеке мүмкіндігі ескерілуі, яғни үй тапсырмасын оқушылардың дайындықтарына қарай қиындық деңгейі бойынша дифференциалдау қажет.
Егер мұғалім сабақтың өту барысын ойлап, оған жақсы дайындалса ғана сәтті өтді.
Сабақты дайындау мен ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Сабақта оқушылардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету(қауіпсздік техникасын, еңбек гигиенасын, бөлменің тазалығын, жарықтану нормасын сақтау)керек.
Әрбір сабаққа дайындықты берілген тақырыптағы сабақтарды жүйелі жоспарлаудан(алдын ала сабаққа оқу материалын таңдап алу қажет, оны сабаққа қолдануға болатындай көлемін және күрделілігін анықтау, сол сияқты қалған жұмыс түрлерін белгілеуден) бастау керек.
Әрбір сабаққа дер кезінде демонстрациалық және дидактикалық материалдарды, техникалық оқу құралдарын дайындау керек.
Барлық сабақтар жүйесінде сабақ типінің әр түрлілігін қамтамасыз ету керек.
Оқушылардың білімнің көп бөлігін мұғалімнің басшылығымен, бірақ өз бетінше алуына мүмкіндік жасау керек.