Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша


-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі



бет10/15
Дата11.10.2024
өлшемі125,67 Kb.
#147750
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Информатика каз 11.01.19г (6) (1)

3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі

16. Бағдарламада «оқыту мақсаттары» кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10» – сынып, «2.1» – екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» – оқу мақсатының реттік саны.


17. Білім алушыларға қойылатын мақсаттар:
1) Аппараттық және программалық қамтамасыз ету

Білім алушылар міндетті:

Бөлімше

10-сынып

11-сынып

1.
Аппараттық қамтамасыз ету

10.1.1.1 басқару құрылғысының (БҚ), арифметика- ­логикалық құрылғының (АЛҚ) және жад регистрінің процессордың бір бөлігі ретінде функциясын сипаттау

11.1.1.1 ұялы құрылғылардың негізгі құрауыштарының сипаттамасын салыстыру: планшеттер, телефондар

2.
Программалық
қамтамасыз ету




11.1.2.1 виртуалды машиналардың қызметін сипаттау;
11.1.2.2 аппараттық және программалық
қамтамасыз етуде даму заңдылықтарын сипаттайтын мысалдар келтіру.

2) Деректерді ұсыну

Бөлімше

10-сынып

11-сынып

1.
Есептеу жүйелері

10.2.1.1 ондық жүйедегі бүтін сандарды екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне аудару және кері аудару




2.
Компьютердің логикалық негіздері

10.2.2.1 логикалық операцияларды қолдану (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия);
10.2.2.2 берілген логикалық элементтер үшін ақиқат кестесін құру;
10.2.2.3 1 негізгі логикалық элементтердің нысаналы мақсатын түсіндіру: конъюнктор, дизъюнктор, инвертор;
10.2.2.4 логикалық өрнектерді логикалық сызбаға және керісінше ауыстыру


3.
Ақпаратты кодтау

10.2.3.1 Unicode және ASCII символдарын кодтау кестесін салыстыру




3) Ақпараттық процестер мен жүйелер



Бөлімше

10-сынып

11-сынып

1.
Реляциондық деректер қоры

10.3.1.1 «реляциондық деректер қоры» ұғымын түсіндіру
10.3.1.2 жол, жазба, индекс терминдерінің анықтамасын құрастыру
10.3.1.3 деректер қорында бірінші кілтті анықтау
10.3.1.4 Bigdata оң және теріс әсерлерін бағалау




2.
Мәліметтер қорын жасау

10.3.2.1 деректер қорында мәліметтер типін анықтау (SQL);
10.3.2.2 біркестелі деректер қорын құру (SQL);
10.3.2.3 көпкестелі деректер қорын құру (SQL);
10.3.2.4 деректерді енгізуге арналған форма жасау (SQL);
10.3.2.5 алынған мәліметтерді қолдана отырып, есептерді жасау (SQL);




3.
Құрылымдалған сұраныстар

10.3.3.1 конструктордың көмегімен іріктеуге бағытталған сұраныстарды жасау (SQL (эс кю эль));;
10.3.3.2 web –парақша мен деректер қорынның байланысын орнату




4.
Ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы үрдістер




11.3.4.1 машиналық оқыту принциптерін, нейрондық желілерді (нейрондық және синапстар) түсіндіру;
11.3.4.2 өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда жасанды интеллект қолдану саласын сипаттау;
11.3.4.3 дайын алгоритмдермен математикалық модельдеудің электрондық кестелеріндегі/ бағдарламаларындағы нейрондық желілерді жобалау;
11.3.4.4 жасанды интеллектіні әзірлеуде «мұғаліммен оқыту» әдісін қолдану ауқымын сипаттау;
11.3.4.5 Blockchain технологиясының мақсаты мен жұмысын түсіндіру;
11.3.4.6 Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерін талдау; 11.3.4.7 2 электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау;
11.3.4.8 «заттар интернетінің» жұмыс қағидаларын сипаттау;
11.3.4.9 «заттар интернетінің» перспективасы туралы айту

4) Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру

1.
3D - модельдеу




11.4.1.1 виртуалды және кеңейтілген шындықтың мақсатын түсіндіру;
11.4.1.2 адамның психикалық және физикалық денсаулығына виртуалды және кеңейтілген шындықтың әсері туралы айту
11.4.1.3 бірінші тұлға көрінісімен 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау;

2.
Web-жобалау

10.4.2.1 web-парақшаларды жасауда HTML-тегтерін қолдану
10.4.2.2 web-парақшаларды жасауда CSS қолдану
10.4.2.3 web-парақшаларды жасауда дайын скриптілерді қолдану
10.4.2.4Web-бетке мультимедиа нысандарын кірістіру үшін HTML тегтерін қолдану




5) Қосымшалар әзірлеу



Бөлімше

10-сынып



11-сынып

1.
Алгоритмдер және программалар

10.5.1.1 Функциялар мен процедураларды пайдаланып бағдарламалау тілінде кодты жазу;
10.5.1.2 жолдарды өңдеу үшін процедуралар мен функцияларды пайдалану; 10.5.1.3 ақпаратты оқу және жазу үшін файлдарды пайдалану;
10.5.1.4 практикалық есептерді шешу үшін сұрыптау алгоритмдерін іске асыру;
10.5.1.5 практикалық есептерді шешу үшін іздеу алгоритмдерін іске асыру




2.
Мобильдік қосымшалар




11.5.2.1 конструкторде ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру;
11.5.2.2 разрабатывать мобильное приложение, используя блоки кода с условиями и циклами;
11.5.2.3 әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру
11.5.2.4 ақылды үй датчиктерінен деректер жіберуді ұйымдастыру;
11.5.2.5 ақылды үй датчиктерінен алынған деректерді шығару бағдарламаларын өңдеу;
11.5.2.6 ақылды үй құрылғысын басқару үшін бағдарлама әзірлеу

3.
IT Startup




11.5.3.1 Startup түсінігін баяндау; 11.5.3.2 Crowdfunding платформаларының жұмыс істеу қағидаларын сипаттау;
11.5.3.3 өнімді насихаттау және сату жолдарын сипаттау;
11.5.3.4 маркетингтік жарнама жасау (инфографика, бейне)

6) Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік

Бөлімше

10-сынып

11-сынып

1.
Компьютерлік желілерді ұйымдастыру

10.6.1.1 желілік компоненттердің қызметін сипаттау (желілік түйіндер, бағдарлауыш, коммутатор)
10.6.1.2 IP –адрестің жазылуы мен қызметтерін, ұсынылуын түсіндіре алу
10.6.1.3 (DNS) домен аттар жүйесінің қызметтерін сипаттау
10.6.1.4 жеке виртуалды желінің мақсатын түсін,діру




2.
Ақпараттық қауіпсіздік

10.6.2.1 «Ақпараттық қауіпсіздік», «құпиялық», «тұтастық» және «қолжетімділік» терминдерінің мағынасын түсіндіру;
10.6.2.2 Деректерді шифрлау қажеттілігін бағалау;
10.6.2.3 қолданушының мәліметтеріне қатысты қауіпсіздік шаралардың қолданылуын түсіндіру: құпиясөз, тіркелу жазулары, аутентификация, биометриялық аутентификация

11.6.2.1 ақпараттарды немесе зияткерлік меншікті қорғау қажеттіліктерін дәлелдеу (1996 жылғы 10 маусымдағы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», 2003 жылғы 7 қаңтарғы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары);
11.6.2.2 электронды сандық қолтаңба және сертификаттың қолданылуын сипаттау;
11.6.2.3 электронды сандық қолтаңба қолдану алгоритмін сипаттау

18. Осы оқу бағдарламасы қосымшаға сәйкес жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Информатика» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады.


Жалпы орта білім беру деңгейінің
жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Информатика» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына
қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет