ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ
Негізгі орта білім беру деңгейінің
«Адам жəне қоғам» білім саласы пəндерінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
(5–9-сыныптар)
Астана 2013
Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрінің 2013
жылғы 3 сəуірде №115 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2013 жылы 10
сəуірде № 8424 тіркелген.
Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Адам жəне
қоғам» білім саласы пəндерінің оқу бағдарламалары – Астана, 2013. – 79 б.
Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2013
2
«Қазақстан тарихы» пəнінен оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1.
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
сəйкес əзірленген.
2.
Пəнді оқытудың мақсаты – оқушылардың білімі мен дайындық
деңгейін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі
дəуірден бүгінгі күнге дейінгі нақты тарихы бойынша білім беру.
3.
Қойылған мақсаттарға сай пəнді оқытудың келесі міндеттері
орындалуы тиіс:
1)
оқушыларға Қазақстан тарихы бойынша толыққанды, жүйелі білім
беру;
2)
Қазақстан тарихы бойынша тарихи терминологияларды меңгерту;
3)
оқушылардың тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап-қорыту,
тарихи оқиғалардың мақсаты мен мəнін анықтай білу, оның маңызын бағалай
білу дағдыларын қалыптастыру;
4)
оқушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мəдениеттің көрнекті
өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы
талдау жасауға дағдыландыру;
5)
оқушылардың қазақ жəне басқа да халықтардың мəдени мұраларына
қызығушылығын қалыптастыру;
6)
оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, түрлі дерек көздерінен
қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік
беру.
4.
Келесі пəндермен пəнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
1)
«Дүние жүзі тарихымен»:
Қазақстан тарихы дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі;
Қазақстан тарихын оқытқанда көршілес мемлекеттердің тарихымен
байланысты қарастырылатын ортақ мəселелерді қарастыру;
2)
«Географиямен»:
Қазақстан территориясының жəне шекарасының анықталу кезеңі;
Қазақстан территориясында əкімшілік-территориялық реформалардың
жүргізілуі;
Қазақстан территориясының ландшафты, климаты, жануарлар мен
өсімдіктер əлемін, пайдалы қазбаларын зерттеген түрлі экспедициялар қызметі;
3)
«Қазақ əдебиетімен»:
Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының көркем шығармаларды
жазуда тарихи оқиғалармен байланыстыруы;
ХХ ғасырдағы қазақ зиялыларының шығармашылықтарын білу;
4)
«Орыс əдебиетімен»:
3
орыс ақын-жазушыларының шығармаларында қазақ қоғамының көрініс
табуы;
орыс ақын-жазушыларының шығармаларындағы қазақ халқының өміріне
байланысты зерттеу материалдарын білу;
5)
«Бейнелеу өнерімен»:
бейнелеу өнерінің дамуы;
қазақтардың қолданбалы қолөнер туындыларының тарихы;
ХVІІІ – ХІХ ғғ. суретшілер еңбегіндегі Қазақстан тақырыбы;
6)
«Музыкамен»:
музыкалық шығармалардың тарихи оқиғалармен байланыстылығы;
Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларды баяндауда музыкалық
шығармалардың дерек көзі ретінде қызметі;
музыка өнерінің тарихы, əнші-сазгерлердің өмірі мен шығармашылығы.
5.
Оқу жүктемесінің көлемі:
1)
5-сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат;
2)
6-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;
3)
7-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;
4)
8-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;
5)
9-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат.
2. Оқу пəнінің 5- сыныптағы базалық білім мазмұны
6.
«Тарих əлемі» (2 сағат):
тарих туралы түсінік, тарихты зерделеу не үшін қажет, Қазақстан тарихы–
дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі, Қазақстан тарихының кезеңдері (ежелгі,
орта ғасырлардағы, жаңа жəне қазіргі заманғы тарих);
тарихи жəдігерлер, тарихи жəдігерлердің түрлері (ауызша, жазбаша,
археологиялық), заттай, жазбаша жəдігерлер.
7.
«Тарихқа саяхат» (14 сағат):
адамның шығу тегі əлемнің пайда болуы туралы қазақ аңыздары,
адамның шығу тегі туралы ғылыми көзқарастар, Қазақстан территориясындағы
ежелгі адамдар;
Қазақстан территориясындағы тас дəуірі кезеңі, палеолит – ерте тас
дəуірі, ежелгі еңбек құралдары, адамдарды топтасып өмір сүруі, табиғат, ауа
райы, мұз басу, мезолит – орта тас дəуірі, күннің жылынуы, мұздықтардың еруі,
кішігірім, жүйрік аңдарды аулауға арналған садақ пен жебені жəне бумарангты
ойлап табу, жеке аң аулау, жаңа еңбек құралдарының пайда болуы, неолит –
жаңа тас дəуірі, микролиттік мəдениет, мал шаруашылығы мен егіншіліктің
қалыптасуы;
Қазақстан территориясындағы қола дəуірі (алғашқы металдар, қоланы
пайдалануды үйрену), андронов мəдениеті, қола дəуіріндегі тайпалардың
шаруашылығы, қола дəуіріндегі тайпалардың мəдениеті;
4
сақ тайпалары, сақтар – ежелгі Қазақстанды мекендеушілер, сақтар
туралы парсы жəне грек жазбалары, сақтардың тұрмысы, шаруашылығы,
олардың əдет-ғұрыптары, сақ билеушілері, сақтардың басқару жүйесі, Томирис
пен Зарина – сақтардың атақты патшалары (ханшайымдары), сақтардың
тəуелсіздік үшін күрестері, парсылармен соғысы, Шырақтың ерлігі, сақ
мəдениеті, «Алтын адам» – қазақ халқының баға жетпес мəдени мұрасы;
Қазақстан территориясындағы ғұн тайпалары мөде – ғұн мемлекетінің
негізін қалаушы, ғұндардың тарихы, ғұндардың шаруашылығы, тұрмысы,
халықтардың ұлы көші, Аттила (Еділ) – ұлы жаһангер;
Қазақстан территориясындағы көне түркілер («түркі» түсінігі), Түркі
қағанатының құрылуы, Бумын қаған – Түркі қағанатының негізін қалаушы,
көне түркілердің тұрмысы жəне қызметі, көне түркілердің мəдениеті, діни
түсініктері, көне түркі жазбалары;
Шығыс даналары (əл-Фараби – шығыстың көрнекті ойшылы»
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, Ж. Баласағұн);
Ұлы Жібек жолы – маңызды сауда жолы орта ғасырлардағы Қазақстан
қалалары, қалалардың құрылысы, ірі қалалар (Түркістан, Сығанақ, Сайрам,
Тараз);
монғол шапқыншылығы, монғолдар қазақ даласында, Отырар – қаһарман
– қала, (Отырар қорғанысы. Отырардың күйреуі);
қазақ халқының жəне Қазақ хандығының құрылуы, «қазақ» терминінің
пайда болуы жəне маңызы, Алтын Орданың ыдырауы, Ақ Орданың құрылуы,
Əбілхайыр хан мемлекеті, Керей мен Жəнібек сұлтандардың бөлінуі жəне
өздерінің руларымен Моғолстан территориясына қоныстануы, қазақ
хандығының құрылуы, жүздердің қалыптасуы, Қасым хан тұсындағы қазақ
хандығының күшеюі;
қазақ хандары, билері жəне батырларының тарихы, хан – ел билеушісі,
аңызға айналған қазақ хандары (Алаша хан, Уыз (Оғыз хан), қазақ хандары –
Керей, Жəнібек, Бұрындық, Қасым, Хақназар, Тəуке), қазақ қоғамындағы
билердің рөлі, билер – дана, шешен, қазылар, қазақ қоғамындағы батырлардың
алатын орны, ХVІІІ ғасырдың ұлы батырлары;
Қазақстан жəне Ресей қазақ-жоңғар соғысы, Қазақстанның Ресейге
қосылуы, Əбілхайыр ханның Ресей құрамына кіруге ұмтылысы, Кіші жүз
қазақтарының Ресей империясының құрамына қабылдануы, А.Тевкелевтің
елшілігі;
Абылай хан, өмірі мен саяси қызметі;
қазақ
ағартушылары,
қазақтың
ұлы
ғалымы
Ш.Уəлиханов,
(Ш.Уəлихановтың өмірбаяны, Омбыдағы кадет корпусында білім алуы,
Ф.М.Достоевскиймен достығы, Қашғарға сапары), Абай Құнанбаев – қазақ
жазба əдебиетінің негізін салушы (Абайдың балалық шағы. Абай – сазгер, Абай
өлеңдері,
қара
сөздері),
Ыбырай
Алтынсарин – ғалым-ағартушы,
(Ы.Алтынсарин педагог, Қазақстанда қыздарға білім беретін мектептің негізін
салушы);
8. Қорытындылау (1 сағат).
5
9.
«Əсемдік əлемінде» (6 сағат):
қазақ халқының материалдық мəдениет, қазақтардың тұрғын үйлері (киіз
үй, киіз үйдің жиһаздары), қазақ халқының ұлттық киімдері, қазақтардың
қолөнер бұйымдары;
архитектуралық ескерткіштер, Қазақстан территориясындағы ежелгі
құрылыстар, орта ғасырлардағы архитектуралық ескерткіштер (Қозы Көрпеш-
Баян Сұлу, Бабаджа – қатын, Айша бибі, Алаша хан, Сырлытам. Қожа Ахмет
Йассауи кесенелері);
қазақ халқының рухани мəдениеті, қазақ халқының мейрамдары;
наурыз мейрамы (наурыз – жаңа жыл), халық ауыз əдебиеті жəне қазақ
халқының шешендік өнері (дастан, аңыз-əңгімелер, шежірелер), қазақ
халқының айтыс өнері, шешендердің өнері (Жиренше шешен, Аяз би, Алдар
Көсе);
қазақ халқының музыка өнері, күй өнері (Құрманғазы, Тəттімбет,
Ықылас, Қорқыт);
діннің пайда болуы, ежелгі адамдардың діни түсініктері, қазақ халқының
діни наным-сенімі.
10.
«Қазақстан ХХ ғасырда» (6 cағат):
Қазақстан Ресей құрамында, 1917 жылы патшаны тақтан тайдыру, 1917
жылы қазанда большевиктердің билікті алуы, Қазақстанда Кеңес билігінің
орнауы, азамат соғысы, КСРО-ның құрылуы;
қазақ ұлттық зиялылары (Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов,
Міржақып Дулатов);
Қазақстан 1941 – 1945 жылдары, Ұлы Отан соғысы жылдарында, КСРО-
ға қарсы Германияның фашистік əскери жоспары, Ұлы Отан соғысының
басталуы, Ұлы Жеңіске қазақстандықтардың қосқан үлесі, Қазақстан майдан
арсеналы, Қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы еңбектегі ерлігі;
тың игеру (тың жəне тыңайған жерлерді игерудің себептері, тың жəне
тыңайған жерлерді игеру, тың игеру қорытындылары);
Қазақстандағы ғылым мен мəдениеттің дамуы (Қ.И. Сəтпаев – қазақтың
тұңғыш академигі, Қазақ Ғылым академиясының бірінші президенті), «Мəдени
мұра» бағдарламасы;
ғарышты игеру, Қазақстан – ғарыш айлағы (Байқоңыр, Қазақстандық
ғарышкерлер – Тоқтар Əубəкіров, Талғат Мұсабаев).
11. «Тəуелсіз Қазақстан» (3 cағат):
Қазақстан – егеменді мемлекет, КСРО-ның құлауы, Қазақстанның
мемлекеттік тəуелсіздігін жариялауы, Н.Ə. Назарбаев – тəуелсіз Қазақстанның
тұңғыш президенті;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздері (мемлекеттік рəміздер
туралы түсінік, қазақ халқының мемлекеттік рəміздері тарихынан, Қазақстан
Республикасының рəміздері, Қазақстан Республикасының азаматтарының
конституциялық міндеттері –мемлекеттік рəміздерді құрметтеу);
6
Астана – Қазақстанның жаңа астанасы (біздің еліміздің бас қаласы),
Қазақстан астаналары (Орынбор, Қызылорда, Алматы), 1997 жыл – Астана
қаласының еліміздің елордасы болып жариялануы;
12. Қорытынды қайталау (2 сағат).
3. Оқу пəнінің 6 сыныптағы базалық білім мазмұны
13.
Кіріспе (1 сағат).
14.
«Ежелгі адамдардың өмірі. Ертедегі терімшілер мен аңшылар»
(9 сағат):
алғашқы адамдардың пайда болуы, адамның шығу тегі туралы ежелгі
адамдардың түсінігі, адамның шығу тегі туралы қазіргі көзқарастар,
Қазақстанда алғашқы адамдардың пайда болуы, адамдар тобыры – алғашқы
адамдардың қоғамдық ұйымы;
ежелгі адамдардың іс-əрекеттері, алғашқы тастан жасалған еңбек
құралдары, тасты өңдеу əдісі, аңшылық, терімшілік;
алғашқы адамдардың өмірі, еңбек құралдарын жетілдіру, палеолиттен
неолитке дейінгі еңбек құралдарын жетілдіру, ұлы мұздықтар, отты қолдану;
Қазақстан территориясы ерте тас дəуірінде (палеолит), төменгі жəне
жоғарғы палеолит, Қазақстан жеріндегі палеолит дəуірінің тұрақтары, еңбек
құралдары, «саналы адамдардың» пайда болуы;
рулық қауымның пайда болуы (аналық ру, көсемдер, ақсақалдар);
Қазақстан территориясы орта тас дəуірінде (мезолит), орта тас дəуірінің
ерекшеліктері, микролиттердің пайда болуы, садақ пен жебенің пайда болуы,
олардың адамдар өміріндегі маңызы;
мезолит дəуіріндегі табиғи-климаттық өзгерістер (мұздықтардың еруі,
күннің жылынуы), жануарлар əлемі мен өсімдіктер дүниесіндегі өзгерістер,
Қазақстан территориясындағы мезолит дəуірінің тұрақтары;
Қорытындылау.
15.
«Егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы, Еңбек бөлінісі» (9
сағат):
мезолит дəуіріндегі алғашқы адамдардың қоғамдық өміріндегі өзгерістер,
рулық қауымның нығаюы, рулардың тайпаларға бірігуі, егіншілік пен мал
шаруашылығының пайда болуы, еңбек бөлінісі;
Қазақстан территориясы жаңа тас дəуірінде (неолит), неолит төңкерісі,
мал шаруашылығы мен егіншілікке көшу;
қыш өндіру кəсібінің пайда болуы (қыш ыдыстар дəуірі), тоқыма өнері,
тастан, сүйектен жасалған еңбек құралдары;
неолит ескерткіштері, Қазақстан территориясындағы неолит дəуірінің
тұрақтары, рулық қауымның аналықтан аталыққа көшуінің басталуы;
мыстытас дəуірі (энеолит), алғашқы металл өндіру, мыс жəне қалайы,
Орталық Қазақстандағы ежелгі металлургия;
7
энеолит дəуіріндегі еңбек құралдарын жетілдіру қоғамдық еңбек бөлінісі,
патриархаттың бекітілуі, Қазақстан территориясындағы энеолит дəуірінің
тұрақтары;
алғашқы адамдардың қоршаған орта туралы ой-пікірлері (əлем туралы
аңыздар), білімді жинақтау жəне дамыту, діни наным-сенімдер (анимизм,
тотемизм, фетишизм, магия – алғашқы діни түсініктер);
«пұтқа табынушылық», құдай мен рухқа сену, өнердің тууы, тастағы
суреттер;
қорытындылау.
16.
«Қола дəуіріндегі Қазақстан» (7 сағат):
қола дəуіріндегі Қазақстан, қола дəуірінің ерекшеліктері, қола – мыс пен
қалайының қоспасы, қоладан жасалған еңбек құралдары, Қазақстан
территориясындағы мыс пен қалайы кен орындары, қола дəуірінің кезеңдері
(ерте, орта жəне кейінгі);
андронов мəдениеті, Қазақстандағы андронов мəдениетінің қоныстары,
андрондықтардың шаруашылығы мен тұрмысы, баспанасы;
қола дəуіріндегі адамдардың қоғамдық-мəдени өміріндегі шаруашылық
өзгерістер, климаттың өзгеруі, отырықшы жəне жартылай көшпелі мал
шаруашылығы, кетпенді егіншілік, қыш ыдыс кəсібі, зергерлік өнер, А.Х.
Марғұлан жəне т.б., Беғазы-Дəндібай мəдениеті;
қоғамдық құрылысы, жеке меншіктің пайда болуы;
қорытындылау.
17.
«Ерте темір дəуіріндегі Қазақстан» (9 cағат):
көшпелі мал шаруашылығы – өнімді шаруашылық, көшпелі мал
шаруашылығының
пайда
болуы,
отырықшылықтан
көшпелі
мал
шаруашылығына ауысу, тебіндік жайылым, төрт түлік мал;
киіз үй – көшпелілердің баспанасы (киіз үйдің құрылысы жəне жасауы),
отырықшы жəне көшпелі өмір арасындағы айырмашылықтар;
көшпелі мал шаруашылығы өмір сүрудің негізі, дəстүрлі мал
шаруашылығындағы көшіп-қону, жайылым түрлері (көктеу, жайлау, күзеу,
қыстау);
Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар жəне алғашқы мемлекеттер,
сақтар (сақтардың қоныстануы, сақ қоғамы, сақтар туралы алғашқы деректер),
сақтар жайлы Геродоттың айтқандары, сақтар парсы жазбаларында;
сақ тайпаларының қоныстануы, (тиграхауда, парадарайя, хаомаварга
сақтары), сақтар қоғамының құрылымы;
сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы, сақтардың шаруашылығы мен
тұрмысына сипаттама, мал шаруашылығы жəне егіншілік, темірді пайдалану;
сақтардың тəуелсіздік үшін күресі, Қазақстан аумағына парсы
əскерлерінің басып кіруі, сақ патшасы Томиристің парсы патшасы Кирге қарсы
күресі, Шырақтың ерлігі, Александр Македонский əскеріне қарсы сақтардың
күрес);
сақ мəдениеті, сақ ескерткіштері (Есік жəне Бесшатыр қорғаны,
«Алтын адам» – сақтардың зергерлік өнері, «Аңдық стил);
8
сақ қорғандары (болжамдар, жұмбақ жайлар жəне жаңалықтар), «Мəдени
мұра» бағдарламасы аясында көне патша қорымдары мен қорғандарын кешенді
түрде зерттеу.
18.
«Қазақстан аумағындағы ерте темір дəуірінде өмір сүрген тайпалар»
(15 cағат):
үйсіндер, үйсіндер туралы жазба деректер, үйсін тайпалары,
үйсіндердің қоныстанған жерлері, үйсіндердің қоғамдық құрылысы, гуньмо –
үйсіндердің билеушісі;
үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы (мал шаруашылығы, егіншілік,
қолөнер, зергерлік өнер), Қарғалы диадемасы;
үйсіндердің салт-дəстүрі жəне діни наным-сенімі;
қаңлылар, қаңлылар тарихы туралы қытай жəне иран жазбалары,
қаңлылардың археологиялық ескерткіштері, (Қостөбе, Көк-Мардан, Пұшық-
Мардан), қаңлылардың қоныстануы, қоғамдық құрылысы;
қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы, (егіншілік, мал шаруашылығы
жəне қосалқы кəсіптер, металл өңдеу, сауда), қаңлылардың мəдениеті жəне діни
сенімдері;
ғұндар, ежелгі ғұндар тарихы қытай деректерінде, Мөде шаньюй – ғұн
мемлекетінің негізін салушы, ғұндардың мемлекеттік құрылысы, ғұн
тайпаларының бірігуі;
халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұндардың Батысқа қоныс аударуы,
ұлы əскербасы Аттила (Еділ) жəне оның жорықтары, ғұн жорықтарының
маңызы, тарихи əдебиеттердегі ғұндардың бейнесі;
ғұндардың шаруашылығы, қоғамдық құрылысы жəне мəдениеті (мал
шаруашылығы, егіншілік, қоныстары, кəсіптері), қоғамдық құрылысы,
мəдениеті, зергерлік бұйымдар, «Полихром стилі»;
сарматтар, сарматтардың қоныстануы, савромат, дай тайпалары,
сарматтардың қоғамдық құрылысы, əскери демократия, əлеуметтік теңсіздік;
сарматтардың шаруашылығы жəне тұрмысы (мал шаруашылығы,
егіншілік,
сарматтардың
материалдық
мəдениеті),
археологиялық
ескерткіштері, сынтас;
қорытындылау.
19.
«Ерте темір дəуіріндегі Қазақстан аймақтары» (7 cағат):
ерте темір дəуіріндегі Орталық Қазақстан, Сарыарқа – Ұлы дала,
Сарыарқа тұрғындары – аргипейлер, исседондар, шаруашылығы, маусымдық
жайылымдар, ерте темір дəуіріндегі ескерткіштер, Тасмола археологиялық
мəдениеті, «Мұртты» қорғандар;
ерте темір дəуіріндегі Солтүстік Қазақстан, табиғи-климаттық
ерекшеліктері, савроматтар мен аргиппейлер – Солтүстік Қазақстан
тұрғындары, шаруашылығы, мал шаруашылығы жəне оның ерекшеліктері,
археологиялық ескерткіштер, металл өңдеу;
ерте темір дəуіріндегі Шығыс Қазақстан, табиғи-климаттық жағдай жəне
елді мекендер, Шілікті даласынан табылған патша қорғандары, Берел қорымы,
9
Шығыс Қазақстан мəдениеті, «Мəдени мұра» бағдарламасы негізінде ежелгі
қалашықтар мен қорымдарға жүргізілген археологиялық зерттеулер;
қорытындылау.
20.
«Қазақстан көшпелілерінің мəдени жетістіктері» (7 cағат):
көшпелілер өркениетінің əлем мəдениетіне қосқан үлесі (жылқы өсіру,
тəңірге сенім), Ұлы Жібек жолы, аңдық стильдегі өнер, ежелгі металлургия
орталығы, мемлекеттік басқару жүйесі, жерлеу əдісі, руна жазуы, Білге қаған,
Күлтегін жəне Тоныкөк жазуы. Эпос);
көшпелілердің киімдері, ат əбзелдері, көшпелілердің сауыт-саймандары
мен қару-жарақтары;
ежелгі Қазақстанның мəдениеті, рухани мəдениет, дəстүрлі əлем бейнесі,
мəңгілік өмір сүру идеясы, өлім мен өмір арасындағы күрес, адамзаттың
табиғатпен байланыста өмір сүруі, тепе-теңдік, өмірге құштарлық;
көшпелілердің əдет-ғұрпы мен діни түсініктері, тəңір, табиғат жəне ата-
баба рухына табыну, жерлеу рəсімдері;
ежелгі адамдардың антропологиялық сипаты, антропология деген не,
қола дəуіріндегі адамдардың антропологиялық сипаттамасы, ерте темір
дəуіріндегі адамдардың антропологиялық типі;
21. Қорытынды қайталау (4 сағат).
Достарыңызбен бөлісу: |