Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам жəне қоғам»



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата03.01.2017
өлшемі0,59 Mb.
#1105
1   2   3   4   5   6   7   8

 

 

2. Базалық білім мазмұны 

 

17.  Мектептің  негізгі  сатысы (5-9-сыныптар).  Бағдарлама  мектептің 

негізгі сатысында «Өзін-өзі тану» пəні бойынша берілетін білім мазмұнын жəне 

жалпы  орта  білім  беру  мемлекеттік  стандартының  бесінші,  алтыншы  жəне 

жетінші деңгейлеріндегі күтілетін нəтижелерді анықтауға бағытталған.  

18.  Мектептің  негізгі  сатысында  «Өзін-өзі  тану»  пəнін  оқытуда  оқу 

жетістіктері  бойынша  күтілетін  нəтижелерде  көрсетілген  көп  деңгейлі 

мақсаттар  жүйесінің  сəйкестігі,  сонымен  қатар  оқушылардың  танымдық 

мүмкіндіктері  мен  жас  ерекшеліктері  ескеріле  отырып,  мазмұнда  көрсетілген 

жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы адамдық қасиеттерді дамыту көзделеді. 

19. Пəн мазмұны арқылы эстетикалық талғам, қоршаған орта жəне ондағы 

адамның  орны  туралы  білім  қалыптастыру  жəне  дамыту;  қоғамдағы  адамның 

рөлі,  адам  мен  табиғаттың,  əлемнің  бірлігі  мен  үйлесімінің  мəні,  үйлесімді 

дамыған  тұлғаны  толықтай  дамыту  үдерісінің  түрлі  қырларын  ашу;  өзге 

адамдармен  қарым-қатынас  мəдениетіне  тəрбиелеу;  адамзаттың  рухани 

тəжірибесінде  жалпыадамзаттық  құндылықтардың  маңызын  түсіндіру 

қарастырылады. 

20.  Жалпы  орта  білім  беруге  арналған  өзін-өзі  тану  бағдарламасы 

оқушылардың  өзін-өзі  жетілдіруіне,  рухани-адамгершілік  жəне  дене  жағынан 

дамуына, адам тағдырын, өмірдің мəнін түсінуге кең мүмкіндіктер ашады.  

21. «Өзін-өзі  тану»  пəні  мектептің  негізгі  сатысында  білім  берудің 

құндылықтық  мəнін  күшейте  отырып,  адамдарды  сүйе  білу,  өзіне-өзі  сену, 

жақсылық  жасау,  мейірімділік  таныту,  өзгелерге  қамқор  болу,  сыни  ойлау, 

адамгершілік таңдау жасай білу, дəстүрді дəріптеу жəне дамыту, жасампаздық, 

өзіне  жауапкершілікпен  қарау,  өзін-өзі  жетілдіру  мүмкіндіктерін  ашып, 

дамытуға бағытталған. 

22.  Пəн  мазмұны  оқушылардың  өзара  түсінісу  білігіне,  адамдар 

арасындағы  қарым-қатынаста  татулық  пен  келісім  орнатуға  əр  адамның 

жауаптылығы туралы түсініктерін тереңдетуді; «өзара қарым-қатынас», «өзара 

түсіністік» ұғымдарының мағынасын кеңейтуді нысана тұтады.  

61 

 


 

23.  Бұл  кезеңде  адамның  жақсылық,  сыпайылық,  сыйластық,  ықылас 

білдіру,  елгезектік,  жаны  ашырлық  сияқты  басқа  адамдармен  қарым-қатынас 

жасауға  көмектесетін  адамгершілік  қасиеттерін  ашуға  көңіл  бөлінеді. 

Сыныптарда  қамтылған  өзара  қарым-қатынас  негізінде  қыздар  мен  ұлдар 

арасында  достық  орната  білу,  отбасы  қарым-қатынасында  жауапты  болу 

қабілеттерін  дамытуға  баса  назар  аударылады.  Сонымен  қатар  оқушылардың 

татулық,  келісім,  тату  адам  сияқты  ұғымдар  туралы  түсініктерін  тереңдете 

отырып,  мазмұнда  адамдардың  нəсіліне,  ұлтына,  дəстүрі  мен  көзқарастарына 

қарамастан,  олардың  арасындағы  қарым-қатынас  этикасы  тұрғысынан  мінез-

құлық  мəдениетіне;  сыпайы  жəне  ізетті  болу,  басқаларды  түсіне  білу, 

айналасындағы адамдарды сыйлау, оларды шаттыққа бөлеу, олармен тату болу 

біліктерін дамытуғада көңіл бөлінеді.  

 24.  Мектептің  негізгі  сатысында  рухани-адамгершілік  білім  берудің 

маңыздылығы адамның əлемде алатын орны, «өмірлік мақсат», «өмірдің мəні», 

«адамның  орны»  ұғымдарының  мағынасын  терең  түсіндіру  арқылы  қоғамға 

қызмет  ету  ниеттерін  дамыту  болып  табылады.  Сонымен  бірге  оқушылардың 

бойында  табиғатты,  əлемді  əсемдік  ретінде  түсініп,  оны  қадірлей  білуге, 

ғаламшар 

деңгейінде 

шығармашылықпен 

қабылдауға, 

əлем 

туралы 


көзқарастарын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.  

25. 5-9-сыныптарда  білім  беру  оқушылардың  ұлттық  мəдени  мұраның 

өзін-өзі  тануда  алатын  орны,  адамзаттың  мəдени  мұрасының  рухани  негіздері 

туралы  түсініктерін  кеңейте  отырып,  адамның  үздіксіз  рухани  кемелденуіне, 

оның шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етуге бағытталады. 

26.  Мектептің  негізгі  сатысында  оқушылардың  өзіндік  қабілеттерін, 

адамгершілік  қасиеттерін  анықтауына  жəне  дамытуына,  өзін-өзі  жетілдіру 

мүмкіндіктеріне ықпал ету осы кезеңнің негізгі идеясы болып табылады.  

27. 5-сыныптағы  өзін-өзі  тану  пəні  бойынша  білім  мазмұнының 

құрылымы мен негізгі идеялары мектептің бастауыш сатысымен сабақтастығын 

сақтай отырып, төмендегідей 4-тараудың аясында дамытылады: 

1) таным қуанышы;  

2) қарым-қатынас жарастығы; 

3) адам болам десеңіз...; 

4) əсемдік əлемінде. 

28. 6-сыныпта  «Өзін-өзі  тану»  пəні  бойынша  берілетін  білім  мазмұны  

пəннің  мазмұндық  желісін  сақтай  отырып,  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне 

сай  4 тарауға біріктірілген: 

1)таным жолында; 

2) қарым-қатынас мəдениеті; 

3) адам мен əлем тұтастығы;  

4) жасампаздық жарасымы.  

 29.  7-сыныптағы  «Өзін-өзі  тану»  пəнінің  білім  мазмұны  БМЖМС-ына 

сəйкес мына тараулар бойынша беріледі: 

1)Таным жолында; 

2) Қарым-қатынас мəдениеті; 

62 

 


 

3) Адам мен əлем тұтастығы; 

4) Жасампаздық жарасымы.  

30. 8-сыныптың білім мазмұны бұрынғы сыныптармен сабақтасып, келесі 

тарауларға жүйеленген:  

1) таным жолында; 

2) қарым-қатынас жарастығы; 

3) адам мен əлем тұтастығы;  

4) адамзаттың рухани тағылымы. 

31.  Мектептің  негізгі  сатысындағы  пəннің  мазмұндық  логикалық 

құрылымын  сақтай  отырып,  олардың  бұрын  меңгерген  жалпыадамзаттық 

құндылықтар  туралы  білімдерін  жинақтап,  қорытындылау  мақсатында 9-

сыныптағы білім мазмұны мына бағытта беріледі: 

1) адам жəне өмір; 

2) адам болам десеңіз...; 

3) адам жəне мəдениеттілік; 

4) адам əлем аясында. 

32.  Бұл  тараулардың  мазмұнында  оқушылардың  өзін-өзі  тануы  тек 

жалпыадамзаттық  құндылықтарды  дамыту  арқылы  ғана  емес,  сонымен  бірге 

олардың  сезімдерін  дамыту,  құндылықтық  қасиеттерді  дарыту,  жағымды 

қарым-қатынасқа  тəрбиелеу  арқылы  жалпыадамзаттық  құндылықтарды 

меңгеруі  жəне  тұлғалық қалыптасуы қамтылады. 

33. 5-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат): 

№ 

Сабақтың 



тақырыбы 

Сабақтың мазмұны 

Сағат 

саны 


І-тарау. Таным қуанышы  

 

Өзімді-өзім 



танумен өсіп 

келемін 


Өзін-өзі танудың балалар өміріне 

ықпалы; олардың өмірді түсінуі, 

бағалау түсініктерінің кеңейтілуі. 

2-3 



Адам  мінезімен 

танылады 

Адамның мінез-құлқы туралы түсінік. 

Жақсы мінез мəнінің ашылуы. Ерік, 

жігер құндылықтары мəнінің ашылуы; 

адам ойын нақты жеткізе алуы, босқа 

сөйлемеуі, өз күшіне сенуі, шектен 

шықпауы, өмірде өз ұстамдарына берік 

болуы туралы түсінік.  



Адамның жан 

сұлулығы 

Адамның жан сұлулығы туралы түсінік. 

Адам жанының сұлулығын көрсететін 

жақсы қасиеттерін дамыту. Адамды тек 

сыртқы келбетіне, түріне ғана емес, 

оның адамгершілігі мен қамқорлығына, 

инабаттылығы мен ізеттілігіне қарап 

бағалай білуі. 

5-6 



Жақсы көңіл күй 

– жан шуағы 

Жағымды, жағымсыз эмоциялар, сезім-

күйі жəне  ішкі сезімдерін түсіне білуі. 

63 


 

 

7-8 


Жақсылықпен 

жаным дос 

Жақсылық жасау. Əлсіз, сырқат, жəбір 

көрген адамдарға қатысты мейірімділік, 

жанашырлық көмек.  

IІ-тарау. Адами қарым–қатынасқа үйренейік 



9-10 

Махаббат –өмір 

өзегі 

Махаббат, сүйіспеншілік өмір сүрудің 



негізі. Ата-анаға, Отанға, туған жерге 

сүйіспеншілік. 

11-12 


Отбасы 

жарастығы  

Ата, əже, əке, шеше, аға, іні, əпке, 

қарындас жəне т.б. өзара сыйластығы, 

татулығы жəне ата-ананы құрметтеу, 

үйде, өз айналасындағылармен 

сыйластықты қарым-қатынас.  

13-14 



Сөйлесе білу де 

өнер  


Адами қарым-қатынастағы сөйлесу 

мəдениеті. 

15-16 


Сөз іспен көрікті  

 

Сөз бен істің  бірлігі. Үлгі, өнегені көп 



сөзбен айтқанша, бір іспен көрсету 

туралы түсініктер; дағдылар. 

IІІ-тарау. Адам болам десеңіз 



17-18 

Қызға – нəзіктік, 

ұлға – батылдық 

 

 



Қыз балаға тəн қасиеттер, ер балаға тəн 

қасиеттер, ұл бала мен қыз баланың 

арасындағы өзара сыйластық.   

19 



Адам еңбекпен 

шыңдалады  

Шыдамдылық, төзімділік, табандылық 

ұғымдары мəнінің ашылуы жəне өзара 

байланысы. 

20-21  



Сенім – менің 

серігім 


 

 

 



 

Сенім – достық қарым-қатынас негізі. 

Адамның бір-біріне сенімділігі, сенім 

артуы достық қарым-қатынастың 

бастауы. Өмірде өз сенімдеріне берік 

болуы. 


22 


Сабырлылық пен 

ұстамдылық  

Адами қарым-қатынастағы сыпайылық, 

сабырлылық өзін-өзі ұстай білу 

түсініктері, дағдылар. 

23-24 



Адалдық пен 

əділдік  

Өз ісіне, сөзіне адал болу. Əділдікті 

жақтау. 


 

25-26 



Кеңпейілділік 

пен жомарттық 

Үнемділік – ұқыптылық белгісі, ысырап 

етпеушілік.  Жомарттық ұғымы мəнінің 

ашылуы.  

 

 



IV-тарау. Əсемдік əлемі 

27 


Табиғат 

тылсымы 


Табиғаттың адамға шабыт беруі. 1 

64 


 

 

28-29 


Табиғат 

ғажаптары 

Табиғат сұлулығы, үні, сазының адамға 

əсер етуі. Адамды руханилық тұрғыдан 

қуаттандыру. 

30 



Шығармашылық 

–жетістік 

бастауы 

Шығармашылық ұғымы мəнінің 

ашылуы. Шығармашылықтың адам 

өміріндегі рөлі. Бос уақытын тиімді 

пайдалану туралы түсініктер, дағдылар.  

31-32 



Салауаттылық –

менің қалауым 

Салауатты өмір салты мəнінің ашылуы. 

Адамға жағымсыз, денсаулығына, 

өміріне зиян нəрселерге əуес болмау 

туралы түсінік. 

33-34 


Өмір мектебі 

Өзін-өзі тану пəнінен алған білімдері 2 

34.  5-сынып  оқушыларының  білімін  бағалау.  Оқушылардың  «Өзін-өзі 

тану»  пəні  бойынша  білім  сапасын  бағалау 5-сынып  бағдарламасында 

белгіленген  «Оқушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптар» 

негізінде  жүргізіледі.  Бұл  талаптар  оқушылардың  өмірде  жалпыадамзаттық 

құндылықтарға  сүйенуге  талпыну  жəне  қоғамға  қызмет  ету  дағдыларын 

жетілдірудегі  танымдық  əрекеттерін  дамытуды  саралауға  (мониторингіне) 

қызмет  етеді.  Адамгершілік-рухани  білім  беру  ерекшеліктеріне  сай  сандық 

емес,  сапалық  бағалау  маңызды,  сондықтан  əр  жартыжылдық  қорытындыда 

«сынақ» деген баға қойылады.  

35.  Оқушы 5-сынып  бағдарламасындағы  «Оқушылардың  дайындық 

деңгейіне  қойылатын  талаптардың»  жалпы  көлемінің  кем  дегенде 2/3 бөлігіне 

сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.  

36.  Оқушыға  «сынақ/сынақ  емес»  деген  баға  қойыларда  оның  «Өзін-өзі 

тану»  пəні  бойынша  шығармашылық-жобалау  жұмыстарын  көрсететін 

портфолиосы  назарға  алынады.  Портфолио  сапасын  сараптауда  оқушының 

ұжымдық  жəне  топтық  шығармашылық  жұмыстарға  қатысу  белсенділігіне, 

сонымен  қатар  өзінің  жеке  шығармашылық  іс-əрекетінде  қойылған  мəселені 

терең  түсінуіне,  оның  мақсаты  мен  мазмұны  жалпыадамзаттық  құндылықтар 

басымдылығына  бағдарлануына,  сабақ  барысында  адамға  жəне  қоршаған 

əлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мəселелерді шешудің жолдарын 

іздеуіне назар аударылады. 

37. 6-сынып (барлығы 34 саға, аптасына 1 сағат):  

№ 

Сабақтың тақырыбы  Сабақтың мазмұны 



Сағат 

саны 


I-тарау. Таным жолында 

1-2 


Ізгілікке бастар жол  Өзін-өзі тану туралы 

Өзін-өзі танудың маңыздылығы, 

адамгершілік нормалар негізінде 

əрекет ету. 

3-5 


Өз мүмкіндігімізді 

таниық 

Адам мүмкіндігінің шексіздігі.  

Адам бойындағы түрлі 

мүмкіндіктерді жүзеге асыра білу. 

65 



 

 

Дарындылық жəне еңбекқорлық. Өз 

бойындағы қабілеттерін аша білу, 

жетілдіру, адамзат жетістіктерінің ең 

биік шыңдарына талпыну. 

6-7 


Ізденген жетер 

мұратқа 


Білім алуға өздігінен іздену, өзін-өзі 

тəрбиелеу, табандылық, 

еңбексүйгіштік 

8-9 



Əсемдікке 

ұмтылайық 

Адамның ішкі дүниесі мен сыртқы 

келбетінің, сөзі мен ісінің  үйлесімді 

болуы.   

II-тарау. Қарым-қатынас мəдениеті 



10-11  Əдептен озбайық 

 

Əдептілік пен сыйластық.   



Адами қарым-қатынас жасау əдеп-

тілігі. Айналасындағылармен 

сыйласу, оларды бағалай білу.  

Ұл бала мен қыз баланың өзара 

сыйластығы, достығы. 

12-13  Бауырмалдық жəне 



кеңпейілдік  

Жан-жағындағыларды, жақындарын 

жақсы көру, қайырымды, кешірімді 

бола білу 

14-15  Жанашырлық – 



жанға қуат   

 

Елгезектік, жанашырлық таныту.   



Немқұрайдылықтың айналасындағы 

адамдарға жəне өзіне зияны туралы. 

16-17  Ынтымақ түбі – 



береке 

Отбасы сыйластығы. Еліміздегі 

ынтымақтастық, өзара келісім, 

бірлік, тəуелсіздік, бостандық, 

достық, ұлтжандылық, азаматтылық. 

III тарау. Адам жəне  əлем тұтастығы 



18-19  Армысың,  кең 

дүние! 


 

Адамның қоршаған əлем туралы 

түсінігі. Болмысты əр қырынан 

түсіне білу, қоршаған ортаны жан-

жақты танып үйрену. 

20-21  Мөлдір бұлақ – 



жасыл құрақ 

Қоршаған ортаның адам дамуындағы 

рөлі, оны əр қырынан тани білу. 

Адамның табиғатқа ізгілікті қарым-

қатынасы. 

22-23  Денсаулық – зор 



байлық 

Денсаулықты сақтау жəне нығайту.  

Өзін-өзі тəрбиелей білу, жағымсыз 

іс-əрекеттерден аулақ болу. 

24-25  Өмірің өз қолыңда 



 

Адамның өмірлік мұратының мəні.  

Адамның білім алуы, 

еңбексүйгіштігі. 

Қоғамға қызмет ету. 

IV тарау. Жасампаздық жарасымы 



66 

 


 

26-27  Шындық шыңы – 

ақиқат  

Адалдықты, шындықты іздеу, 

ақиқатқа талпыну. 

28-30  Жаныңда жүр 



жақсы адам  

 

Ұрпақтар сабақтастығы . 



Жақсы адамдардың өміріндегі 

жақсылыққа бастайтын 

құндылықтар.  

31-32  Мəдени мұра – 



халық игілігі 

 

Рухани мəдениетті тану, мəдени 



мұралардан тағылым алу. 

Ата салты –  асыл қазына.  

Салт-дəстүрді құрметтеу, үлгі-өнеге 

алу. 


33-34  Таным шаттығы 

Таным жолында жеткен өзіндік 

ізденістерінің жемісін шығарма-

шылықпен қолдана алу; өз еңбегінің 

жемісіне шаттана алу, өзгелердің 

еңбегін орынды бағалай білу. Өзін-

өзі танудың жалпыадамзат 

ғұмырында-ғы, жеке өмірдегі 

маңызы мен қажеттілігі туралы 

түсініктерін бекіту. 

38. 6-сынып  оқушыларының  білімін  бағалау.  Оқушылардың  «Өзін-өзі 



тану»  пəні  бойынша  білім  сапасын  бағалау 6-сынып  бағдарламасында 

белгіленген  «Оқушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптар» 

негізінде  жүргізіледі.  Бұл  талаптар  оқушылардың  өмірде  жалпыадамзаттық 

құндылықтарға  сүйенуге  талпыну  жəне  қоғамға  қызмет  ету  дағдыларын 

жетілдірудегі  танымдық  əрекеттерін  дамытуды  саралауға  (мониторингіне) 

қызмет  етеді.  Адамгершілік-рухани  білім  беру  ерекшеліктеріне  сай  сандық 

емес,  сапалық  бағалау  маңызды,  сондықтан  əр  жартыжылдық  қорытындыда 

«сынақ» деген баға қойылады.  

39.  Оқушы 6-сынып  бағдарламасындағы  «Оқушылардың  дайындық 

деңгейіне  қойылатын  талаптардың»  жалпы  көлемінің  кем  дегенде 2/3 бөлігіне 

сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.  

40.  Оқушыға  «сынақ/сынақ  емес»  деген  баға  қойыларда  оның  «Өзін-өзі 

тану»  пəні  бойынша  шығармашылық-жобалау  жұмыстарын  көрсететін 

портфолиосы  назарға  алынады.  Портфолио  сапасын  сараптауда  оқушының 

ұжымдық  жəне  топтық  шығармашылық  жұмыстарға  қатысу  белсенділігіне, 

сонымен  қатар  өзінің  жеке  шығармашылық  іс-əрекетінде  қойылған  мəселені 

терең  түсінуіне,  оның  мақсаты  мен  мазмұны  жалпыадамзаттық  құндылықтар 

басымдылығына  бағдарлануына,  сабақ  барысында  адамға  жəне  қоршаған 

əлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мəселелерді шешудің жолдарын 

іздеуіне назар аударылады. 

41. 7-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат):  

№ 

Сабақтың тақырыбы 



Сабақтың мазмұны 

Сағат 


саны 

67 


 

 

I-тарау. Таным жолында 

1-2  

 

 



 

Көкірек көзін 

ашалық! 

Адамның өзі туралы, өзінің мінез-

құлқы туралы жақсы көзқарас 

қалыптастыру. Өзін-өзі қадағалау, 

бағалау  жəне өзін-өзі тəрбиелеу іс-

əрекеттерін негіздеу. 

2  

 

 



 

 

3-4 



 

  

Сəулесімен 



санаңның 

жігерленсін талабың. 

Өзін-өзі танудың маңыздылығы 

арқылы саналы түрде өз 

қасиеттерін, ерік-жігерін тəрбиелеу, 

жан-дүниесін ізгілікке бағыттау.       

 



 



  

5-7  


 

Сыр мен сымбат 

 

Адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі 



жан-дүниесінің үндестігі. Түрлі 

əрекеттер жасауына (жақсы, жаман) 

түрткі болатын себептер, 

адамгершілік əрекеттерін саралау. 

Адамның ішкі жан дүниесін, мінез-

құлқын, адами қасиеттерін бағалай 

білу.  



 



8-9 

 

Бақыт құшағында 



 

Рухани жəне тəн саулығы үндестігінің 

маңыздылығы: кеңпейілділік, ақ 

көңілділік, əсемдікке ұмтылу. 

Күнделікті өмір құндылықтары: 

сыпайылық, ыждағаттылық, 

ұқыптылық, еңбексүйгіштік, 

жауапкершілік жəне махаббат.  

 

II-тарау. Қарым-қатынас мəдениеті 



10-12 

 

Қарым-қатынас 



жарастығы 

Отбасында, аулада, сыныпта, 

мектепте, сол сияқты ұжымда қарым-

қатынас жасау мəдениеті, өзара 

сыйластық, адамға деген 

сүйіспеншілік, жанашырлық сезімі. 

Адамдармен қарым-қатынас жасау 

кезіндегі адами қасиеттер мен 

адамгершілік нормаларының рөлі. 

 



13-14 

 

Тамырын жайып 



тереңге  

Отбасы құндылықтары. Ата-баба 

дəстүрі, ұрпақ жалғастығы, салт-

дəстүр сабақтастығы. Өскелең 

ұрпақты үйлесімді тəрбиелеудегі 

отбасының, шаңырақтың ықпалы. 

 

15-16 



 

Аялай біл сен деп 

соққан жүректі 

Жаныңда жүрген жақын адамдарға 

жүрек жылуын жеткізе білу. Айнала 

қоршаған адамдар, отбасы 

мүшелері, құрбы-құрдастар, достар 

арасындағы сыйластық, құрмет.  

 

68 



 

 

17-18 


 

Адамның азаматтық 

тұлғасы  

Жеке тұлғаның қоғам алдындағы 

əлеуметтік жəне азаматтық 

жауапкершілігін өз білімі мен 

адамгершілік қасиеттеріне сыни 

көзқарас тұрғысынан сезіну. 

Мемлекеттік тілге құрмет көрсету, өз 

еліндегі елеулі оқиғаларды мақтан ету 

сезімдерін тəрбиелеу. Халықтар 

достығының қоғам өміріндегі 

маңызы. Дін, діл жəне мəдениет 

ұғымдары. Жеке адам игілігі. 

 

III-тарау. Адам жəне  əлем тұтастығы 



19-20 

 

Атамекен –  алтын 



бесік   

 

Туған жердің, туған елдің адам 



өміріндегі маңыздылығы. Адамның 

атамекенді қадірлеп, қастерлеуі. 

Атамекеннің адам тұлғасына 

ықпалы. 


 

21-22  



 

Құдіретті Жер-Ана  

 

Жер-Ананың қадір-қасиетін 



бағалау. Ауа, су, топырақтың – 

тіршілік көзі екендігі. Табиғат 

құбылыстарының (апаттардың) 

адам өміріне əсері. 

 

23-24 



 

Ғаламшар ғажаптары   Адамдардың нəсілін, дінін, 

көзқарасын түсініп, қабылдай білу 

(толеранттылық). Ғаламды түсіну. 

 

25-26 



 

Өмір, қымбатсың 

маған! 

Өмірге құштарлық, өмірді сүйе 



білу, қадірлеу, өмірді мəнді өткізуге 

тырысу. 


 

IV-тарау. Жасампаздық жарасымы 



27-28 

 

Халық дəстүрі – 



асыл қазына 

Жалпыадамзаттық құндылықтардың 

адам өміріндегі мəні, маңызы. 

Өмірлік бағдарын, айқындамасын, 

ұстанымдарын белгілеудегі орны.  

 



29-30 

 

Ұрпаққа 



өшпейтіндей із 

қалдырған 

Өнер, ғылым, білім, діл, дін, 

мəдениет, даналық, олардың адам 

өміріндегі маңызы. Мəдени 

мұраның  құндылық əрі ұстаным 

ретіндегi орны.  

 



31-32 

 

Жасампаздық жемісі  Адамның шығармашылық 



қабілеттері.  Шығармашылықтың 

қайнар көзі. 

Көркемдік мəдениет жəне əсемдікті 

сезіну.  

 

69 



 

 

33-34 


 

Жақсылық – жан 

азығы 

Адамның əлемге жəне өзіне деген 



көзқарасының, жан дүниесінің, іс-

əрекетінің əсемдігі арқылы өмір 

сүру жолдары.  Адам өмірін  

ізгілендіру.  

 

42. 7-сынып  оқушыларының  білімін  бағалау.  Оқушылардың  «Өзін-өзі 



тану»  пəні  бойынша  білім  сапасын  бағалау 7-сынып  бағдарламасында 

белгіленген  «Оқушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптар» 

негізінде  жүргізіледі.  Бұл  талаптар  оқушылардың  өмірде  жалпыадамзаттық 

құндылықтарға  сүйенуге  талпыну  жəне  қоғамға  қызмет  ету  дағдыларын 

жетілдірудегі  танымдық  əрекеттерін  дамытуды  саралауға  (мониторингіне) 

қызмет  етеді.  Адамгершілік-рухани  білім  беру  ерекшеліктеріне  сай  сандық 

емес,  сапалық  бағалау  маңызды,  сондықтан  əр  жартыжылдық  қорытындыда 

«сынақ» деген баға қойылады.  

43.  Оқушы 7-сынып  бағдарламасындағы  «Оқушылардың  дайындық 

деңгейіне  қойылатын  талаптардың»  жалпы  көлемінің  кем  дегенде 2/3 бөлігіне 

сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.  

44.  Оқушыға  «сынақ/сынақ  емес»  деген  баға  қойыларда  оның  «Өзін-өзі 

тану»  пəні  бойынша  шығармашылық-жобалау  жұмыстарын  көрсететін 

портфолиосы  назарға  алынады.  Портфолио  сапасын  сараптауда  оқушының 

ұжымдық  жəне  топтық  шығармашылық  жұмыстарға  қатысу  белсенділігіне, 

сонымен  қатар  өзінің  жеке  шығармашылық  іс-əрекетінде  қойылған  мəселені 

терең  түсінуіне,  оның  мақсаты  мен  мазмұны  жалпыадамзаттық  құндылықтар 

басымдылығына  бағдарлануына,  сабақ  барысында  адамға  жəне  қоршаған 

əлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мəселелерді шешудің жолдарын 

іздеуіне назар аударылады. 

45. 8-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат):  

№Сабақтың 

тақырыбы 

Сабақтың мазмұны 

Сағат 

саны 


I-тарау. Таным жолында 

1-2 


Сен де бір 

кірпіш дүниеге... 

Адамның өз өмірінің мəнін түсініп, 

белгілей білуінің маңыздылығы 

жөніндегі ұғымдарын дамыту. Өмірлік 

мақсат-мұраттар мен 

жалпыадамгершілік құндылықтардың 

адам өміріндегі маңызы. 

3-4 


Өнер – өмір 

өрнегі 


Адам өміріндегі өнердің маңызы. 

Адамның жасампаздық мүмкіндіктері 

мен рухани-адамгершілік тұлғасының 

өзара байланысы. 

5-6 


Мақсат – 

жетістік желкені  

Өз болашағының бағытын айқындау, 

мақсат қоя білу. 

7-8 


Талаптыға нұр 

жауар  


Алдына қойған мақсатын, табиғи 

дарынын, қабілетін жетілдіруде іздену, 

70 


 

 

талаптана білу. Мақсаттарын жүзеге 

асыруда талаптың алатын орны. 

II-тарау. Қарым-қатынас жарастығы 

9-11 

Кешірімділік – 



көңіл кеңдігі 

Кешірімділік – адам бойындағы жақсы 

қасиет. Айнала қоршаған адамдарға 

кешіріммен, түсінісушілікпен, ізгілікпен 

қарау. Кешірім, кешірімділік туралы 

түсінік. 

12-13  Іздегенде 



табылатын 

қасыңнан 

Дос, достық  ұғымдарының 

адамгершілік құндылық ретіндегі мəні. 

Достар арасындағы рухани 

жақындықтың мəні. 

14-15  Адамзаттың 



бəрін сүй, 

бауырым 


деп  

Махаббат ұғымының адамгершілік 

құндылық ретіндегі мəні. Өз махаббатын 

күллі тіршілікке, болмысқа бағыттай 

алудың мəн-мағынасы. 

16-17  Елім деп соғар 



жүрегім  

Отан, ел  ұғымдарының 

адамгершілік құндылық ретіндегі мəні. 

Отанына, туған жеріне, еліне деген 

сүйіспеншілік. Отанға, туған жерге 

деген махаббат. 

III-тарау. Адам жəне  əлем тұтастығы 



18-19  Адам – əлем 

бөлшегі 


Əлем, адамзат, адам 

құндылықтарының мəні. Адамның 

əлеммен үйлесімі, адам өмірінің мəні 

туралы түсінік. 

19-20  Табиғаттан нəр 



алып 

Табиғат, жер, су, ауатопырақ туралы 

ұғымдар. Табиғат байлығының адам 

өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік. 

22-23  Табиғат – тал 



бесігің, аялай 

біл! 


Табиғатпен үйлесімділік, табиғатты  

аялау туралы түсінік. Табиғат тіршілік 

бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі 

екендігі, табиғат заңдылықтарын 

сақтау туралы түсінік. 

24-25  Салауаттылық – 



өмір салты  

Салауатты өмір салты туралы түсінік. 

Денсаулықтың адам өміріндегі 

маңызы. Зиянды əдеттерден аулақ 

болу. Өзіне, өзгелерге жағымды қарым-

қатынас жасай білу. 

IV-тарау. Адамзаттың рухани тағылымы 



26-28  Халық даналығы 

– рухани байлық 

көзі 

Халық даналығы, салт-дəстүрлер 



туралы алған  білімдері   негізінде ата-

баба дəстүрінің, көсем сөздер мен 

шешендiк сөздердің рухани  тағылым, 

71 



 

 

адамгершілік құндылық, даналық 

ретіндегі  мəні мен мағынасы.  

29-30  Ана тілі – жүрек 

үні 

Ананың ұрпақ тəрбиесіндегі, өмірдегі, 



қоғамдағы орны туралы түсінік. 

Əлемдегі барлық жақсылық пен игі 

істердің  ана махаббатынан  тарауы. 

Ана тілінің құдіреті. 

31-32  Ізгілік іздеп 



келемін 

Ізгілік ұғымы туралы   түсінікті 

кеңейту. Ізгі істерге жетелейтін 

адамгершілік қасиеттерді дамытуға 

ықпал ету. 

33-34  Жалын 



атқан 

жүрекпен 

«Өзін-өзін  тану»  сабағынан  өткен 

білімдерін тиянақтау.  

46. 8-сынып  оқушыларының  білімін  бағалау.  Оқушылардың  «Өзін-өзі 



тану»  пəні  бойынша  білім  сапасын  бағалау 8-сынып  бағдарламасында 

белгіленген  «Оқушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптар» 

негізінде  жүргізіледі.  Бұл  талаптар  оқушылардың  өмірде  жалпыадамзаттық 

құндылықтарға  сүйенуге  талпыну  жəне  қоғамға  қызмет  ету  дағдыларын 

жетілдірудегі  танымдық  əрекеттерін  дамытуды  саралауға  (мониторингіне) 

қызмет  етеді.  Адамгершілік-рухани  білім  беру  ерекшеліктеріне  сай  сандық 

емес,  сапалық  бағалау  маңызды,  сондықтан  əр  жартыжылдық  қорытындыда 

«сынақ» деген баға қойылады.  

42.  Оқушы 8-сынып  бағдарламасындағы  «Оқушылардың  дайындық 

деңгейіне  қойылатын  талаптардың»  жалпы  көлемінің  кем  дегенде 2/3 бөлігіне 

сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.  

43.  Оқушыға  «сынақ/сынақ  емес»  деген  баға  қойыларда  оның  «Өзін-өзі 

тану»  пəні  бойынша  шығармашылық-жобалау  жұмыстарын  көрсететін 

портфолиосы  назарға  алынады.  Портфолио  сапасын  сараптауда  оқушының 

ұжымдық  жəне  топтық  шығармашылық  жұмыстарға  қатысу  белсенділігіне, 

сонымен  қатар  өзінің  жеке  шығармашылық  іс-əрекетінде  қойылған  мəселені 

терең  түсінуіне,  оның  мақсаты  мен  мазмұны  жалпыадамзаттық  құндылықтар 

басымдылығына  бағдарлануына,  сабақ  барысында  адамға  жəне  қоршаған 

əлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мəселелерді шешудің жолдарын 

іздеуіне назар аударылады. 

44. 9-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат): 

 

Тақырыбы  



Мазмұны 

Сағат 


саны 

I-тарау. Адам жəне өмір  

1-2 

Өзіңді тану - өмірді 



тану 

 

Кіріспе сабақ. Əр адамның өзін-өзі 



тануы, олардың өмірді түсінуі, 

бағалауы түсініктерінің кеңейтілуі. 

Өмірдің сынақтарынан сүрінбей 

өту, жақсылығын бағалау, 

қуанышын бөлісе білу жəне т.б. 

72 



 

 

Өмірдің адам үшін маңыздылығы.  

3-4 

Салауаттылық - 



өмір негізі  

 

Денсаулық – өмір өзегі. 



Денсаулық, Ұзақ өмір. Мəнді, 

мазмұнды өмір. Денсаулықты 

нығайту. Денсаулыққа зиянды, 

пайдалы əрекеттер. Салауатты 

өмір салты. Адам өміріне зиянды 

əрекеттерден аулақ болу: 

нашақорлық, ішімдік ішу, шылым 

шегу, СПИД жəне т.б 

 

5-6 



Əсемдік – өмір 

жарасымы 

 

 

Табиғат əсемдігі. Адамның 



табиғатқа əсері. Əсемдікті, 

сұлулықты сезіну.Өнердің адам 

өмірінің көркеюіне ықпалы.  

7-8 



Еңбек – өмір мəні 

 

Еңбектің адам өміріндегі 



маңыздылығы. Еңбектің 

шығармашылыққа ұласуы. Сүйікті 

іспен шұғылдану. Адамның 

шығармашылық қабілетін ашу. 

Шабыт, ынта, жігер, талап т.б. 

ұғымдар туралы түсініктер. 

ІІ-тарау. Адам болам десеңіз...  



9-10 

Жақсылық – жан 

жадыратады 

 

Жақсылық жасау. Жақсы сөз 



айтудың адами қарым-қатынаста 

алатын орны. Жақсылық жасаудың 

адам өміріндегі маңыздылығы. 

11-12  Ар-намыс керек 



адамға 

 

Ар-намыс, ұят ұғымдарын 



адамгершілік ұғым ретінде мəнін 

ашу. Өзіне-өзі есеп беру, өзінен-

өзі ұялу, өзін-өзі тəрбиелеуі жəне 

т.б 


13-14  Мінез – адам  

көрсеткіші  

 

Адамның мінез-құлқы туралы 



түсініктерін дамыту. Жақсы 

мінездің қалыптасуы. Өз 

көзқарасы мен қылықтарын, 

сондай-ақ өзге адамдардың 

көзқарастары мен қылықтарын 

талдай білуі жəне сыни тұрғыдан 

бағалауы, өз ойы, сөзі жəне ісіне 

жауапкершілікпен қарай алуы. 

15-16 


Адалдық – 

адамдықтың белгісі 

 

Адалдық. Адамдарға 



жақсылық ойлау. Ой мен істің 

ұштасуы. Адамның өз көзқарасы 

мен пайымдауын еркін, дəйекті 

73 



 

 

түрде жеткізуі жəне оны негіздей 

алуы. Шындық пен жалғандықты 

ажырата білу. 

ІІІ-тарау. Адам жəне мəдениеттілік 

17-18  Татулық – достық 

кілті  

Татулық, ынтымақ, достық, 



туыстық т.б. Ұлттар достастығы, 

сыйластығы жəне т.б. 

19-20  Адами қарым-



қатынас  ізгіліктері 

 

Сəлемдесу, жылы жүзбен қарсы 



алу, жымиып сөйлеу, сабырлылық 

таныту, əдеп сақтау, үлкеннің 

сөзін бөлмеу, дабырлап, даурығып 

сөйлемеу жəне т.б. Отбасындағы 

қарым-қатынас. Іскерлік қарым-

қаты-нас, жолдастық қарым-

қатынас жасау əдептері жəне т.б. 

21-22  Əдептен озбайық 



 

Қоғамдық орындарда: мектепте, 

театрда, кино театрда т.б., көшеде, 

транспорттарда əдептілік сақтау. 

Дұрыс киіну, өзін-өзі дұрыс ұстау 

əдептері жəне т.б. 

23-24  Əдептілік – 



адамгершілік 

бастауы 


Сыпайылық, сыйластық, қам-

қорлық, татулық ұғымдарының 

мəнін ашу жəне т.б. 

IV-тарау. Адам əлем аясында 



25-26  Адам мен отбасы 

 

Отбасы жарастығы. Отбасындағы 



қарым–қатынас. Адамның отбасын 

сүюі. 


27-28  Адам мен қоғам 

 

Адамның өмірден өз орнын таба 



білуі. Адамның қоғамға қызмет 

етуі. Ер адамны, əйел адамның 

қоғамдағы орны.  

29-30  Адам мен Отан 



Адамның отанын сүюі. Отанын 

қорғауы. Ұлттық сана, ұлттық 

намысының болуы.  

31-32  Адам жəне Жер 



шары 

Адам Жер шары ұрпағы. Бүкіл жер 

шары халқын сыйлауы, сүюі. 

33-34  Махаббат – өмір 



өзегі  

Қорытынды сабақ. Адамды, 

отанды, өмірді сүйе білу жəне 

сүйіспеншілікті, махаббатты 

бағалай білу. Сүйіспеншіліктің, 

махаббаттың бар жақсылық негізі 

екенін ұғындыру. 

74 



 

 

45. 9-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі 

тану» пəні бойынша білім сапасын бағалау 9-сынып бағдарламасында 

белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» 

негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық 

құндылықтарға сүйенуге талпыну жəне қоғамға қызмет ету дағдыларын 

жетілдірудегі танымдық əрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) 

қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық 

емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан əр жартыжылдық қорытындыда 

«сынақ» деген баға қойылады.  

46. Оқушы 9-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық 

деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне 

сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.  

47. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі 

тану» пəні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін 

портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының 

ұжымдық жəне топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, 

сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-əрекетінде қойылған мəселені 

терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар 

басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға жəне қоршаған 

əлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мəселелерді шешудің жолдарын 

іздеуіне назар аударылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет