Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам жəне қоғам»



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата03.01.2017
өлшемі0,59 Mb.
#1105
1   2   3   4   5   6   7   8

 

 

2.

 

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

48. Оқушылар 5-сыныптың соңында:  

1)

 

адамның  өзін-өзі  тануы,  жан  сұлулығы,  салауатты  өмір  сүруі  жəне 



жақсылық,  сөз,  сенім,  сабырлылық,  ұстамдылық,  адалдық  пен  əділдік, 

кеңпейілділік  пен  жомарттық,  шығармашылық,  еңбек,  табиғат,  өмір  сияқты 

ұғымдар мен адамгершілік құндылықтар туралы терең түсінік алады; 

2)

 



адамның  жағымды  жəне  жағымсыз  қасиеттері,  эмоциялары  мен 

сезімдері туралы терең түсініктерге ие болады; 

3)

 

өзінің қайталанбас жеке тұлға екендігін сезінеді, өзгелердің жеке тұлға 



екендігіне құрметпен қарайды;  

4)

 



өз ойлары мен сезімдерін еркін жеткізіп, өзіне қарасты объективті пікір 

білдіре алады; 

5)

 

отбасында,  өз  айналасындағылармен  рухани  нормалар,  адамгершілік 



қағидаттар  негізінде  бірлескен  əрекетте  достық  қарым-қатынасты  қолдайды; 

ұрыс-керіс,  дау-жанжалдың  жағымсыз  екенін  сезінеді,  оларды  жеңе  алады, 

ынтымақтастық пен келісім негізінде өзара əрекет ете алады;  

6)

 



адамның  гендерлік  айырмашылығын  ескере  отырып,  олардың 

əлеуметтік рөлі туралы түсініктерді біледі; 

75 

 


 

7)

 



өздігінен  білім  алады  жəне  өзін  іс  жүзінде  көрсете  біледі,  өз  бетінше 

шығармашылықпен  айналысуға  қызығушылық  танытады,  өз  қабілеттері  мен 

мүмкіндіктерін мейлінше жүзеге асыруға ұмтылады; 

8)

 



басқа  адамдардың  ар-ұжданына  нұқсан  келтірмей,  өз  қағидаттарына, 

ұстанымдары мен сенімдерінде берік болады. 

49. Оқушылар 6-сыныптың соңында:  

1)

 



бұрын  меңгерген  адамгершілік  құндылықтар  туралы    білімдерін 

дамытады жəне ізгілік, ізденіс, əсемдік, əдептілік, бауырмалдық, жанашырлық, 

ынтымақ,  бірлік,  денсаулық,  өмір,  ақиқат,  мəдени  мұра  сияқты  ұғымдар  мен 

адамгершілік құндылықтар туралы терең түсінік алады; 

2)

 

адамның  жағымды  жəне  жағымсыз  қасиеттері,  эмоциялары  мен 



сезімдері туралы мағұлұматқа ие болады; 

3)

 



əлсіз,  сырқат,  жəбір  көрген  адамдарға  қатысты  мейрімділік  танытады, 

өзінің адамдарға жанашырлығын нақты көмек арқылы көрсете алады; 

4)

 

дене  жəне  психикалық  саулық  үйлесімділігінің  маңызын,  салауатты 



өмір салтының мəнін түсінеді, жағымсыз əрекеттерден аулақ болуға тырысады; 

5)

 



өзінің  бос  уақытын  тиімді  ұйымдастыру  қажеттілігін  сезінеді,  өз 

уақытын жоспарлай алады; 

6)

 

достық  пен  қарым-қатынасты  бағалай  алады,  шыдамдылық  танытып, 



реніш пен түсінбеушілікті кешіріп, басқа адамды тыңдай алады, түсіне біледі; 

7)

 



түрлі  жағдаяттарда  өзін  лайықты  жəне  жауапты  ұстай  алады, 

эмоциялық жай-күйін басқара алады, жағымсыз эмоцияларын, ниеттерін тежей 

біледі; 

8)

 



дербес жəне жауапты шешім қабылдай алады жəне оны негіздей алады; 

9)

 



өз əрекеттерін айналасындағы адамдардың іс-əрекеттерімен теңдестіре 

алады  жəне  бағалай  біледі,  əйгілі  адамдар  өміріндегі  жақсы  болуға 

көмектесетін құндылықтарды ажырата алады.   

50. Оқушылар 7-сыныптың соңында: 

1)

 

бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы терең түсініктерді 



жəне  даналық,  адалдық,  келісім,  шындық,  бақыт,  өмір,  махаббат,  сыр  мен 

сымбат, ерік-жігер, дін, діл, мəдениет сияқты жаңа ұғымдарды біледі; 

2)

 

адам  мінезінің  жағымды  жəне  жағымсыз  сипаттарын,  əрекеттері  мен 



ниеттерін ажырата алады; 

3)

 



қоршаған  орта  мен  адам  сұлулығын  бағалай  алады,  өзінің  оларға 

қатынасын шығармашылық əрекеттер арқылы жеткізе алады;  

4)

 

өзінің  жəне  өзге  халықтар  мəдениеті,  дəстүрі,  салты  жəне  тілінің 



маңызын түсіне біледі;  

5)

 



жағымды қарым-қатынас жасау құндылығын түсінеді, өзін-өзі бағалай 

біледі  жəне  оны  мұғалімнің,  құрбыларының,  таныстары  мен  жақындарының 

бағалауымен салыстыра алады; 

6)

 



табиғат құбылыстарының  адам өміріне əсерін біледі. 

51. Оқушылар 8-сыныптың соңында: 

76 

 


 

1)

 



бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы терең түсініктерді 

жəне талап, жетістік, ана тілі, дос, достық, Отан,  келісім, шындық, бақыт, өмір, 

махаббат сияқты жаңа ұғымдарды біледі; 

2)

 



 өзінің  эмоциялық  жəне  психикалық  жай-күйін  басқара  алады, 

жағымсыз эмоция мен əрекеттерді тежей алады; 

3)

 

отбасылық  дəстүрлерді  біледі  жəне  құрметтей  алады,  өзінің 



отбасындағы рөлін түсініп, табыстары жəне жақындары мен отбасында достық 

қарым-қатынасты сақтай біледі, жауапкершілікті сезініп, қамқор бола алады; 

4)

 

салауатты  өмір  салтына  ықпал  ететін  түрлі  дене  əрекеттерін  орындай 



алады; 

5)

 



өз міндеттеріне жауапкершілікпен қараудың мəнін түсінеді, жеке дара 

жəне ұжымда еңбек ете алады; 

6)

 

рухани-адамгершілік  нормаларға  сəйкес  жеке  мақсаттары  мен  оларға 



қол жеткізу мүмкіндіктерін анықтай алады;  

7)

 



жағымсыз стереотиптер мен қатерлі əуестікті бағалай алады, жағымсыз 

əдеттердің  (маскүнемдік,  шылым  шегу,  есірткі  заттарды  қолдану  жəне  т.б.) 

алдын алу тұрғысынан өз іс-əрекеттері мен өзінің шамасын бағалай алады;  

8)

 



шығармашылықпен жұмыс істей алады; 

9)

 



табиғат  байлығының  адам  өміріндегі  маңыздылығын  түсінеді  жəне 

табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, табиғатты аялай біледі;  

10)

 

қоғамда  мінез-құлық  ережелерін  лайықты  сақтай  алады,  өз 



қылықтары мен айналасындағылардың əрекеттерін бағалай алады; 

11)


 

өзінің əлеуметтік жəне азаматтық жауапкершілігін сезіне біледі, өз 

бетінше шешім қабылдай алады.   

52. Оқушылар 9-сыныптың соңында: 

1)

 

бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерді жəне  



ар, ұждан, ой, сөз, татулық, бақыт, табиғат, отбасы, өмір, өнер, шығармашылық, 

денсаулық ұғымдарын терең біледі; 

2)

 

жағымды  қарым-қатынас  жасау  мəдениетін  меңгереді  жəне  оны 



күнделікті өмірде қолдана алады;  

3)

 



өз  көзқарасы  мен  қылықтарын,  сондай-ақ  өзге  адамдардың 

көзқарастары  мен  қылықтарын  талдай  біледі  жəне  сыни  тұрғыдан  бағалай 

алады, өз ойы, сөзі жəне ісіне жауапкершілікпен қарай алады; 

4)

 



отбасындағы  жағымды  қарым-қатынас,  ата-аналары,  тəрбиешілері 

немесе қамқоршыларына адамгершілік борыш құндылықтарын сезінеді, оларға 

сүйіспеншілік, сыйластық, шыдамдылық таныта алады; 

5)

 



өмір мен денсаулықты құндылық ретінде сезінеді, өзінің келешек дене 

жəне  рухани  даму  жолдарын  анықтай  алады,  салауатты  өмір  салты  мен 

сауықтыру əдістерінің пайдасы туралы білімдерін іс жүзінде пайдалана алады, 

шылым шегуден, маскүнемдіктен, нашақорлықтан аулақ болады;  

6)

 

болашақ мамандығын саналы түрде таңдай алады, өзінің жеке уақытын 



тиімді ұйымдастырып, ұтымды пайдалана алады; 

77 


 

 

78 


 

7)

 



өз көзқарасы мен пайымдауын еркін, дəйекті түрде жеткізеді жəне оны 

негіздей  алады,  өз  пікірінен  өзгеше  айтылған  пікірлерге  шыдамдылық  таныта 

алады; 

8)

 



белгілі  бір  жетістіктерге  қол  жеткізу  үшін  бірін-бірі  қолдаудың  мəнін 

түсінеді,  шамасына  қарай  жақындары  мен  достарына  көмек,  қолдау  көрсете 

алады; 

53. Бағдарлама негізінде «Өзін-өзі тану» пəнінің өзіндік ерекшеліктеріне 



сай, оның пəн мазмұнының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда түрлі 

дəстүрден тыс сабақтар (ойлану сабақтары, əңгімелесу сабақтары, театрланған 

сабақтар, шығармашылық сабақ, табиғат аясындағы сабақ, конкурс сабақ, 

фантазия сабақ, концерт сабақ, экскурсия сабақ, ойын сабақ жəне т.б.) өткізуге  



болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет