Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам жəне қоғам»


 Оқу пəнінің 7- сыныптағы базалық білім мазмұны



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата03.01.2017
өлшемі0,59 Mb.
#1105
1   2   3   4   5   6   7   8

4. Оқу пəнінің 7- сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

22.



 

 Кіріспе (1 сағат): 

дəуірге сипаттама, орта ғасыр ұғымы, орта ғасыр кезеңдері. 

23.


 

 «Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан» (11 cағат). 

24.

 

«Қазақстан территориясындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттер» – 



(6 сағат): 

түрік  қағанатының  құрылуы  (жер  аумағы,  халқы,  шаруашылығы  жəне 

мəдениеті), Ақыртас – ерте орта ғасырдағы қағанат орталығы; 

Батыс-Түрік  қағанаты  (жер  аумағы,  халықтың  əлеуметтік  жағдайы, 

шаруашылығы); 

Түргеш  қағанаты,  Түргештердің  шығу  тегі,  Түргеш  қағанатының 

құрылуы,  сыртқы  саясаты,  шаруашылығы  жəне  мəдениеті,  соғдылықтар 

Жетісуда; 

қарлұқ мемлекетінің құрылуы, (жер аумағы, халқы, шаруашылығы, саяси 

жағдайы, мəдениеті, түрік жазуының пайда болуы), қағанаттың ыдырауы, Суяб 

– қарлұқтардың астанасы; 

оғыз  мемлекетінің  құрылуы  (оғыз  тайпаларының  қоныстанған  жер 

аумағы,  қоғамдық  құрылысы,  этникалық  құрамы),  Қазақстан  аумағындағы 

оғыздар,  олардың  шаруашылығы,  кəсібі  мен  қолөнері,  Оғыз  мемлекетінің 

ыдырауы, Жанкент – оғыздар астанасы; 

10 


 

 

қимақ  мемлекетінің  құрылу,  қағанаттың  қоғамдық  жəне  саяси  жағдайы, 

этникалық жəне тайпалық құрамы, қимақ мемлекетінің ыдырауы, қимақтардың 

мəдениеті мен кəсібі; 

қорытындылау. 

25.


 

«VІ – ІХ ғасырлардағы отырықшылар жəне көшпелілер мəдениеті» (5 

сағат): 

көшпелі  жəне  отырықшы  мəдениеттердің  өзара  əсері,  қалалар  мен 

қоныстар, қала ғимараттары (кесенелер, мешіттер); 

көшпелілердің  материалдық  мəдениеті,  оның  ерекшеліктері,  қолөнер 

кəсібі  (керамикалық  бұйымдар  мен  ыдыстар  жасау,  металлургия  жəне  металл 

өңдеу), сауда, ақша, 

сəулет жəне өнер (архитектуралық құрылыстар, сəндік-қолданбалы өнер); 

халық ауыз əдебиеті, жазу жəне дін (халық ауыз əдебиеті, тіл жəне жазу, 

көне түркі жазуы, араб жазуы), діни наным-сенімдер; 

қорытындылау. 

26.

 

  «Орта ортағасырлардағы Қазақстан» (31 cағат). 



27. «Орта  ортағасырлық  кезеңде  Қазақстан  территориясында  жаңа 

мемлекеттердің құрылуы» (4 сағат): 

Қарахан  мемлекеті,  мемлекеттің  құрылуы,  жер  аумағы,  қоғамдық 

құрылысы  жəне  шаруашылығы,  жер  иелену  түрлері,  мəдениет,  ислам  дінін 

қабылдауы; 

наймандар,  керейіттер,  жалайырлар  (тайпалардың  орналасуы,  қоғамдық 

құрылысы жəне шаруашылығы, тайпа одақтарының өзара қатынастары); 

Жетісудағы  Қарақытайлар,  қоғамдық-саяси  құрылысы,  алым-салық 

жүйесі, сыртқы байланыстары; 

Қыпшақ хандығы, этникалық құрамы, жер аумағы, шаруашылығы, саяси 

құрылымы жəне сыртқы байланыстары. 

28. «Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы» (4 сағат): 

Жібек  жолының  пайда  болуы  жəне  оның  қызметі,  керуен  жолдарының 

қиылысында орналасқан қалалардағы экономика мен сауданың дамуы; 

Жібек  жолының  Қазақстан  территориясынан  өтетін  басты  бағыттары 

(Жетісу – Ұлы Жібек жолының шығыстағы негізгі қақпасы. Оңтүстік Қазақстан 

– Ұлы Жібек жолының батысқа шығатын негізгі жолдарының бірі); 

Ұлы  Жібек  жолының  мəдениетті  дамыту  жəне  халықтар  арасындағы 

өзара байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі; 

Ұлы Жібек жолының Қазақстан үшін əлеуметтік-экономикалық  маңызы, 

(«Мəдени  мұра»  бағдарламасына  сəйкес  Ұлы  Жібек  жолының  Жетісу 

аумағындағы керуен жолы тармақтарын зерттеу). 

29. «Х ғ – ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан мəдениеті» (7 сағат): 

  қалалардың  дамуы  (Отырар,  Тараз,  Түркістан,  Сарайшық,  Сайрам, 

Сығанақ  жəне  т.б.  қалалар),  қала  құрылысындағы  сəулет  өнері  өзгерістері, 

қорғаныс  құрылысы,  қоғамдық  құрылыстар,  цитадель,  базар  алаңы,  сəулет 

өнері  ерекшеліктері, («Мəдени  мұра»  бағдарламасына  сəйкес  орта  ғасырлық 

қалаларды зерттеу); 

11 

 


 

қолөнер  мен  сауданың  дамуы,  үйге  қажетті  заттарды  жасау,  ұсталық 

кəсіп, зергерлік өнер, сауда жəне ақша айналымы; 

сəулет  өнері  мен  құрылыстың  дамуы,  сəндік-қолданбалы  өнер,  оның 

ерекшеліктері,  кесенелер,  мешіттер,  моншалар («Мəдени  мұра»  бағдарламасы 

аясында орта ғасырлық сəулет өнерінің дамуын зерттеу); 

дін жəне мəдениет, діни наным-сенімдер, ислам діні мен араб жазуының 

ғылым  мен  мəдениетке  тигізге  ықпалы,  Отырар  кітапханасы,  ғылым  мен 

мəдениеттің  өркендеуі  (математика,  философия,  музыка,  жаратылыстану,  тіл 

білімі жəне т.б.), халық медицинасы; 

ғылым  мен  білімнің  дамуы  (тіл,  ғылым  мен  əдебиет),  түркі  тілдес 

халықтардың  ғылым  мен  мəдениет  жолындағы  көрнекті  қайраткерлері  (Əбу 

Насыр əл-Фараби, Əбу Райхан Бируни, Ахмет Йасауи); 

Махмуд  Қашғари,  Сүлеймен  Бақырғани,  Жүсіп  Баласағұн («Мəдени 

мұра»  бағдарламасына  сəйкес  ұлттық  мəдени  орталықтардың  құрылысы  жəне 

əл-Фарабидің кесенесі туралы зерттеулер); 

қорытындылау. 

30. «ХІІІ ғ. – ХV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» (10 сағат): 

монғол  империясының  құрылуы,  монғол  империясының  қоғамдық 

құрылысы,  монғол-татарлар  жаулаушыларының  Қазақстанға  шапқыншылығы, 

халықтың Шыңғыс хан əскеріне қарсы қаһармандық күресі, Отырар қорғанысы, 

монғол  ұлыстарының  құрылуы  (Жошы  мен  Шағатай  ұлысы),  монғол 

шапқыншылығының зардаптары; 

Алтын  Орданың  құрылуы,  Алтын  Орданың  күшеюі,  Алтын  Орданың 

қоғамдық құрылысы; 

Ақ  Орда,  Ақ  Орданың  дербестік  алуы,  жер  аумағы  мен  этникалық 

құрамы, ішкі жəне сыртқы жағдайы, шаруашылығы; 

Моғолстан,  жер  аумағы  жəне  этникалық  құрамы,  ішкі  жəне  сыртқы 

жағдайы, шаруашылығы; 

Темір  мемлекеті  (Темірдің  Алтын  Орда,  Ақ  Орда,  Моғолстан,  Қытай, 

Үндістан т.б. елдерге жорықтары), оның салдары; 

Ноғай Ордасы, жер аумағы жəне этникалық құрамы, Сарайшық қаласы – 

ХІІІ-ХV ғасырлардағы Ноғай ордасының əкімшілік, экономикалық, сауда жəне 

мəдениет  орталығы,  мемлекеттің  ыдырауы,  Солтүстік  Қазақстан  мен  Батыс 

Сібірді  мекендеген    тайпалардың  этникалық  құрамы,  орналасқан  жері,  ішкі 

жəне сыртқы жағдайы; 

Əбілқайыр  хандығы,  хандық  биліктің  нығаюы  жəне  мемлекеттік 

құрылымы; 

Қазақстан  территориясындағы  орта  ғасырлық  мемлекеттердің  əкімшілік 

құрылысы, қоғамдық құрылымы, жерді пайдалану жəне алым-салықтар; 

экономикалық жағдайы, мал шаруашылығы жəне егіншілік, қалалар жəне 

қоныстар, қолөнер; 

қорытындылау. 

31. «ХІV - ХV  ғасырлардағы  Қазақстандағы  этникалық  үдерістер.  Қазақ 

ұлтының қалыптасуы» (2 сағат): 

12 


 

 

Қазақстандағы  этносаяси  үдерістер,  халықтардың  этникалық  құрамы, 

этносаяси  қауымдастықтардың  қалыптасуы,  қазақ  халқының  халық  болып 

қалыптасуының аяқталуы; 

қазақ  жүздері, «Алаш»  жəне  «жүз»  этнонимдері,  қазақ,  өзбек  халқының 

бөлінуі, «қазақ» этнонимінің шығуы туралы. 

32. «ХІV - ХV ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті» (4 сағат): 

материалдық мəдениет, баспана, киім-кешек, əдет-ғұрыптар мен салттар, 

қалалықтардың өмірі мен тұрмысы, қолөнер жəне үй жиһазын жасау, зергерлік 

бұйымдар, сауда; 

рухани  мəдениет,  халық  ауыз  əдебиеті  (ертегілер  мен  аңыздар,  ақындар 

айтысы,  жұмбақтар  мен  мақал-мəтелдер),  жазу,  білім,  музыка  өнері,  қазақ 

билері  мен  күйлері,  жыршылық  өнер  жəне  жыраулар,  бақсылық,  халық 

медицинасы, əлемнің пайда болуы туралы халықтың түсінігі; 

қалалық сəулет өнері (кесенелер, Түркістандағы Ахмет Йассауи кесенесі, 

Көк-кесене), сəндік-қолданбалы өнер; 

қорытындылау. 

33. «Кейінгі  орта  ғасырдағы  Қазақстан.  Біртұтас  мемлекеттің  құрылуы» 

(22 cағат). 

 34. 


«Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуы» (3 сағат): 

қазақ  ұлттық  мемлекетінің  құрылуының  алғышарттары,  Керей  мен 

Жəнібектің қызметі; 

мемлекеттің  негізін  қалаушылар – Керей  мен  Жəнібек  (жер  аумағы, 

халықтың этникалық құрамы), көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы; 

қазақ хандығының ішкі жəне сыртқы саясаты, хандықты басқару ісі жəне 

сыртқы  байланыстар,  біртұтас  Қазақ  мемлекетінің  құрылуының  тарихи 

маңызы. 


35.

 

«Қазақ мемлекетінің ХVІ - ХVІІ ғасырлардағы дамуы жəне күшеюі» 



(4 сағат): 

Қасым  хан,  Қасым  хан  тұсындағы  қазақ  мемлекетінің  күшеюі,  Қасым 

ханның  ішкі  жəне  сыртқы  саясаты,  жер  аумағының  кеңеюі,  халықтың  өсуі, 

Қасым хан заңдары, Қасым хан – қазақ жерлерін біріктіруші; 

Хақназар  хан,  Хақназар  хан  тұсындағы  қазақ  мемлекетінің  қуаттылығы 

мен саяси өрлеуінің артуы, Хақназар ханның ішкі жəне сыртқы саясаты; 

Тəуекел  хан,  Тəуекел  хан  тұсындағы  хандықтың  ішкі  жағдайы,  қазақ-

өзбек қатынастары, орыс мемлекетімен байланыстар; 

Есім хан, Есім ханның ішкі жəне сыртқы саясаты, елдегі ішкі тартыстар 

жəне Тұрсын ханның бүлігі. 

36.

 

«ХV-ХVІІ 



ғасырлардағы 

Қазақ 


хандығының 

əлеуметтік-

экономикалық дамуы» (4 сағат): 

қазақ  хандығының  мемлекеттік-əкімшілік  құрылымы,  дəстүрлі  басқару 

жүйесі, қазақ ханы, халықтың əлеуметтік құрылымы); 

шаруашылығы,  көшпелі  мал  шаруашылығы,  көшпелі  шаруашылықтың 

ерекшіліктері, егіншілік, қолөнер, көшпелілер өркениеті; 

қазақ қалалары, қазақ қалаларының құлдырауы жəне оның себептері; 

13 

 


 

қорытындылау. 

37.

 

«ХVІІ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан» (3 сағат): 



қазақ  хандығының  əлсіреуі,  ішкі  қайшылықтардың  өршуі,  орталық 

биліктің  əлсіреуі,  сыртқы  жағдайдың  қазақ  хандығының  əлсіреуіне  тигізген 

ықпалы; 

Тəуке ханның билік құруы жəне оның заңдары, «Жеті жарғы», ұлы билер, 

Тəуке хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі жəне сыртқы саясаты; 

қазақ хандығының ішкі жəне сыртқы саясаты, қазақ-жоңғар қатынастары, 

Сібір хандығымен байланысы, қазақ-орыс қатынастары. 

38.


 

«ХVІ - ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті» (7 сағат): 

қазақ 

халқының 



мəдениеті, 

материалдық 

мəдениеттің 

жалпы 


сипаттамасы, киім-кешек. ұлттық тағамдар;  

қазақ халқының шығармашылық дəстүрлері, қазақ фольклоры (ертегілер, 

аңыздар, мақал-мəтелдер); 

батырлық жəне лирикалық эпос, əлеуметтік -тұрмыстық дастандар, салт- 

дəстүрлер мен əдет-ғұрыптар; 

тарихи əдебиет (Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди», Қадырғали 

Жалайри жəне оның «Жами ат-тауарих» еңбегі);  

əдебиет  жəне  өнер,  қазақ  əдеби  тілінің  қалыптасуы,  ақын-жыраулар 

шығармашылығы, халық əншілері мен сазгерлері, музыка өнері, Доспамбет пен 

Жиембет жыраулар. 

39. Қорытынды қайталау (4 сағат). 

 

 

5. Оқу пəнінің 8-сыныптағы  базалық білім мазмұны 

 

40.



 

ХҮІІІғасырдың басынан 1914 жылға дейін. 

41.

 

«Қазақстанның ХVІІІ ғасырдағы əлеуметтік-экономикалық жəне саяси 



дамуы (15 сағат): 

ХVІІІ ғ. ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығы, қазақ хандығының 

ішкі  жəне  сыртқы  саяси  жағдайы,  ХVІІІ  ғасырдың  бірінші  ширегіндегі  қазақ-

башқұрт жəне қазақ-қалмақ қатынастары; 

ХVІІ ғ. соңы мен ХVІІІ бірінші ширегіндегі қазақ-жоңғар соғысы, жоңғар 

хандығы  туралы  жалпы  мəліметтер,  жоңғар  шапқыншылығының  себептері, 

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама....» жылдары; 

қазақ  халқының  жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  күресі,  қазақ 

жасақтарының құрылуы, Аңырақай шайқасы, қазақ-жоңғар соғысындағы қазақ 

батырлары  (Абылай,  Бөгенбай,  Қабанбай,  Жəнібек,  Райымбек,  Наурызбай, 

Малайсары),  ХVІІІ ғ. 30- 40 жж. қазақ-жоңғар соғыстары; 

Кіші  жүздің  Ресейге  қосылуы,  ХVІІІ  ғ.  дейінгі  қазақ-орыс  қатынастары, 

Бухгольц  экспедициясы,  Кіші  жүз  жəне  Орта  жүздің  бір  бөлігінің  Ресейге 

қосылуының  басталуы,  Əбілхайыр  хан,  А.И.Тевкелев  елшілігі,  Орынбор 

экспедициясы; 

14 


 

 

ХVІІІ  ғ.  ортасындағы  қазақ  хандығы,  Ресейдің  Қазақстандағы  ХVІІІ  ғ.   

30- 50 жылдарындағы саясаты, қазақ жерлерінің тартып алынуы; 

Қазақстанда  казак  отарлауының  күшеюі  жəне  əскери  шептердің 

кеңейтілуі,  Қазақстанда  ХVІІІ  ғ. 40-жылдарында  ішкі  саяси  жағдайдың 

иеленісуі; 

Абылай  тұсындағы  қазақ  хандығы,  Абылай  хан  (тұлға  жəне  саясаткер), 

Абылай ханның ішкі жəне сыртқы саясаты; 

қазақтардың 1773-1775 жж.  Е.Пугачев  бастаған  шаруалар  соғысына 

қатысуы,  Кіші  жүздегі  жер  мəселесінің  шиеленісуі  (көтерілістің  басталу 

себептері, кезеңдері жəне барысы, жеңіліске ұшырауы), Көктемір қозғалысы; 

Сырым  Датұлы  бастаған  ұлт-азаттық  қозғалыс  (қозғалыстың  себептері, 

əлеуметтік  негізі,  кезеңдері,  барысы  жəне  нəтижелері),  О.Игельстром 

реформалары.  ХVІІІ  ғ.  екінші  жартысындағы  Қазақстандағы  ұлт-азаттық 

қозғалыстардың тарихи маңызы;  

ХVІІІ  ғ.  Қазақстан  мəдениеті  (қазақтардың  материалдық  жəне  рухани 

мəдениеті),  халық  ауыз  əдебиеті  (Бұқар  жырау,  Ақтамберді  жырау,  Төле  би, 

Қазыбек  би,  Əйтеке  би  жəне  т.б.),  Қазақстан  тарихын,  этнографиясын, 

географиясын ресейлік ғалымдардың зерттеуі, ғылыми экспедициялар; 

қорытындылау. 

42.

 

«ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» (14 сағат): 



Қазақстанда  хандық  биліктің  жойылуы,  ХІХ  ғасырдың  бірінші 

жартысындағы  Қазақстанның  əлеуметтік-экономикалық  жəне  саяси  дамуы, 

Қазақстандағы  хандық  биліктің  жойылуының  себептері, «Сібір  қырғыздары 

туралы  Ереже», «Орынбор  қырғыздары  жөніндегі  Ереже» (Орта  жəне  Кіші 

жүздегі хандық биліктің жойылуы); 

Қазақстандағы  əкімшілік-территориялық  басқару,  əкімшілік  басқару  мен 

территориялық бөліністің жалпы сипаттамасы, ішкі жəне сыртқы округтардың 

құрылуы, салық жүйесінің құрылуы, сот реформасы;  

Қазақстандағы ХІХ ғ. бірінші жартысындағы патшалық Ресейдің отарлау 

саясаты,  Қазақстандағы  отарлық  биліктің  нығаюы,  əскери  бекіністер  мен 

шептер салу арқылы отарлау; 

Ақмола тарихы, Ақмоланың негізінің салынуы, Ақмола туралы алғашқы 

мəліметтер, Ақмола – сауда жəне мəдениет орталығы; 

Бөкей 


хандығы, 

Бөкей 


хандығының 

құрылуы 


(территориясы, 

шаруашылығы,  əкімшілік  жəне  саяси  жағдайы),  Бөкей  жəне  Жəңгір  хандар 

тұсындағы  Бөкей  Ордасының  экономикалық,  əлеуметтік,  саяси  жəне  мəдени 

дамуы; 


1836-1838  жж.  Бөкей  ордасындағы  қазақтар  көтерілісі  (көтерілістің 

себептері,  негізгі  кезеңдері  мен  шайқастары),  көтеріліс  жетекшілері  (Исатай 

Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлы),  көтерілістің  жеңілу  себептері,  тарихи 

маңызы; 


ХІХ ғ. бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары, 

Жоламан  Тіленшіұлы (1822-1825 жж.),  Қасым  Абылайұлы  жəне  Саржан 

15 

 


 

Қасымұлы (1825-1836 жж.) бастаған ұлт-азаттық қозғалыстар (себебі, қозғаушы 

күші, көтеріліс барысы), көтерілістердің қорытындылары, тарихи маңызы; 

1837-1847  жылдардағы  Кенесары  Қасымұлы  бастаған  ұлт-азаттық 

қозғалыс  (ұлт-азаттық  қозғалыстың  себептері,  мақсаты  жəне  қозғаушы 

күштері), негізгі кезеңдері жəне қозғалыстың басталуы; 

Кенесары Қасымұлы (тұлға жəне саясаткер), Кенесары хандығы; 

Кенесары  Қасымұлы  бастаған  қазақ  халқының  ұлт-азаттық  көтерілісінің 

шешуші  кезеңі,  патша  үкіметінің  ұлт-азаттық  қозғалысқа  қатысушыларға 

қолданған  жазалау  шаралары,  Кенесарының  өлімі,  көтерілістің  жеңілу 

себептері, тарихи маңызы; 

қорытындылау. 

43.

 

«Қазақстанның  Ресейге  қосылуының  аяқталуы  (ХІХ  ғ. 40-60 жж.) (6 



сағат): 

ХІХ  ғ. 40-60 жж.  Ресей  жəне  Ортаазиялық  мемлекеттер,  ХІХ  ғ. 40 – 

жылдары  қазақтардың  Қоқан,  Хиуа  жəне  Ресеймен  қарым-қатынастары,  Ресей 

империясы  əскерлерінің  Қазақстанның  оңтүстік  жəне  оңтүстік-шығыс 

аймақтарын жəне Орта Азияны жаулап алуы; 

Қазақстанның  Ресей  империясына  қосылуының  аяқталуы,  Жетісуды 

отарлау  тəсілдері,  бекіністердің  салынуы,  қалалардың  (Қапал,  Верный,  Лепсі, 

Талғар,  Есік)  негізінің  қалануы,  патша  əскерлерінің  Əулиеата,  Шымкент  жəне 

т.б. қалаларды жаулап алуы, қоқандықтардың Жетісудан ығыстырылуы; 

Қазақстанның Ресейге қосылуының салдары мен маңызы, Қазақстандағы 

патша  əкімшілігінің  отарлау  саясатының  күшеюі,  Қазақстан  аумағындағы 

(Жайықтық,  Сібірлік,  Орынборлық  жəне  Жетісулық)  казак  əскерлері, 

Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи маңызы; 

қазақ  халқының  Хиуа  үстемдігі  мен  патша  əкімшілігінің  отарлау 

саясатына  қарсы  азаттық  күресі,  Сырдария  қазақтарының  экономикалық 

жағдайының  нашарлауы,  Сырдария  қазақтарының  Жанқожа  Нұрмұхамедұлы 

мен Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісі (себептері, барысы, тарихи маңызы); 

қорытындылау. 

44.

 

«Қазақстанның  ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  мəдениеті» (6 



cағат): 

азақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы материалдық мəдениеті 

(шаруашылығы,  қазақтардың  тұрмысы  мен  тұрғын  үйлері,  қолөнер,  еңбек 

құралдары,  соғыс  қарулары  мен  сауыт-саймандары),  архитектуралық 

ескерткіштері, қала мəдениеті; 

Қазақстандағы  халық  ағарту  ісі,  мұсылмандық  білім  беру  жүйесі 

(мектептер  мен  медреселер),  орыс  тілінде  оқытатын  оқу  орындары («Азиялық 

мектеп»,əскери оқу орындары); 

Қазақстандағы  ғылыми-зерттеу  жұмыстары,  географиялық  зерттеулер, 

Қазақстанның  тарихи  жəне  этнографиялық  зерттелуі,  жер  аударылған  басқа 

ұлт өкілдерінің Қазақстанды зерттеудегі рөлі; 

16 


 

 

қазақ  əдебиеті,  қазақ  əдебиетінің  негізгі  бағыттары,  көрнекті  өкілдері 

(Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Сүйінбай 

Аронұлы, Нысанбай Жаманқұлұлы); 

музыка өнері, музыка жəне айтыс өнері (жыраулар, сазгерлер,ақындар); 

қазақтардың  рухани  мəдениеті,  дін,  қазақ  халқының  салт-дəстүрлері, 

ұлттық мейрамдар. 

45.


 

«ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан» (12 cағат): 

Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформалар, Қазақстанда реформа 

жүргізудің себептері, дала комиссиясы (1865-1867жж.);  

1867-1868 жылдардағы «Басқару туралы уақытша ережелер», облыс, уезд, 

болыс жəне ауылдардағы əкімшілік басқарудағы өзгерістер; 

Қазақстандағы патша əкімшілігінің қоныс аудару жəне жер саясаты, орыс 

шаруаларының  Қазақстан  аумағына  жаппай  қоныс  аударуы,  қазақтардың 

құнарлы жерлерінің тартып алынуы, олардың ығыстырылуы; 

Қазақстанның  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  əлеуметтік- 

экономикалық  дамуы,  қазақтардың  көшпелі  шаруашылығындағы  өзгерістер, 

өндіріс  орындарының  жəне  жұмысшылардың  пайда  болуы,  Қазақстан 

өнеркəсібіне  ресейлік  капиталдың  енуі,  темір  жолдардың  салынуы,  қалалар, 

сауда, жəрмеңкелер, ресейлік банк бөлімшелерінің пайда болуы; 

1860-1870 

жылдардағы 

азаттық 

күрес, 


Торғай 

жəне 


Орал 

облыстарындағы  көтерілістердің  себептері  мен  барысы,  Маңғыстаудағы 

көтеріліс,  патшаның  жазалаушы  əскерлерінің  азаттық  күрестің  негізгі 

ошақтарын басуы, көтеріліс қорытындылары мен маңызы; 

ХІХ 

ғасырдың 80-90 жылдарындағы 



əкімшілік-территориялық 

реформалар, 1886 -1891 жылдардағы  «Басқару  туралы  ережелер...»,  Түркістан 

жəне Дала генерал-губернаторлықтары, реформалардың мазмұны мен салдары; 

ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  қазақ-қытай  қатынастары,  сауда 

қатынасының дамуы ( Бұқтырма, Петропавл, Семей бекіністерінің Шыңжаңмен 

сауда жүргізетін орталықтарға айналуы), Жетісуға ұйғырлар мен дұңғандардың 

қоныс аударуы; 

қорытындылау. 

46.

 

«Қазақстанның  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  мəдениеті» (7 



cағат): 

ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  Қазақстанды  зерттеу  (Семенов–

Тянь–Шанский,  Г.Н.Потанин,  В.В.  Радлов  зерттеулері),  өлкені  этнографиялық 

зерттеу ( М.Шорманұлы, М. Бабажанұлы, А.Диваев); 

1860-1870  жылдардағы  оқу-ағарту  мекемелері  мен  ғылыми  қоғамдар, 

1860 -1870 жылдардағы  Қазақстандағы  жер  аударылған  революционерлердің 

қызметі, кітапханалардың ашылуы, діни жəне зайырлы білім беру мекемелері, 

жадидиттік жəне жаңа əдістемелік мектептер; 

Шоқан  Уəлиханов (1835-1865 жж) – қазақтың  ұлы  ғалымы, 

Ш.Уəлихановтың  өмірі  мен  ғылыми  қызметі,  Қашғарияға  саяхаты, 

Ш.Уəлихановтың өмірінің соңғы жылдары; 

17 


 

 

Ы.  Алтынсарин (1841 – 1889 жж.) – ағартушы,  жаңашыл-педагог,  қоғам 

қайраткері,  Ы.Алтынсариннің  өмірі  мен  шығармашылығы,  халық  ағарту 

саласындағы 

қызметі, 

ғылыми-этнографиялық 

зерттеулері, «Қырғыз 

хрестоматиясы»; 

Абай 

Құнанбайұлы (1845-1904 жж.), 



Абайдың 

өмірі 


мен 

шығармашылығы,  Абай  Құнанбайұлы – ұлы  ойшыл,  қазақ  жазба  əдебиетінің 

негізін салушы, Абай – аудармашы; 

бейнелеу  өнері  жəне  музыка,  белгілі  суретшілердің  шығармаларындағы 

Қазақстан  тақырыбы  (Т.Шевченко,  В.Верещагин,  Н.Хлудов),  музыка  өнері, 

қазақ  күйшілері  (Құрманғазы  Сағырбайұлы,  Тəттімбет  Қазанғапұлы, 

Даулеткерей Шығайұлы жəне т.б.); 

қорытындылау. 

47.

 

«ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан» (8 cағат): 



ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басындағы  Қазақстанның 

əлеуметтік-демографиялық  дамуы, 1897 жылғы  І  Бүкілресейлік  санақ,  халық 

санының динамикасы, халықтың этникалық құрамы; 

ХХ  ғ.  басындағы  Қазақстанның  экономикалық  дамуы,  қазақтардың 

көшпелі мал шаруашылығы, егіншілік, Столыпиннің аграрлық реформасы жəне 

шаруалардың Қазақстанға жаппай қоныстануы; 

ХХ  ғ.  басындағы  Қазақстан  өнеркəсібіндегі  шетел  капиталы,  өңдеу,  тау-

кен  өндірісі  жəне  тасымалдау,  қалалар,  сауда,  жəрмеңкелер,  темір  жолдардың 

құрылысы; 

ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай, 1905-1907 жж. революция 

кезіндегі жұмысшылар жəне аграрлық қозғалыстар; 

ХХ  ғ.  басындағы  Қазақстан  мəдениеті,  білім,  ағарту,  ғылым,  əдебиет, 

музыкалық өнер, Қазақстанның дəстүрлі қолөнері мен өнері. 

қорытынды қайталау. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет