Нейрондық желілердің негізгі түсінігі



Pdf көрінісі
бет17/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,08 Mb.
#21770
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
 

 

 

 

 

 

 

 

 


23

 



Нейрондық  желілердің  ақпараттық  модельі  және  адамның  бет-

әлпет эмоциясын тану жүйесі 

 

2.1 

Нейрондық желілердің жұмыс жасау принципі 

 

 



Нейрондық желілер дейндрит арқылы ақпаратты қабылдап, аксон арқылы 

желідегі  келесі  нейронға  жіберетін  нейрон  жұмысына  қарапайым  мысал 

келтіріп көрелік. Сіз досыңызбен бір дәмхананың жазғы алаңқайында орырсыз 

делік. Сыртта отырғандықтан, құлағыңыздың дабыл жарғағындағы тербелістер 

арқылы сезілетін түрлі дыбыстарды естисіз. Ол ішкі құлаққа тербеліс жібереді. 

Өз  кезегінде  тербелісті  қабылдайтын  түкшелі  жасушалар  арнайы  сұйықтықта 

тербеледі. Осы жасушалар нейрондарға сигналдар жібереді. Тізбектегі бірінші 

нейрондар  тербеліс  жиілігін  анықтап,  мағынасын  келесілеріне  жодайды.  Ал 

келесі  нейрондары  шуды  түрлеріне  қарай  ажыратып,  ұқсастығы  бойынша 

бірнеше  каналға  бөледі.  Мұнан  әрі  ми  шу  туралы  қабылданған  ақпараттың 

арасынан  көліктің  дыбысын  ажыратады.  Артынша  оның  жеңіл  немес  жүк 

көлігінен  шыққан  дыбыс  екендігін  анықтайды.  Жинақталған  тәжірибеге 

сүйеніп,  миымыз  дыбыы  арқылы  көліктерді  қозғалтқышының  көлеміне  қарай 

топтастырады. Бірақ досыңызбен әңгімелесіп отырғандықтан, ми  досыңыздың 

сөзін  ең  басты  дыбыс  ағымы  ретінде  ажыратады.  Осы  кезде  көзіңізді 

жұмсаңызда,  досыңыздың  сөйлеп  жатқандығын  түсініп,  дауысынан  тани 

аласыз.  Оның  сөзін  жекелей  түсініп  қана  қоймай,  интонациясын,  көңіл 

күйін(эмоциясын),  әр  сөзінің  мағынасын  түсінесіз.  Мұның  барлығы  ішкі 

құлағыңыз  қабылда,  мыңдаған  нейрондар  өңдеген  ауадағы  қарапайым 

тербелістер арқылы жұзеге асады.  

Жасанды нейрондық желілердің мақсаты – дәл осы жоғарыдағы процесті 

қайталау. Бірақ ол арнайы оқусыз мүмкін емес. Біз дүниеге келген бойда сөздер 

мен  өзге  заттардың  дыбыстарын  бірден  ажырата  алмаймыз.  Уақыт  өте  келе 

миымызда  жинақталған  ақпарат,  тәжірибелердің  көмегімен  дыбыстарды 

ажыратуды үйрене бастаймыз. Өмірге келген сәттен бастап өзін “ана” ретінде 

таныстыратын  әйелді  үнемі  көреміз.  Сонда  да  “ана”  сөзін  айту  үшін,  оны 

белгілі  бір  адаммен  байланыстыру  үшін  1  жылдан  астам  уақыт  қажет. 

Айтпақшы, адам сөйлеген кезде ауыз қуысында тіл мен тістің арасында қандай 

байланыс  әрекеттестік  болып  жатқандығын  көре  алмағандықтан,  дыбыстауға 

байланысты  қиындықтар  туындайды.  Сондықтан  оны  тәжірибе  жүзінде 

байқауға немесе білім алуға тырысамыз. Дәл осы сияқты, жасанды нейрондық 

желілерді ұғыну үшін де білім қажет. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет