Некеден кейін әйел бақыты


Партнерды уайымдау – қалыпты. Уайым әрекетке



Pdf көрінісі
бет118/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   173
 
Партнерды уайымдау – қалыпты. Уайым әрекетке 
итермелейді.
Мысалы, күйеуіңіз сіз ауырып жатқанда киімін өзі 
үтіктеп жатса, сіз оны уайымдап, шыдай алмай, ауырып 
жатқан жеріңізден тұрып, күйеуіңіздің қолынан үтікті 
алып өзіңіз үтіктей саласыз. Уайымдағаннан шыдай алмай 
кетесіз. Араларыңызда уайымның жеткілікті дәрежесінен 
асып кететініңіз бар. Уайымдағаннан еркектің жұмысын 
оның орнына жасап кетесіз, уайымдағаннан кредитті жаба 
саласыз, уайымдағаннан үйдің бүкіл қажеттілігін өзіңіз 
сатып аласыз. Бұндай уайым сіздің онсыз да 
психологиялық түрде әлсіз партнерыңызды әлсіретеді. 
Оның алға жылжуын тоқтатады. Партнерыңыз өзінің 
қолынан келетін дүниені іштей жасай алмаймын деп ойлап 
қалады. Бұлай жалғаса беретін болса, келесіде ол тіпті 
мүлдем жасағысы келмей, сол шаруаны сізге ысырып 
тастайтын болады. Мұндай жағдайда сізге не істеу керек? 
Психоаналитиктердің айтуы бойынша, сіз сол адам жайлы 
ойыңызды өзгертуіңіз керек екенсіз. «Мен оған сенемін


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
188 
оның қолынан келеді, ол жауапкершілігі жоғары адам» деп 
ойлау керексіз. Ойлап қана қоймай, бұл сөздерді сол 
адамның өзіне айту керексіз. Білемін, бұл сөздерге өзіңіз 
де сеніңкіремей тұрғаннан кейін айту қиын. Өзіңіз 
ойланып көріңізші, ол бір іс жайлы «менің қолымнан 
келмейді» деп өзіне сенбей тұрса, сіз де «қолыңнан 
келмейді» деп айтатын болсаңыз, ол қандай күйде болады?
Әрдайым күйеуіңіздің орнына оның міндетін жасай 
салатын болсаңыз, сіз оған жақсылық жасадым деп ойлап, 
керісінше зияныңызды тигізесіз. Еріңіз әрдайым өзінде 
болған сәтсіздіктерге сізді кінәлай беретін болады. «Сен 
маған ескерткен жоқсың, сенің кесіріңнен осылай болды, 
сенің көзің өтіп кетті» деп үнемі басқаларды кінәлай 
беретін болады. Осыны есте сақтаңыз.
Кез-келген күйеуіңіздің орнына «қолынан келмейді-
ау» деп ойлап, бірдеңе жасайын деп жатқанда «мен оның 
өмірінде болмаған кезде өзі жасады ғой, мен үйде 
болмасам өзі жасайтын еді ғой» деп ойлаңыз. Тағы бір 
амал ретінде еріңізге қызығушылықпен қараңыз. Орысша 
айтқанда сізде «заинтересованность в том, что он делает» 
болуы керек. Үйде мысалы шеге қағып жатса, «істей алмай 
жатыр» деп емес, «қалай істейді екен» деп қызығушылық 
танытсаңыз, миыңызда қызығушылық таныту және сену 
сезімі пайда болады. Бұның барлығы сіз өзіңізді бірінші 
орынға қойып үйренуіңіз үшін керек. Мен құр сөзбен 
«Өзіңізді жақсы көріңіз, өзіңізді бірінші орынға қойыңыз» 
деп айта салуыма болар еді. Бірақ әрекетке келгенде құр 
сөз жеткіліксіз болады. Салдарымен емес, себебімен 
жұмыс жасау керексіз. Ал алғашқы себебі осы-шектен тыс 
уайым. Кез-келген адамда аналық инстинкт болады. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет