Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет150/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   173
Некеден кейін әйел бақыты

 
243 
«раппорт» болмайды, яғни енеңізден өзгешеленіп 
тұрсаңыз, ол сізге сенім артпайтын болады. Келін болу- 
сол үйдің ережесін, заңын, принциптерін толық қабылдау, 
мойынсұну және өзгертуге тырыспау. Сіз ата-ененің сатып 
алынған үйінде тұрсаңыз, онда ол үйге бағынуға тиістісіз. 
Ал өз ақшаңызға алынған үйде тұрсаңыздар, онда сол 
үйдің ережесін жазатын өзіңіз боласыз. Сонымен, ененің 
үй шаруасына көзқарасы сіздікінен өзгеше дедік. Не 
істейміз?
 
 
3-ші ереже: 
 
Сол үйдің ережесін толық зерттеу керек. Сырттан 
бақылаңыз, және міндетті түрде енеңізден үйдің ережелері 
жайлы сұраңыз.
 
Қарапайым сұрақтар: 

Тамақты пісіргенде, тұзын көп салғанды ұнатасыз 
ба? 

Кешегі тамақты не істеу керек? (біреуі жылыта 
салады, біреуі итіне береді) 

Қанша күн сайын пол жуып тұру керек? (шаң сүрту, 
пылесос, уборка) 

Түскі ас, кешкі ас қаншада дайын болу керек? 

Қандай тағамдар ұнайды? (атадан, енеден бөлек 
сұрау) 

Таңғы асқа ыстық тамақ ішесіздер ме, каша 
жейсіздер ме әлде жұмыртқа т.б 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
244 
Осы сияқты үйдің әр білмейтін, бірақ білу керек 
нәрселерді енеңізден ұялай тіке сұрап тұрыңыз. Өміріңіз 
жеңілдейтіні анық, және енеңіз де сізге айтуға ұялмайтын 
болады. Әдетте, келін ештеңе сұрамаса, кейбір енелер 
ақыл айтып, «мынаны да білмейсің ба не», «біздің үйде 
былай» деп тиісіп айтып қала алады, ал кейбір енелер 
айтуға ұялып, сізге іштей көңілі толай, ал көңілін өз 
туыстарына айтып жая салады. Оның мақсаты сізді 
ренжітпеу ғой, бірақ одан пайда жоқ, себебі сізді 
ренжітетіндей сыртқа өсек айта алады. Сондықтан, сіз де 
енеңізге ренжімеу үшін алғашқы күннен бастап барлық 
үйдің шаруасына қатысты сұрақтарды еркелеп, күліп 
сұрап алу керексіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет