Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет48/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   173
Некеден кейін әйел бақыты

 
77 
болсын, ұмытып кетпесін, келесі жолы есінде сақтап 
қалсын деп сөйлейміз, ұрысамыз. Бірақ бұның кері әсері 
бар, балаға да еркекке де. 
Біріншіден, сіздің еріңіз бала емес, ол ересек адам. 
Егер еріңіз шынымен өзін ересек адам сияқты 
ұстағанын қаласаңыз, оған өз өміріне жауапкершілік 
алуға мүмкіндік беруіңіз керек. Егер ол сізге «есіме 
салшы» деп өтініш білдірсе, онда есіне салуыңызға 
болады, бірақ қандай мәнерде? 
Ер адамға кез-келген нәрсені айтып жатқанда өзіңізді 
хатшы сияқты ұстаңыз. Хатшының бастықпен сөйлесіп 
жатқанын елестетіңізші. Хатшы қалай сөйлейді? 
«Сейсенбі күні кешкі сағат 18:00 - де кездесуіңіз бар. 
Ұмытып кетпеңіз». Хатшы жұмсақ сөйлейді. «Жаным, 
кілтіңді ұмытып кетпе, жарай ма?» - деген сияқты жұмсақ 
сөйлеуіміз керек. Бұл жерде ең маңыздысы - дауыс мәнері. 
Сөзімізді, тілімізді жұмсартып, майдалатып, анасы сияқты 
емес, әйел сияқты нәзік, жұмсақ сөйлеп үйренуіміз керек. 
Ер адамның есіне салу да үлкен еңбек. Бірақ есіне салсаңыз 
да, ол ұмытып кетсе, азанда оят дегенде сіз оятып, бірақ ол 
тұрмаса, онда бір нәрсені ұмытпаңыз. Бұл ер адамның өз 
таңдауы! Ер адамның таңдауы сіздің жауапкершілікте 
емес, яғни сіз еріңіздің әр қадамы үшін жауапты емессіз. 
Ал егер сіз еріңіз үшін жауапты болмасаңыз, бұдан тағы 
бір ереже туындайды. Бастық хатшысының сөзін 
бұлжытпау орындауға міндетті емес. Бастық өзі біледі
сіздің міндетіңіз оның есіне салу ғана. Егер еріңіз есіне 
салған соң да дәрісін ішпесе, оянбаса, кешіксе, жұмысын 
жасамаса, шегесін қақпаса, қоқысты тастамаса, бұл оның 
өз таңдауы және жауапкершілігі, сіз еріңізге «анасы» 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
78 
сияқты тақылдап ұрысып, тергеп, ренжімеуіңіз керек. Тағы 
хатшысы сияқты есіне салыңыз, бірақ «туууу, жаңа айттым 
ғой, тағы ұмыттың ба не, неге айтқыза бересің» деп 
ұрыссаңыз, еріңізден жылы лебіз бен өз өміріне 
жауапкершілігін алуды күтпесеңіз болады. Кейбіріңіз 
«тууу» деуден сорақысын да жасауыңыз мүмкін, ол 
еріңіздің жауапкершілігін өз мойныңызға алу. Яғни 
«қоқысты лақтыра салуға ұмытып кетпеші, жаным» деп 
алып, еріңізді күтуге сабырыңыз жетпей, ақыры өзіңіз 
істей саласыз. Бұл қылығыңызбен еркектің аяушылығын, 
өкіну сезімін оятамын деп ойлайтын шығарсыз, бірақ 
еріңіз сізге қарап тек қана іштей қуанады. «Жақсы болды 
ғой, келесі жолы тағы ұмытып кете салам, ал менің 
жұмысымды әйелім істеп береді» дейді. Сондықтан сізге 
бүгіннен бастап үлкеен сабырға толу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет